Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Балалармен және нәрестелермен сапар: FlyArystan жолаушылары білуі тиіс барлық ақпарат

admin by admin
20 ноября, 2025
Балалармен және нәрестелермен сапар: FlyArystan жолаушылары білуі тиіс барлық ақпарат

FlyArystan балалармен және нәрестелермен сапарлайтын жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына ерекше мән береді, сондықтан сапарды жоспарлау кезінде балалар мен нәрестелерді тасымалдауда ескерілуі тиіс ережелері туралы жолаушыларын алдын ала хабардар етеді.

Байланысты

Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Кім нәресте болып саналады және әуебилетті қалай дұрыс сатып алуға болады?

Нәресте деп жасы 7 күннен 2 жасқа дейінгі бала есептеледі. Нәрестелер ертіп жүруші ересек жолаушының тізесінде жеке орынсыз тегін ұша алады. Дегенмен, әрбір нәрестеге жеке билет рәсімделуі тиіс және оған отырғызу талоны беріліп, рейске тіркеуден өтуі қажет. Бұл талап ұшу қауіпсіздігі ережелерімен белгіленген.

FlyArystan әуе кемелерінде нәрестелерге арналған апаттық-құтқару жабдықтары шектеулі: 18 құтқару кеудешесі және қауіпсіздік белдігі. Сондықтан әуекомпания рейстегі нәрестелердің нақты санын алдын ала білуі қажет және борттағы балалар санының қатаң шектелуіне байланысты нәрестеге билет рәсімдеуден бас тарту құқығын сақтап қалады.

Маңызды: бір ересек жолаушы тек бір нәрестені ғана ертіп жүре алады. Егер егіз немесе сыңар балалардың ата-анасы екінші ересек жолаушысыз ұшуды жоспарласа, әуебилеттерді рәсімдеуден бас тартылады.

Ересек жолаушының брондауына нәрестені қосу авиабилетті рәсімдеу кезінде, әуежайда қосымша ақы арқылы, сондай-ақ FlyArystan қосымшасындағы жаңа функция көмегімен өздігінен жүзеге асырылады:

  • FlyArystan қосымшасындағы «Менің сапарларым» бөлімінде «Нәресте қосу» қызметі қолжетімді;
  • жолаушы 2 жасқа дейінгі баланы байланыс орталығына жүгінбей-ақ бар брондауға өзі енгізе алады;
  • қызмет тегін, бірақ тек рейске онлайн тіркеуден өткенге дейін ғана жарамды.

Егер тіркеу алдын ала жасалып қойса, оны болдырмауға, нәрестені қосуға және барлық жолаушыларға қайтадан тіркеуден өтуге болады. Бұл қызмет ұшу алдындағы дайындықты жеңілдетеді және балалармен саяхаттайтын жолаушылардың уақытын үнемдейді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Бесік арбалар және аспа бесіктерді тасымалдау 

Бесік арбалар:

  • Брондауда көрсетілген жағдайда, 5 жасқа дейінгі балалар үшін тегін;
  • 56×23×36 см және 10 кг-ға дейінгі жиналмалы арбаны ұшақ салонына алып кіруге болады;
  • Бұл өлшемнен үлкен арбалар – тегін жолжүк ретінде тапсырылады;
  • Арбаны жолаушы өзі жинап, өзі орауы қажет.

Аспа бесіктер:

  • 6 айға дейінгі және салмағы 11 кг-ға дейінгі балаларға арналған;
  • Қызметті ұшуға 24 сағаттан кем емес уақыт бұрын services@flyarystan.com электронды мекенжайы арқылы сұрату қажет;
  • Бірінші қатардан орын сатып алу талап етіледі.
  • Аспа бесіктер саны шектеулі.

Балалар кімдер болып есептеледі және әуебилет қалай рәсімделеді?

Балалар деп ішкі рейстерде жасы 2-ден 14 жасқа дейін (қоса алғанда), ал халықаралық рейстерде 2-ден 11 жасқа дейін (қоса алғанда) болатын жолаушылар есептеледі. Мұндай жолаушыларға жеке орын сатып алынады және олар ересек адамның қасында ғана сапар шеге алады. Ішкі рейстерде 15 жасқа, халықаралық рейстерде 12 жасқа толған жолаушылар ересек ретінде рәсімделеді.

16 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаған жолаушылар заңды өкілінің ертіп жүруінсіз түнгі рейстерге (23:00–06:00) қабылданбайды. Олар өздігінен тек күндізгі рейстерде ғана ұша алады.

Маңызды: ұшу барысында балаңызбен бірге отыру қажет болған жағдайда, әуекомпанияның қосымшасы немесе сайты арқылы брондау кезінде алдын ала орындарды таңдап, сатып алу ұсынылады.

Балалармен сапарлау үшін қажетті құжаттар

Балалардың заңсыз тасымалын болдырмау мақсатында жолаушылардан келесі құжаттар талап етіледі:

  • Ата-аналарымен бірге ұшқанда: туу туралы куәліктің түпнұсқасы немесе e-gov порталындағы электронды құжат.
  • Заңды өкілінің ертіп жүруімен ұшқанда: туу туралы куәлік және нотариалды куәландырылған сенімхат (қағаз түрінде немесе «E-notariat» арқылы QR-кодпен берілген, нотариустың электронды қолтаңбасымен расталған электронды нұсқа). Бұл құжаттың түпнұсқалығын тексеру үшін қажет.
  • Халықаралық рейстер үшін: баланың жеке төлқұжаты және ата-анасының мәртебесін растау үшін туу туралы куәліктің түпнұсқасы немесе e-gov порталындағы электронды құжат.

Маңызды: егер бала кәмелет жасына толған ересек жолаушымен бірге ұшса, екі билет те бір брондауда рәсімделуі қажет. Алайда әуебилеттер бөлек сатып алынған жағдайда, билеттерді сәйкестендіру үшін жолаушы билеттерді сатып алған орынға жүгінуі керек. Бұл жүйеде арнайы белгілер енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Онлайн тіркеу және отырғызу

  • Баласы бар жолаушылар онлайн-тіркеуден өтіп, отырғызу талондарын алдын ала ала алады.
  • Баланың құжаттары мен сенімхаттарын тексеру ұшаққа отырғызу кезінде жүргізіледі.
  • Балалары бар жолаушылар апаттық шығу есіктерінің жанындағы орындарды (12–13-қатар) таңдай алмайды.

Балаларды заңды өкілінің ертіп жүруінсіз тасымалдау

Бұл қызмет ата-анасыз немесе ересек адамдардың ертіп жүруінсіз сапар шегетін 6 жастан 15 жасқа дейінгі (қоса алғанда) балалар үшін ішкі және халықаралық рейстерде қолжетімді. Ересек адамдардың ертіп жүруінсіз балалар тек тікелей рейстерге қабылданады және ұшу уақыты 23:00–06:00 аралығына сәйкес келетін рейстерге, тіпті балама рейстер болмаған жағдайда да, қабылданбайды,

Қызметті ұшуға 24 сағат қалмай тұрып contact.centre@flyarystan.com электрондық поштасына немесе турагенттік арқылы рәсімдеу қажет және ол әуекомпания растағаннан кейін ғана көрсетілген тарифтер бойынша орындалған болып есептеледі.

Маңызды: ұшу күнін өзгерткен жағдайда, баланың билеті қызметпен бірге автоматты түрде қайта брондалмайды. Алдымен FlyArystan байланыс орталығына (+7 727 331 10 10) немесе турагенттікке хабарласып, қызметті ауыстыру мүмкіндігін растау қажет. Тек содан кейін ғана таңдалған тариф аясында билет күнін өзгертуге болады.

Құжаттар және өтініш

  • Ересек адамдардың ертіп жүруінсіз баланы тасымалдау тек арнайы өтініш формасын толтырып, қол қойғаннан кейін ғана мүмкін болады.
  • Қызмет расталғаннан кейін байланыс тұлғасының электрондық поштасына ережелер және өтініш формасына сілтеме көрсетілген хат жіберіледі.
  • Әуежайда өтініштің төрт басып шығарылған (қағаз) нұсқасын ұсыну қажет.
  • Өтініште баланы әуежайға жеткізетін және оны барған жерінде қарсы алатын тұлғалардың деректері көрсетіледі.

Егер баланы әуежайға ата-анасы немесе заңды өкілі емес, басқа адам жеткізсе, ертіп жүретін тұлға келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • баланы тапсыру құқығын растайтын нотариалды куәландырылған құжаттың түпнұсқасы,
  • жеке куәлігінің түпнұсқасы.

Тіркеу және отырғызу

Ересек адамдардың ертіп жүруінсіз бала ұшуға кемінде 2 сағат қалғанда тіркеуге келуі тиіс. Бұл қосымша рәсімдер мен құжаттарды тексеру қажеттілігімен байланысты.

FlyArystan балалармен сапарлайтын жолаушыларға тасымалдау ережелерімен алдын ала танысып, барлық қажетті құжаттарды ұшу күніне дейін рәсімдеуді ұсынады. Бұл кідірістердің алдын алуға және бүкіл отбасы үшін жайлы әрі қауіпсіз сапарды қамтамасыз етуге көмектеседі.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

БАЛАЛАР ИНФЕКЦИОНИСТІ АТА-АНАЛАРДЫ ӨЗБЕТІНШЕ ЕМДЕУДЕН ЖӘНЕ ЫСТЫҚТЫ ТҮСІРЕТІН ДӘРІЛЕРДІ БАҚЫЛАУСЫЗ ҚАБЫЛДАУДАН САҚТАНДЫРАДЫ

Келесі жаңалық

«Digital Day: Дарындылар. Коллаборациялар. Зияткерлік»

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі
Категориясыз

Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі

19 мая, 2026
Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
«Digital Day: Дарындылар. Коллаборациялар. Зияткерлік»

«Digital Day: Дарындылар. Коллаборациялар. Зияткерлік»

«Жеңілдіктер жұмасы» енді қажет емес: жыл бойы тиімді сатып алуға болады

«Жеңілдіктер жұмасы» енді қажет емес: жыл бойы тиімді сатып алуға болады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Шекара қызметінде «Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

6 марта, 2026
Алматы онкологиялық орталығында инновациялық емдеу әдістерін сәтті енгізу

Алматы онкологиялық орталығында инновациялық емдеу әдістерін сәтті енгізу

22 ноября, 2022
Батыс Қазақстан облысында автобуспен соқтығысқан «УАЗ» жүргізушісі мойнын сындырып алды

Батыс Қазақстан облысында автобуспен соқтығысқан «УАЗ» жүргізушісі мойнын сындырып алды

2 июня, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Шавкат Аюпов: Алтын Орда тарихы – Еуразия халықтарына ортақ мұра
  • Ирада Аюпова: Қазақстан мен Татарстан – түркі халықтарының өркениеттік синтезінің үлгісі
  • «Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.