---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/11/14/%d2%9baza%d2%9bstanny%d2%a3-%d2%9bazan-ajynda%d2%93y-zha%d2%a3a-avtomobilder-nary%d2%93y/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

![ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/11/top_10_qazan_2025_4x5_qaz.jpg)

**«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) дерегінше 2025 жылғы қазанда Қазақстан аумағындағы ресми дилерлер 20 205 бірл. жаңа жеңіл және коммерциялық автомобиль сатты, бұл қыркүйекпен салыстырғанда 10,1% жоғары, бірақ былтырғы қазанмен салыстырғанда 6% төмен көрсеткіш. Жалпы он айда 181 789 бірл. автомобиль сатылды (+14,6%).**

**Анар МАҚАШЕВА, ҚАО президенті:** *«Қазан тиімді ұсыныстар мен маусымдық жеңілдіктер айы ретіндегі мәртебесін тағы растады – өткен айда 20 мыңға жуық жаңа көлік иесін тапты. Дилерлер жаңа қаржылық өнімдерін ұсынды. Әсіресе, модельдерін жақында ғана Қазақстанда құрастыра бастаған брендтердің үлесі артқанын атап өткен жөн. 2025 жыл отандық авторитейл саласында жаңа рекорд жасайтыны анық».*

Күздің ортасында әдеттегідей **Hyundai** көш бастады – **4 264** бірл. көлік (*былтырғы қазанмен салыстырғанда* **+44,6%**). **Chevrolet** екінші орында (**2 802** бірл.; **-55,3%**), **Kia** үшінші қатарға жайғасты (**1 901** бірл.; **-21,2%**). Бұл жолы **Changan** (**1 463** бірл.; **+136,7%**) мен **Jetour** (**1 283** бірл.; **+41,5%**) едәуір жақсы нәтиже көрсетті. Одан бөлек, тізімде **Chery** (**1 183** бірл.; **-14,6%**), **Toyota** (**1 138** бірл.; **-3,2%**), **Haval** (**1 026** бірл.; **-22,8%**), **Jac** (**808** бірл.; **-17,6%**) және **Geely** (**656** бірл.; **+0,6%**) бар.

Ең танымал 10 модель арасында сегіз ай қатарынан **Chevrolet Cobalt** (**1 889** бірл.), **Hyundai Tucson** (**1 726** бірл.) және **Kia Sportage** (**876** кроссовер) ешкімге дес бермей келеді. Төртінші сатыға **Chevrolet Onix** (**838** бірл.) көтерілсе, бесінші орында **Changan CS55 Plus** (**774** бірл.) тұр. Үздіктер қатарына тағы **Hyundai Elantra** (**678** бірл.), **Hyundai Mufasa** (**636** бірл.), **Toyota Camry** (**573** бірл.), **Hyundai Santa Fe** (**510** бірл.) және **Haval M6** (**441** бірл.) қосылды.

Он ай қорытындысы бойынша брендтер рейтингінде **Hyundai** (**39 959** бірл.; **+17,2%**) бірінші орында. Екінші орын **25 709** бірл. автомобиль сатқан **Chevrolet**-ке тиесілі (**+16,6%**), ал **Kia** **19 491** бірл. машина сату нәтижесімен (**+0,1%**) алғашқы үштікті түйіндеді. Төртінші сатыға **Jetour** жайғасты – дилерлер **11 686** кроссовердің кілтін тапсырды (**+57,1%**). **Chery** **11 395** бірл. көлік сатты, бестікті түйіндеді (**-4,7%**). Алтыншы қатарға **Haval** (**9 333** бірл.; **+13,5%**) тұрақтады. Сонымен қатар тізімде **Changan** (**9 125** бірл.; **+35,5%**), **Toyota** (**8 823** бірл.; **+2,8%**), **Geely** (**8 192** бірл.; **+30,9%**) және **Jac** (**8 190** бірл.; **-9,9%**) бар.

ТОП-20: 2025 ЖЫЛҒЫ ҚАЗАНДАҒЫ ЖАҢА ЖЕҢІЛ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛЫҚ АВТОМОБИЛЬДЕР САУДАСЫ

 
**ҚАЗАН**
**ҚАҢТАР-ҚАЗАН**
**2024**
**2025**
**%**
**2024**
**2025**
**%**
Hyundai
2 949
4 264
44,6%
34 103
39 959
17,2%
Chevrolet
6 265
2 802
-55,3%
22 045
25 709
16,6%
Kia
2 412
1 901
-21,2%
19 470
19 491
0,1%
Changan
618
1 463
136,7%
6 734
9 125
35,5%
Jetour
907
1 283
41,5%
7 437
11 686
57,1%
Chery
1 385
1 183
-14,6%
11 951
11 395
-4,7%
Toyota
1 176
1 138
-3,2%
8 579
8 823
2,8%
Haval
1 329
1 026
-22,8%
8 220
9 333
13,5%
Jac
981
808
-17,6%
9 087
8 190
-9,9%
Geely
652
656
0,6%
6 259
8 192
30,9%
BYD
 
529
0,0%
 
2 327
0,0%
Lexus
310
309
-0,3%
2 946
2 391
-18,8%
Lada
128
274
114,1%
750
2 303
207,1%
GAZ
325
260
-20,0%
3 414
2 908
-14,8%
Skoda
134
244
82,1%
965
2 400
148,7%
Tank
190
222
16,8%
1 617
1 873
15,8%
Yutong
115
197
71,3%
1 020
1 009
-1,1%
Subaru
134
175
30,6%
897
1 116
24,4%
Jac Trucks
123
155
26,0%
1 001
987
-1,4%
Howo
 
114
0,0%
28
338
1107,1%
Басқалар
1 371
1 202
-12,3%
12 077
12 234
1,3%
**Жалпы нәтиже**
**21 504**
**20 205**
-6,0%
**158 600**
**181 789**
14,6%

**Анықтама***:*

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.*

*ҚАО құрамына Қазақстандық автомобиль өндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автомобиль бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы; Қоғамдық көліктер қауымдастығы; Қазақстан импорттаушылар қауымдастығы; Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы; «QazAutoStandard» автокөлік сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы кіреді.*

 

---

Жарияланды: 2025-11-14T10:49:13+06:00

Жаңартылды: 2025-11-14T10:49:13+06:00

Авторлар: [Агзам Текенов](https://qazaqpress.kz/author/agzam-tekenov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/11/14/%d2%9baza%d2%9bstanny%d2%a3-%d2%9bazan-ajynda%d2%93y-zha%d2%a3a-avtomobilder-nary%d2%93y/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.