Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф. ж. алты айдағы түсімі миллиард доллардан асты

admin by admin
8 ноября, 2025
Freedom Holding Corp. компаниясының 2026 ф. ж. алты айдағы түсімі миллиард доллардан асты

Freedom Holding Corp. компаниясы 2026 фискалды жылғы ІІ тоқсандағы қаржы нәтижелерін жариялады, аталған фискалды жыл компания үшін 30 қыркүйекте аяқталды.

Байланысты

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы

«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

  2026 ф.ж. ІІ тоқсан (2025 к.ж. шілде-қыркүйек) 2026 ф.ж. І жарты жылдық (2025 к.ж. сәуір-қыркүйек)
Түсім $526,1 млн $1 060 млн
Салыққа дейінгі пайда $60,4 млн $101 млн
Таза пайда $38,7 млн $69,1 млн
Бір жай акцияға шаққандағы пайда* $0,65 $1,15

Тимур Турлов, Freedom Holding Corp. компаниясының бас атқарушы директоры: «Біз 2026 қаржы жылының екінші тоқсанында Freedom Holding Corp. компаниясының орнықты өсуінің келесі кезеңіне іргетас құру үшін мақсатты түрде инвестиция құюды жалғастырдық. Біздің нәтижелеріміз — бизнестің негізгі бағыттарының әлеуетін кеңейтуде, цифрлық және қаржылық инфрақұрылымды нығайтуда және компанияны болашақта кеңейтіп, тиімділікті арттыруға дайындауда саналы шешімнің көрінісі. Біз қазір трансформацияның белсенді кезеңіндеміз — бірыңғай платформада брокерлік қызмет көрсетуді, көрсетілетін банк және сақтандыру қызметтерін, телекоммуникацияларды және жаңа цифрлық сенвистерді біріктіретін интеграцияланған технологиялық экожүйе құрып жатырмыз. Бұл кезең болашақта неғұрлым мол табыс табуға мүмкіндік беретін операциялық іргетасты қалыптастыру үшін тәртіпті шығынды талап етеді. Біз бұл шығынды клиенттеріміздің мүддесі үшін стратегиялық инвестиция ретінде қарастырамыз. Біз қаржылық экожүйемізді қамтуды кеңейту, технологиялық инфрақұрылымды кеңейту және негізгі бизнестің табыстылығын арттыру сияқты ұзақ мерзімді стратегиямызды іске асыруға басты назар аударуды жалғастырамыз. Бүгін қалап отырған іргетасымыздың арқасында Freedom Holding Corp. орнықты өсуге қол жеткізіп, операциялық қызметтің тиімділігін арттырып, алдағы жылдары акционерлер үшін құндылықты арттыра алады».

2025 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш айдағы қаржылық нәтижелерге шолу**

Компания өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 586,1 млн АҚШ долларымен салыстырғанда 2026 қаржы жылының екінші тоқсаны үшін 526,1 млн АҚШ доллары мөлшерінде жиынтық түсімді (таза) көрсетті. Түсімнің серпіні комиссиялық кірістің, пайыздық кірістің және тауарларды сатудан және қызмет көрсетуден түскен түсімнің өсуіне байланысты, ол қайта сақтандыруды шегере отырып алынған сақтандыру сыйлықақыларының азаюымен, сауда бағалы қағаздарымен жасалған операциялардан таза қаржылық нәтиженің төмендеуімен, сондай-ақ туынды қаржы құралдары бойынша таза шығынмен өтелді.

2025 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша қаражат пен оның баламасының, шектеулі қаражат пен инвестициялық бағалы қағаздардың көлемі 4,5 млрд АҚШ долларын құрады, жиынтық активтер 10,3 млрд АҚШ долларын, ал акционерлердің меншікті капиталы 1,2 млрд АҚШ долларын құрады. Операциялық қызметтен түскен таза ақша ағыны 1 млрд АҚШ долларына жетті.

Клиенттердің жалпы саны 6,2 млн АҚШ долларына дейін өсті, оған 2026 ф.ж. II тоқсандағы барлық үш негізгі бизнес сегментінің клиенттер қорының өсуі кіреді: брокерлік шоттар 776 мың (93 мыңнан астам), сақтандыру компанияларының клиенттері 1,3 млн (115 мыңнан астам), көрсетілетін банк қызметтерін пайдаланушылар 3,6 млн (1,102 мыңнан астам), Freedom SuperApp-ты пайдаланушылар 3,1 млн (766 мыңнан астам).

Комиссиялар мен алымдардан түсетін кіріс 121,1 млн АҚШ  долларына қарағанда 132,2 млн АҚШ долларына дейін өсті, бұл, ең алдымен, көрсетілетін банк қызметтерінің кірісі мен төлемдерді өңдеудің төмендеуімен ішінара өтелген брокерлік көрсетілетін қызметтердің кірісі мен агенттік комиссиялардың өсуіне байланысты.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сауда бағалы қағаздар бойынша таза пайда 68,3 млн АҚШ долларына қарағанда 37,1 млн АҚШ долларын құрады, оның осылайша төмендеуі жергілікті борыш нарығындағы қысқа мерзімді раллиден кейін қазақстандық корпоративтік облигацияларды тиімді нарықтық бағамен сатудан туындады.

Жалпы шығын 2026 қаржы жылының екінші тоқсанында 457,7 млн АҚШ долларына қарағанда шамамен 465,6 млн АҚШ долларын құрады, бұл еңбекақы төлеу қоры мен бонустардың, сақтандыру төлемдерінің, кәсіби қызмет шығынының және акциялардың өтемақысының өсуіне байланысты.

Есепті кезеңдегі маңызды оқиғалар

S&P халықаралық рейтингтік агенттігі «Freedom Life» ӨСК» АҚ-тың ұзақ мерзімді кредиттік және қаржылық орнықтылық рейтингін «BB» деңгейінен «BB+» деңгейіне дейін көтерді. Сондай-ақ, компанияның ұлттық шкала бойынша рейтингі «kzAA-»-тен «kzAA»-ға дейін көтерілді. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

Ағымдағы жылғы тамыз айында әлемдегі ең ірі BlackRockd, Inc. инвестициялық компаниясы FRHC компаниясының акцияларына иелік ету үлесін 0,85%-ға дейін ұлғайтып, компанияның қағаздарына 89 млн АҚШ долларына жуық инвестиция құйды. BlackRock инвестициялық компаниясы Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және бас атқарушы директоры Тимур Турловтан кейін екінші ірі акционері атанды.

Freedom Holding Corp. акцияларының The Motley Fool консалтингтік компаниясы құрған Moneyball инвестициялық портфеліне қосылуы да маңызды оқиға болды. FRHC қағаздарына «Сатып алу» туралы инвестициялық ұсыным берілді. Moneyball — The Motley Fool компаниясының флагмандық инвестициялық стратегияларының бірі. Жыл сайын сарапшылар командасы терең іргелі талдауға, нарықтық үрдістерді бағалауға және өзінің жасанды интеллект платформасының деректеріне сүйене отырып, болашағы зор 250 компанияны таңдайды.

2025 жылғы қазан айында Freedom Holding Corp. виртуалды валютамен жұмыс істеу бойынша қызметтер көрсетуге маманданған Wallet Solutions компаниясындағы 100% үлесті сатып алуға шарт жасасты. Мәміле сомасы 1,9 млн АҚШ долларын құрайды және ол аяқталып қалды. Осындай сатып алудың арқасында холдинг цифрлық қаржы өнімдерінің спектрін кеңейтіп, заманауи қаржы технологиясы шешімдері нарығындағы орнын күшейте алады.

2025 жылғы шілде-қыркүйек айларында «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры орнықты даму жобаларын іске асыруға 16,5 млн АҚШ долларын жіберді.

7 қараша Freedom Holding Corp. пен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі NVIDIA жасанды интеллекттің тәуелсіз экзаскейл-инфрақұрылымы мен дарындық қасиеттерді дамыту бастамаларының көмегімен Қазақстан мен Орталық Азияның ЖИ (жасанды интеллект) саласындағы көшбасшылығын нығайту жөніндегі жоспарларын жариялады.

Бұл командалық бастама Freedom Holding Corp. басқаратын, NVIDIA жасанды интеллект инфрақұрылымына негізделген Қазақстандық тәуелсіз жасанды интеллект орталығын құру жоспарларын қоса алғанда, кезеңдік тәсілді көздейді.

Министрлік кең ауқымды жасанды интеллект инфрақұрылымын орналастыру және пайдалану үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді, сондай-ақ инженерлер мен талдаушыларды даярлау үшін жасанды интеллект академиясы мен зерттеу зертханасын құру сияқты бастамаларды қолдайды. Құны 2 млрд АҚШ доллары болатын күтілетін жоба Қазақстанда қолжетімді қуаттылығы 100 МВт алаңда іске асырылады. Freedom Holding Corp. қаржыландыру және іске асыру бойынша негізгі серіктес болуға ниетті.

Анықтама

Есептілік валютасын қайта есептеуге байланысты резервтің өзгеруі.

Холдингтің өзге жиынтық кірісіне/шығысына қаржылық есептілік көрсеткіштерін қайта есептеу нәтижесінде туындайтын, еншілес компаниялардың функционалдық валюталарында көрсетілген есептілік валютасының резервін шоғырландыру кезінде холдингтің валютасында есептілік валютасының резервін қайта есептеу жөніндегі кірістер мен шығыстар енгізілген. Резервті есептеу кезінде активтер мен міндеттемелердің баптары бағам бойынша есепті күнге қайта есептеледі, кірістер мен шығыстардың баптары есепті кезеңдегі орташа бағам бойынша қайта есептеледі. Резервтің оң өзгеруі еншілес компаниялардың холдинг есеп беретін валютаға функционалдық валюталарының бағамының төмендеуі нәтижесінде туындайды.

*Табыс 59,9 млн дана акцияның орташа өлшенген базалық санына негізделген.

**Егер басқаша көрсетілмесе, барлық салыстыру 2024 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш айдағы көрсеткіштермен келтіріледі.

Компания туралы

Freedom Holding Corp. қаржылық қызметтер көрсететін, брокерлік қызметпен, бағалы қағаздармен сауда жасаумен, инвестициялық зерттеулермен және консультация берумен, инвестициялық банктік және андеррайтингтік қызметтермен, ипотекамен, сақтандырумен, телекоммуникациямен, әуе билеттері мен мәдени және спорттық іс-шаралардың билеттерін онлайн сатумен айналысатын әртараптандырылған компания, ол онлайн супермаркет қызметтерін және басқа да қызметтер ұсынады. Freedom Holding Corp. компаниясының еншілес компанияларын ескере отырып, 10,3 мыңнан астам қызметкері бар. Холдингтің бөлімшелері мен еншілес компаниялары Қазақстан, АҚШ, Кипр, Польша, Испания, Өзбекстан және басқа елдерді қоса алғанда, 21 елде орналасқан. Freedom Holding Corp. компаниясының жай акциялары АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясында тіркелген және Nasdaq Capital Market-те FRHC тикерімен саудаланады.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Орталық Азияда жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту бойынша бірлескен күш-жігер

Келесі жаңалық

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
Категориясыз

Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы

13 декабря, 2025
«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді
Категориясыз

«Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді

12 декабря, 2025
Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді
Категориясыз

Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

12 декабря, 2025
Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды
Категориясыз

Шорт-тректен 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасы белгілі болды

12 декабря, 2025
Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды
Категориясыз

Алматының урбанистік жобалары халықаралық сыйлыққа ие болды

11 декабря, 2025
Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді
Категориясыз

Өңірлерде ваучерлік қаржыландыру есебінен 21 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді

11 декабря, 2025
Келесі жаңалық
Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

Ақмола облысы спорттық инфрақұрылымды кеңейтуде – бүгінде 1124 нысан жұмыс істейді

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Intro Day: ITMLab 2.0 жобасындағы оффлайн-қорғау нәтижелері

Intro Day: ITMLab 2.0 жобасындағы оффлайн-қорғау нәтижелері

18 сентября, 2025
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ № 7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХНАСЫНЫҢ  НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ РЕТРАКТОРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОМЫРТҚАҒА АЗ ИНВАЗИВТІ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ОПЕРАЦИЯЛАР ТӘЖІРИБЕСІН КЕҢЕЙТУДЕ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ № 7 ҚАЛАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХНАСЫНЫҢ НЕЙРОХИРУРГ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАҢА ХИРУРГИЯЛЫҚ РЕТРАКТОРЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОМЫРТҚАҒА АЗ ИНВАЗИВТІ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ОПЕРАЦИЯЛАР ТӘЖІРИБЕСІН КЕҢЕЙТУДЕ

13 сентября, 2024
Маусым айында Қазақстанның бірқатар өңірінде құрғақшылық күтіледі

Маусым айында Қазақстанның бірқатар өңірінде құрғақшылық күтіледі

6 июня, 2023

Топ жаңалықтар

  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «MŪNAI» – Freedom Media ұсынады: жылдың басты тұсаукесері

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жаңаөзенде әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы: Маңғыстау облысы әкімінің жұмыс сапарының қорытындысы
  • «Қоғамдық сенім және әлеуметтік капитал» VI халықаралық конференциясы: Қазақстан жастары арасындағы сенім индексі қалай өзгерді
  • Балаларды есірткіден қалай қорғаймыз: ата-аналарға қауіп белгілерін тану жолдары түсіндірілді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.