Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

FlyArystan Ақтау – Дубай тікелей рейсін іске қосты

admin by admin
29 ноября, 2025
FlyArystan Ақтау – Дубай тікелей рейсін іске қосты

Қазақстандық лоукостер FlyArystan Ақтау – Дубай жаңа халықаралық бағыты бойынша алғашқы рейсті орындады.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Ақтаудан Дубай Халықаралық әуежайына бағытталған FS7617 инаугурациялық рейсі салтанатты түрде өтті: ұшу залына келген жолаушыларды жаңа бағыттың ашылуына арналған түрлі сыйлықтар, тағамдар және арнайы қарсы алу белсенділіктері күтті.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев салтанатты шараның құрметті қонағы болды. Оның қатысуы жаңа халықаралық бағыттың өңір үшін маңызын атап өтті. Жолаушылардан бөлек, іс-шараға әуекомпания серіктестері мен Ақтау Халықаралық әуежайының өкілдері де қатысты.

Ричард Леджер, «FlyArystan» АҚ Президенті:

«Ақтау – FlyArystan үшін стратегиялық маңызы бар қалалардың бірі. Біз Батыс Қазақстан тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашу мақсатында оның маршруттық желісін жүйелі түрде кеңейтіп келеміз. Маңғыстау облысына да, осы өңірден де туристік және іскерлік мақсаттағы сапарларға деген сұраныс жоғары әрі тұрақты екенін атап өтеміз. Дубайға тікелей рейстің іске қосылуы – батыс өңірдегі базамыздың халықаралық әлеуетін арттырудағы маңызды қадам. Біз жолаушыларымыз үшін қолайлы, қолжетімді және сенімді бағыттарды әрі қарай дамытуды жалғастырамыз».

Дубай жыл бойына созылатын туристік маусымымен, заманауи инфрақұрылымымен, оқиғаларға толы мәдени-іскерлік өмірімен және кең бизнес-мүмкіндіктерімен қазақстандықтар арасында ең танымал бағыттардың бірі болып қала береді.

Алғашқы кезеңде Ақтау – Дубай рейсі аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады. Ақтаудан ұшу уақыты – 09:10, Дубайға келу – 11:55. Кері рейс 13:00-де ұшып, Ақтауға 17:50-де қонады. Күндізгі рейстер кестесі және шамамен 3,5 сағаттық ұшу ұзақтығы бұл бағытты отбасымен саяхаттауға, мерекелік сапарларға және қысқа демалыстарға ерекше ыңғайлы етеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Ақтау Халықаралық әуежайы» АҚ Бас директоры Меруерт Жолдыбаева:

«Ақтау – Дубай тікелей рейсінің іске қосылуы Маңғыстау облысы жолаушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына және өңір арқылы транзиттік ағымның өсуіне ықпал ететініне сенімдіміз. Әуе тасымалдаушылар тарапынан артып келе жатқан қызығушылық өңірдің халықаралық маршруттардағы маңызын дәлелдейді және Ақтау әуежайының батыс өңірдегі негізгі көлік торабы ретіндегі рөлін нығайтады. Әуежай өз кезегінде инфрақұрылымды жаңғырту және жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыру стратегиясын жалғастыра отырып, барлық жолаушылар үшін жайлы жағдайлар жасауда».

Қосымша рейстер желтоқсанның 16-сы мен қаңтардың 6-сы аралығында, сондай-ақ 2026 жылдың 10-24 наурызы аралығында сейсенбі күндері орындалады.

Ақтау – Дубай бағыты бойынша әуебилеттер www.flyarystan.com сайтында, FlyArystan мобильді қосымшасында және ресми сату арналары арқылы қолжетімді. Стандартты тарифке борттағы кездейсоқ орын және салмағы 5 кг-ға дейінгі (өлшемі 56 × 23 × 36 см-ден аспайтын) бір дана қол жүгін алып жүру кіреді.

FlyArystan туралы:

FlyArystan – Air Astana тобының 100% еншілес компаниясы болып табылатын қазақстандық лоукостер. Ол өз қызметін 2019 жылдың мамыр айында бастады. Әуекомпания Алматы, Астана және Ақтау қалаларында орналасқан базаларындағы заманауи A320 ұшақтарынан құралған әуе паркімен рейстер орындайды. FlyArystan кең ауқымды маршруттар желісі ішкі және халықаралық рейстерді, сондай-ақ чартерлік бағыттарды қамтиды. FlyArystan 2023, 2024 және 2025 жылдары үш рет Skytrax World Airline Awards тарапынан Орталық Азия және ТМД-ның ең үздік бюджеттік әуекомпаниясы деп танылды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

e-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

Келесі жаңалық

Елдің басты IT-активтері: корпорациялар неге Huawei ICT Competition 2025 байқауын бақылап отыруы тиіс?

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Елдің басты IT-активтері: корпорациялар неге Huawei ICT Competition 2025 байқауын бақылап отыруы тиіс?

Елдің басты IT-активтері: корпорациялар неге Huawei ICT Competition 2025 байқауын бақылап отыруы тиіс?

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы мен қаланың өзге де маңызды нысандары қызғылт сары түске көмкерілді.

Алматыдағы Көктөбе телемұнарасы мен қаланың өзге де маңызды нысандары қызғылт сары түске көмкерілді.

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды

Алма Мұқанова әділет вице-министрі болып тағайындалды

19 апреля, 2022
Тоқаев Әзербайжанға барады

Тоқаев қазақстандықтарды Конституция күнімен құттықтады

30 августа, 2022
Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшысы қызметінен кетті

Ақан Сатаев «Қазақфильм» басшысы қызметінен кетті

28 сентября, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.