Freedom Holding Corp. мен Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бүгін NVIDIA егеменді экзаскейл ЖИ (жасанды интеллект) инфрақұрылымының және таланттарды дамыту жөніндегі бастамалардың көмегімен Қазақстан мен Орталық Азияның жасанды интеллект саласындағы көшбасшылығын нығайту жоспарларын жариялады.
Бұл командалық бастама NVIDIA ЖИ-инфрақұрылымы базасында Freedom Holding Corp. басқаратын қазақстандық егеменді жасанды интеллект орталығын құру жоспарларын қоса алғанда, кезең-кезеңімен өткерілетін тәсілді көздейді. Министрлік жасанды интеллектінің ірі ауқымды инфрақұрылымын орналастыру және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ететін болады, сондай-ақ инженерлер мен зерттеушілерді даярлау үшін Жасанды интеллект академиясын және зерттеу зертханасын құру сияқты бастамаларды қолдайды.
Құны 2 млрд АҚШ доллары болатын жоба Қазақстандағы 100 МВт қолжетімді алаңда іске асырылады деп күтілуде. Freedom Holding Corp. қаржыландыру және іске асыру бойынша негізгі серіктес болуға ниетті.
Ынтымақтастық ЖИ экожүйесін дамытуға, инновацияларды ілгерілетуге және Қазақстан мен Орталық Азияда жылдам дамып келе жатқан цифрлық экономика үшін болашақ таланттарды дайындауға жалпы адалдықты көрсетеді.
«NVIDIA-мен ынтымақтастық — Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы ұлттық стратегиясын жүзеге асырудағы маңызды қадам. Біз экономикамызды нығайтатын, бәсекеге қабілеттілікті арттыратын және бүкіл аймақ үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын жасанды интеллект экожүйесінің негізін қалаймыз», — деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары және жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.
«Біз Қазақстанның әлемдік жасанды интеллект нарығындағы позициясын нығайтуға бағытталған осы революциялық бастаманың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз. Біздің тәжірибемізді NVIDIA озық технологияларымен және Министрліктің көреген қолдауымен біріктіре отырып, біз жасанды интеллект саласындағы инновациялар үшін берік негіз құруға және бүкіл Орталық Азия өңірінде ұзақ мерзімді өсімді қамтамасыз етуге ұмтыламыз», — деп мәлімдеді Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Анықтама
Freedom Holding Corp. қаржылық қызметТер көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шаралардың билеттерін онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания, ол онлайн супермаркет қызметтерін және басқа да қызметтер ұсынады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 10,1 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа елдерді қоса алғанда, 21 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады.










Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз