ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2025 жылғы қазанда Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 20 205 бірл. жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 10,1% жоғары, бірақ былтырғы қазанмен салыстырғанда 6% төмен көрсеткіш. Жалпы он айда 181 789 бірл. автомобиль сатылды (+14,6%).

Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті: «Қазан тиімді ұсыныстар мен маусымдық жеңілдіктер айы ретіндегі мәртебесін тағы растады – өткен айда 20 мыңға жуық жаңа көлік иесін тапты. Дилерлер жаңа қаржылық өнімдерін ұсынды. Әсіресе, модельдерін жақында ғана Қазақстанда құрастыра бастаған брендтердің үлесі артқанын атап өткен жөн. 2025 жыл отандық авторитейл саласында жаңа рекорд жасайтыны анық».

Күздің ортасында әдеттегідей Hyundai көш бастады – 4 264 бірл. көлік (былтырғы қазанмен салыстырғанда +44,6%). Chevrolet екінші орында (2 802 бірл.; -55,3%), Kia үшінші қатарға жайғасты (1 901 бірл.; -21,2%). Бұл жолы Changan (1 463 бірл.; +136,7%) мен Jetour (1 283 бірл.; +41,5%) едәуір жақсы нәтиже көрсетті. Одан бөлек, тізімде Chery (1 183 бірл.; -14,6%), Toyota (1 138 бірл.; -3,2%), Haval (1 026 бірл.; -22,8%), Jac (808 бірл.; -17,6%) және Geely (656 бірл.; +0,6%) бар.

Ең танымал 10 модель арасында сегіз ай қатарынан Chevrolet Cobalt (1 889 бірл.), Hyundai Tucson (1 726 бірл.) және Kia Sportage (876 кроссовер) ешкімге дес бермей келеді. Төртінші сатыға Chevrolet Onix (838 бірл.) көтерілсе, бесінші орында Changan CS55 Plus (774 бірл.) тұр. Үздіктер қатарына тағы Hyundai Elantra (678 бірл.), Hyundai Mufasa (636 бірл.), Toyota Camry (573 бірл.), Hyundai Santa Fe (510 бірл.) және Haval M6 (441 бірл.) қосылды.

Он ай қорытындысы бойынша брендтер рейтингінде Hyundai (39 959 бірл.; +17,2%) бірінші орында. Екінші орын 25 709 бірл. автомобиль сатқан Chevrolet-ке тиесілі (+16,6%), ал Kia 19 491 бірл. машина сату нәтижесімен (+0,1%) алғашқы үштікті түйіндеді. Төртінші сатыға Jetour жайғасты – дилерлер 11 686 кроссовердің кілтін тапсырды (+57,1%). Chery 11 395 бірл. көлік сатты, бестікті түйіндеді (-4,7%). Алтыншы қатарға Haval (9 333 бірл.; +13,5%) тұрақтады. Сонымен қатар тізімде Changan (9 125 бірл.; +35,5%), Toyota (8 823 бірл.; +2,8%), Geely (8 192 бірл.; +30,9%) және Jac (8 190 бірл.; -9,9%) бар.

ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

  ҚАЗАН ҚАҢТАР-ҚАЗАН
2024 2025 % 2024 2025 %
Hyundai 2 949 4 264 44,6% 34 103 39 959 17,2%
Chevrolet 6 265 2 802 -55,3% 22 045 25 709 16,6%
Kia 2 412 1 901 -21,2% 19 470 19 491 0,1%
Changan 618 1 463 136,7% 6 734 9 125 35,5%
Jetour 907 1 283 41,5% 7 437 11 686 57,1%
Chery 1 385 1 183 -14,6% 11 951 11 395 -4,7%
Toyota 1 176 1 138 -3,2% 8 579 8 823 2,8%
Haval 1 329 1 026 -22,8% 8 220 9 333 13,5%
Jac 981 808 -17,6% 9 087 8 190 -9,9%
Geely 652 656 0,6% 6 259 8 192 30,9%
BYD   529 0,0%   2 327 0,0%
Lexus 310 309 -0,3% 2 946 2 391 -18,8%
Lada 128 274 114,1% 750 2 303 207,1%
GAZ 325 260 -20,0% 3 414 2 908 -14,8%
Skoda 134 244 82,1% 965 2 400 148,7%
Tank 190 222 16,8% 1 617 1 873 15,8%
Yutong 115 197 71,3% 1 020 1 009 -1,1%
Subaru 134 175 30,6% 897 1 116 24,4%
Jac Trucks 123 155 26,0% 1 001 987 -1,4%
Howo   114 0,0% 28 338 1107,1%
Басқалар 1 371 1 202 -12,3% 12 077 12 234 1,3%
Жалпы нәтиже 21 504 20 205 -6,0% 158 600 181 789 14,6%

Анықтама:

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.

ҚАО құрамына Қазақстандық автомобиль өндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автомобиль бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы; Қоғамдық көліктер қауымдастығы; Қазақстан импорттаушылар қауымдастығы; Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы; «QazAutoStandard» автокөлік сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы кіреді.