Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 5 мыңнан астам үміткердің ішінен іріктелген 186 үздік студент Huawei ICT Competition 2025-2026 байқауының Ұлттық финалына қатысты. Huawei компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған шара 21 қараша күні Астана мен Алматыда қатар өтіп, халықаралық АКТ алаңында Қазақстанның намысын қорғайтын үміткерлерді анықтады.
Биыл Huawei ICT Competition елдегі ең ауқымды студенттік ІКТ-байқаулардың бірі ретіндегі мәртебесін тағы растады. Роудшоу аясында ұйымдастырушылар Қазақстанның 19 қаласындағы 48 университетті аралап, рекордтық 5 245 тіркеу санына қол жеткізді. Бұл жастардың IT мамандықтарына деген тұрақты қызығушылығын көрсетіп отыр.
Ұлттық финал офлайн форматта өтті: Астана IT University қабырғасында 30 қатысушы, ал Алматыдағы Narxoz University базасында 156 қатысушы білімін сынады. Финал барысында қатысушылар желілік технологиялар, бұлтты шешімдер және заманауи АКТ-жүйелер бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде Қазақстанды аймақтық және жаһандық кезеңдерде таныстыратын қатысушылар анықталды.
Huawei компаниясы үшін бұл байқау Қазақстандағы АКТ-таланттарды дамыту мен жергілікті экожүйені қолдауға бағытталған ұзақ мерзімді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады. Компания өкілдерінің айтуынша, байқау форматы тек үздік студенттерді анықтап қана қоймай, индустрия мен білім беру саласы арасында жүйелі диалог орнатуға мүмкіндік береді.
«Huawei АКТ-экожүйені дамыту мен цифрлық кадрларды даярлауды жүйелі түрде қолдап келеді. Рекордтық тіркеу саны және студенттердің жоғары қызығушылығы АКТ бағытының Қазақстан жастары үшін кәсіби таңдау векторының бірі болып келе жатқанын көрсетеді. Huawei ICT Competition студенттерге заманауи технологияларға, халықаралық стандарттарға және салалық сараптамаға қол жеткізуге мүмкіндік береді, ал нарыққа – жаңа буын цифрлық көшбасшылардың қайда қалыптасып жатқанын көруге жол ашады. Биылғы нәтижелер Қазақстанның цифрлық дағдылар бойынша мықты әлеуеті бар екенін көрсетіп отыр, сондықтан біз цифрлық экономиканы ілгерілететін жас мамандарды жүйелі түрде қолдауды жалғастырамыз», – деп бөлісті Huawei Technologies Kazakhstan компаниясының бас директоры Сун Ясюй.
Қабылдаушы университеттерде байқауға қатысу академиялық бағдарламаларды табиғи түрде толықтыратыны атап өтіледі. Бұл студенттерге теориялық білімнің нақты кәсіби міндеттерде қалай қолданылатынын көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ университеттер үшін бұл – технологиялық компаниялармен ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға, тағылымдамалар мен бірлескен жобаларды кеңейтуге, сондай-ақ түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
«Біздің университет үшін Huawei ICT Competition байқауына қатысу – практикаға бағытталған білім беру стратегиясын іске асырудың маңызды элементі. Ұлттық финалды өз алаңымызда өткізу студенттерге нақты бәсекелік орта жағдайында білімдерін тексеруге және дайындық деңгейін индустрия талаптарымен салыстыруға мүмкіндік береді. Huawei сияқты технологиялық флагмандармен серіктестік тағылымдамаларға, бірлескен жобаларға жол ашады, түптеп келгенде түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады», – деді Нархоз Университетінің Цифрлық технологиялар мектебінің директоры Сулиев Расим Ниязович.
Huawei ICT Competition – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы халықаралық студенттік байқау, ол 2015 жылдан бері Huawei компаниясы тарапынан өткізіліп келеді. Байқау ондаған елдер мен өңірлердің университеттері мен студенттерін біріктіреді және көпсатылы іріктеу жүйесіне негізделген.
Ұлттық финал қорытындысы бойынша Huawei ICT Competition байқауының келесі кезеңдеріне жолдама алған және Қазақстанды халықаралық деңгейде таныстыратын команда жасақталды. Осылайша, байқау тек бәсекелік іріктеу алаңы ғана емес, сонымен бірге елдің цифрлық резервін күшейтетін және алдағы жылдары Қазақстанның АКТ-секторының дамуына үлес қосуға дайын жас мамандарды анықтау мен қолдаудың практикалық тетігіне айналып отыр.












Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз