Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

admin by admin
4 декабря, 2025
Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

Жетісу облысында орта және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде  балаларды тамақтандыру сапасы мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылайтын қоғамдық штаб жұмыс істейді. Осы жылдың қазан айында құрылған штабтың құрамындағы жергілікті мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалының, барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестер мен «AMANAT» партиясы облыстық филиалының мүшелері және белсенді азаматтар екі ай ішінде өңірдегі 416 білім мекемесіне, соның ішінде жекеменшіктегі мекемелерге де  мониторинг жүргізді, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

«Қоғамдық бақылау туралы» Заңның аясында жүргізілген мониторинг барысында қоғамдық штаб өкілдері тамақтану сапасы мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты негізгі мәселелерден бөлек, санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптардың сақталуына, температуралық режимге, іс жүргізуге, оқушыларды автобуспен тасымалдауға ерекше назар аударды. Сондай-ақ олар білім беру нысандарында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына қатысты мәселелерді де қарастырды.

Балалардың қауіпсіздігі мәселесіне қатысты облыстық білім басқармасының басшысы Дәурен Жүнісов:

— Өңірдегі 422 білім беру ұйымының барлығы бейнебақылау камераларымен толық қамтамасыз етіліп, Полиция Департаментінің жедел басқару орталығына қосылған. Сол сияқты барлық білім беру ұйымдарында «Дабыл түймелері» қойылып, жергілікті полиция басқармаларының кезекші бөліміне қосылды. Бүгінгі күні 296 білім беру ұйымында 518 дана турникет орнатылды. Облыс бойынша 210 білім беру ұйымы 253 штаттық бірлікте арнайы мамандандырылған күзетпен қамтамасыз етілген. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, — деді өз сөзінде.

Қоғамдық штаб өкілдерінің айтуынша, мониторинг қорытындылары білім беру сапасын одан әрі жүйелі түрде жақсартудың негізіне айналады.

— Балалардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мәселелерін қоғамдық бақылау – аталған мәселерге қатысты мәліметтерді жинақтау, талдау және бағалау ісін қамтитын кешенді жұмыс. Біздің мақсатымыз – туындаған мәселелерді анықтап, оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу. Ал бұл ұсыныстарды іске асыру өңірде заманауи әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұндай мониторинг шараларын облыс көлемінде әр тоқсан сайын жүргізіп тұрамыз, — деді «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын.

Жалпы, биыл өңірде 3 мектептің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда, «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында Алакөл ауданының Достық ауылында 600 орындық, Ақсу ауданының Көлтабан ауылында 120 орындық, Панфилов ауданының Талды ауылында 300 орындық мектептер пайдалануға берілді. Тағы 4 мектептің құрылысы жалғасуда, яғни Кербұлақ ауданының Көксай ауылында, Панфилов ауданының Суптай ауылында, Текелі қаласында және Талдықорған қаласында жалпы 680 орынға арналған білім нысандары салынып жатыр, келесі жылы пайдалануға беріледі. Сол сияқты 7 мектепке күрделі жөндеу жүргізіліп, соның 5-еуінде жөндеу жұмыстары аяқталды, ал қалған 2 мектепте құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толық бітеді. Бұдан бөлек, биыл 14 мектепте, 5 балабақшада және 1 лагерьде – жалпы саны 30 білім беру нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал келесі жылы 25 мектеп, 2027 жылы тағы 25 мектеп жөндеуден өтеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фототілшілер: Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков,

сондай-ақ, фотосуреттерді «AMANAT» партиясының облыстық филиалы ұсынды

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Ақмола облысындағы орақ науқаны рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

Келесі жаңалық

Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналармен бірлескен жоба қолға алынды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналармен бірлескен жоба қолға алынды

Жетісуда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналармен бірлескен жоба қолға алынды

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Үкімет Жезқазғандағы су мәселелерін шешуге 1,8 млрд теңге бөлді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Самат Ерғалиев ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды

15 ноября, 2021
Сәттілікпен бөліс: «Кселл» ұтысының жеңімпаздары қайырымдылыққа қаржы аударады

Сәттілікпен бөліс: «Кселл» ұтысының жеңімпаздары қайырымдылыққа қаржы аударады

30 сентября, 2024
Думан Таев Шымкент қаласының полиция департаментін басқарады

Думан Таев Шымкент қаласының полиция департаментін басқарады

29 августа, 2023

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.