Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Талап ету құқықтарын басқаға беруге ҚҚС қосымша есептеу: игі ниет пе, әлде тұйық жол ма?»

admin by admin
2 декабря, 2025
«Талап ету құқықтарын басқаға беруге ҚҚС қосымша есептеу: игі ниет пе, әлде тұйық жол ма?»

Өткен жұмада Smart Point Almaty кеңістігінде Қазақстан коллекторларының қауымдастығы ұйымдастырған талап ету құқықтарын басқаға беру операцияларына қосылған құн салығын қосымша есептеу тәжірибесін талқылауға арналған ашық дөңгелек үстел өтті.

Байланысты

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

Талқылауға коллекторлық қызметтер нарығының қатысушылары, тәуелсіз қаржы сарапшылары, сондай-ақ салық органдарының өкілдері қатысты.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – цессия келісімшарттарына ҚҚС қолданудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік салдары болды. Дөңгелек үстел қатысушыларының пікірінше, бұл мәселе таркәсіби пікірталас шеңберінен әлдеқашан шығып кеткен, себебі ол миллиондаған қарыз алушылар мен елдің банк секторының мүдделеріне қатысты.

Қазақстан коллекторлары қауымдастығының басшысы Омар Мәулен Асқарұлы атап өткендей, талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде салық салынатын айналым туындамайды, сондықтан ҚҚС төленбеуі тиіс.

«Бұл операция кезінде тауар немесе қызметтің сатылымы жоқ, себебі сатып алушы, орындалған жұмыстарға актілер немесе коллекторлық агенттіктер тарапынан шығарылған шот-фактуралар жоқ. Банк өз құқықтарын сатады, борышкерлер өз міндеттемелерін орындайды, ал коллекторлық агенттік өзіне қызмет көрсете алмайды», –деп атап көрсетті ол.

Бұл тұжырымды «Эксперт Плюс» коллекторлық агенттігі» ЖШС бас директоры Асхат Усманов та қолдады. Оның пікірінше, салық органдары формалды логикаға сүйенеді – айналым болса, ҚҚС төленуі керек деп есептейді. Алайда мәселе мынада: ҚҚС – қосылған құн салығы, ал цессиякезінде қосылған құн жасалмайды, жаңа экономикалық пайда туындамайды, тек кредитор ауысады.

«Ең алдымен, талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде ҚҚС қосымша есептеу мәселесі – бұл саланың мемлекетпен қақтығысы емес екенін айтқым келеді. Бұл проблемалық қарыздармен жұмыс істеу моделінің өміршеңдігіне қатысты мәселе. Сондықтан цессияны сатылыммен теңестіру – мәміленің экономикалық мәнін формалды бухгалтерлік логикамен ауыстыру болып табылады. Мұны әлемдік тәжірибе де растайды, өйткені бүкіл әлемде кредиттер, қарыздар және борыштар айналымымен байланысты қаржылық операциялар ҚҚС-тан толығымен босатылады немесе арнайы салық режимінде жүзеге асырылады», – деді ол.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Коллекторлық агенттіктердің өкілдері қосымша назарды ҚҚС енгізудің әлеуметтік салдарына аударды. Олардың пікірінше, салықтық жүктеменің артуы қайта құрылымдау шарттарының қатаңдауына, қарыздарды кешіру көлемінің азаюына және қарыз алушылармен ымыраға келу дайындығының төмендеуіне әкеледі. Нәтижесінде онсыз да қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтарға қосымша салық жүктемесі іс жүзінде артылуы мүмкін.

«Салықты сала төлемейтінін атап өту маңызды. Яғни, «Бизнес салық төлеуі керек» деген ұрандар әдемі көрінгенімен, іс жүзінде барлық төлемдер ақшалай ағынның көзіне, яғни қарыз алушыға аударылады. Бұл салық органдары тұрғысынан дұрыс па, мемлекетке тиімді ме? Менің ойымша, бұл мәселені талқылау қажет», – деп атап өтті «М.Б.А. Финансы» Коллекторлық агенттігі» ЖШС басшысы Батыржан Ахметов.

Дөңгелек үстелде «Борыштарды өндіріп алу департаменті «Коллекторлық агенттігі» ЖШС атынан қатысқан Жанна Қасымның пікірінше, мемлекеттік органдар қосылған құн салығын қосымша есептеуді әлеуметтік әл-ауқат мәселесі ретінде қарастыруы тиіс.

«Қарызы бар адам – қаржылық шектеулерден туындаған тұрақты күйзеліс жағдайында өмір сүретін адам. Бұл ретте, біз банк пен коллекторлық агенттік арасындағы басқаға беру шарты қарыз алушы үшін байқалмай өтетінін, ол үшін бұл жай ғана кредитордың ауысуы екенін нақты білеміз. Алайда осы жағдайға ҚҚС енгізілуі қарыздан шығу құнын өзгертеді. Тіпті формальды түрде қарыз сомасы артпаса да, шарттар бәрібір қатаңдатылады, есептен шығарулар сирек болады және коллекторлар ымыраға келуге дайын болады», – деп санайды ол.

Өз тарапынан салық органдарының өкілдері де өз позицияларын білдірді. Олардың пікірінше, талап ету құқықтарын басқаға беру жөніндегі келісімшарттар ҚҚС-тан босатылған ақшалай нысандағы кредит беру қызметтеріне жатпайды. Осыған байланысты салықты қосымша есептеу бастамасы туындаған.

Талқылау барысында банк секторы үшін ықтимал тәуекелдер тақырыбы да қозғалды. Дөңгелек үстелге қатысушылар талап ету құқықтарын басқаға беру банк теңгерімдерін проблемалық активтерден тазартудың, капиталды босатудың және өтімділікті қолдаудың негізгі құралы болып табылады деген ортақ пікірге келді. Бұл тетікті шектеу уытты активтердің өсуіне, кредиттерге қолжетімділіктің төмендеуіне және халық пен бизнес үшін қарыз қаражатының қымбаттауына әкелуі мүмкін.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, «ФА Альянс Финанс Коллекторлық агенттігі» ЖШС басшысы Игорь Панфиловатап өткендей, талап ету құқықтарын басқаға беру кезінде ҚҚС қолдану мәселесінде консенсусқа қол жеткізілмесе де, өзара талқылаудың өзі мемлекет пен нарық арасында кәсіби және ашық диалог қалыптастыруға маңызды қадам болып табылады.

«Нарық қатысушылары да, мемлекеттік органдар да Қазақстандағы қаржы жүйесінің тұрақты болуын және ережелердің түсінікті әрі болжамды болуын қалайды, сондықтан ашық талқылау өте маңызды. Егер барын сол қалпында қалдырсақ және салық бастамасы қазіргі бағытта дамитын болса, нарықта міндетті түрде сот даулары, талаптар мен барлық қосымша есептеулерге қарсы даулар толқыны пайда болады. Менің ойымша, бұл құқықтық белгісіздік процесі ұзақ жылдарға созылып, көп пайда әкелмейді», – деп ескертті ол.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша Қазақстан коллекторлары қауымдастығында салық салу саласында заңдылық пен айқындылықты қамтамасыз ету, борышкерлер мен коллекторлардың құқықтарын тең дәрежеде қорғау, кемсітушілік пен құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында мәселені әрі қарай реттеушілердің, кәсіби қоғамдастық пен тәуелсіз сарапшылардың қатысуымен талқылау үмітін білдірді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

2026 қысқы портфелі: биылғы маусымның талдаушыларының талдауы

Келесі жаңалық

Ақмола облысындағы орақ науқаны рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Келесі жаңалық
Ақмола облысындағы орақ науқаны рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

Ақмола облысындағы орақ науқаны рекордтық көрсеткіштермен аяқталды

Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

Жетісуда балалар қауіпсіздігі мен оларды тамақтандыру мәселесіне қоғамдық бақылау жүргізілді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

«Қызыл» аймаққа тағы 3 облыс кірді

14 января, 2022
Болашаққа қадам: ерекше ота балаға ауыртпалықсыз жүру мүмкіндігін сыйлады

Болашаққа қадам: ерекше ота балаға ауыртпалықсыз жүру мүмкіндігін сыйлады

10 декабря, 2024
Өскемендегі әуежайдың жұмысына қойылған шектеуге байланысты Алматыға рейс кейінге шегерілді

Өскемендегі әуежайдың жұмысына қойылған шектеуге байланысты Алматыға рейс кейінге шегерілді

31 мая, 2023

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
  • «Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.