Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Алматы қаласындағы педагогтар конференциясы: Қазақстан салауатты ұрпақты қалай тәрбиелеуде

admin by admin
5 ноября, 2025
Алматы қаласындағы педагогтар конференциясы: Қазақстан салауатты ұрпақты қалай тәрбиелеуде

Алматыда Nestlé for Healthier Kids жаһандық бастамасының бір бөлігі болып табылатын «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасына арналған халықаралық конференция өтті. Кездесуге Қазақстан, Өзбекстан, Грузия және Ресей елдерінен келген 130-дан астам қатысушы – педагогтар, білім беру саласының сарапшылары мен салалық ұйымдардың өкілдері жиналды.

Байланысты

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Іс-шараның басты назарында 2024–2025 оқу жылындағы жобаның қорытындылары мен Қазақстан мектептерінде бағдарламаны одан әрі дамыту қадамдары болды. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы елімізде 2013 жылдан бастап Nestlé компаниясы, Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы, Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығы және Қазақ тағамтану академиясымен бірлесе жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама 500 мыңнан астам баланы және ел бойынша ондаған мектепті қамтыды. Жыл сайын оқушылар сабақтарда, квесттерде, экскурсияларда және байқауларда өз денсаулығына қалай қамқор болу керектігін үйренеді.

Жыл бойы бағдарламаға қатысушы жас өрендер ата-аналарымен бірге жыл ішіндегі түрлі іс-шараларға белсенді қатысты: «Nestlé. Салауатты балалар» жобасы аясындағы «Салауатты бастау» челленджіне және «Салауатты әрі бақытты ұрпақ тәрбиелейміз» атты фотобайқауға қатысты, аспаздық батлда пайдалы тағамдар дайындады, «Біздің дастархан» көрмесіне суреттер салды және супермаркеттерге экскурсия барысында пайдалы өнімдерді таңдауды үйренді.

Конференция барысында педагогтар өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың қызығушылығын арттырудың, сабақтарды әсерлі де мазмұнды етудің, сондай-ақ балаларды «дұрыс тағам үлесін» құрастыруға үйретудің тиімді тәсілдері туралы айтты. Өзбекстан, Грузия және Ресейден келген қонақтар өз елдеріндегі бағдарламаны іске асыру тәжірибесімен бөлісіп, оны одан әрі жетілдіруге арналған жаңа идеялар мен ұсыныстарын ортаға салды.

Конференция аясында Қазақстан мұғалімдері арасында өткен Республикалық әдістемелер байқауының финалы ұйымдастырылды. Финалға өткен қатысушылар салауатты тамақтану негіздерін оқыту бойынша өздерінің авторлық әдістемелерін ұсынды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Nestlé үшін білім беру бастамаларын қолдау – бұл тұрақты болашаққа және келер ұрпақтың денсаулығына қосқан үлес. «Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдеді: балалар тамақтану мен экологияға саналы түрде қарауды үйреніп келеді. Біз бағдарламаның аясын кеңейтіп, өңірдегі мүмкіндігінше көп оқушының салауатты әрі бақытты өсуіне жағдай жасай береміз», – деді Nestlé компаниясының Еуразия өңіріндегі басшысы Максим Щетин.

«Мектеп – өмір бойы сақталатын дағдылардың қалыптасатын орны. Біз балалардың ойлау жүйесінің өзгеріп келе жатқанын байқаймыз: олар өзіне және айналасына мұқият қарай бастады. Бұл – педагогтар, ата-аналар және бағдарлама серіктестерінің бірлескен еңбегінің нәтижесі», – деп атап өтті Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ақпараттық-баспа бөлімінің басшысы Татьяна Ежова.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасын оқу процесіне енгізу сабақтарды барынша тәжірибелік және заманауи етуге мүмкіндік береді. Балалар тек тыңдап қана қоймай, өздері байқап көреді, талқылайды, қорытынды шығарады. Міне, бұл – тәжірибе арқылы үйретудің нағыз үлгісі», – деді Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығының бөлім басшысы Анар Досмұхамет.

Конференция аясында педагогтарға арналған арнайы тренингтер өткізілді. Қатысушылар XXI ғасыр балаларының физикалық, когнитивтік және психологиялық дамуының өзекті үрдістерін талқылап, қазіргі буын оқушыларын тереңірек түсінуді және әріптестер мен серіктестермен тиімді өзара іс-қимыл орнату тәсілдерін үйренді.

«Салауатты тамақтану мектебі» бағдарламасы туралы

«Салауатты тамақтану мектебі» қазақстандық бағдарламасы жаһандық «Nestlé for Healthier Kids» бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Бастаманың мақсаты – 2030 жылға қарай әлем бойынша 50 миллион балаға салауатты өмір сүруге көмектесу. «Салауатты тамақтану мектебі» елорда мен Алматы мектептерінде 2013 жылдан бері жұмыс істеп келеді, ал 2023 жылдан бастап географиясын Қазақстанның басқа қалаларына кеңейтуде. Бағдарлама 6-8 жас аралығындағы балаларға бағытталған және мұғалімдер жүргізетін сабақтар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Ол Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы мен Қазақ тағамтану академиясымен бірлесіп әзірленген. Бүгінгі күні Қазақстанда «Дұрыс тамақтану мектебімен» барлығы 250 мыңнан астам бала танысты.

Nestlé компаниясы туралы

Nestlé — әлемдегі ең ірі тамақ және сусындар компаниясы. Компания әлемнің 188 елінде бизнес жүргізеді. Оның дүние жүзіндегі шамамен 275 000 қызметкері Nestlé-нің мақсатын бөліседі: өнімдеріміздің артықшылықтарын ашу арқылы біз барлығының – бүгінгі және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын жақсартамыз. Nestlé адамдардың ғана емес, олардың сүйікті үй жануарларының да өмірін жақсартуға арналған өнімдер мен қызметтердің кең ауқымын ұсынады. Компанияның қызметі дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты саласындағы терең тәжірибесіне негізделген стратегияны басшылыққа алады. Nestlé штаб-пәтері компанияның тарихы 150 жылдан астам уақыт бұрын басталған Швейцарияның Веве қаласында орналасқан.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматы Қалалық кардиологиялық орталығы жүрек трансплантациясын жүргізуге уәкілетті орталықтар тізіміне енгізілді

Келесі жаңалық

Astana Media Week 2025: заманауи журналистиканың жаңа бағыттары

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
Категориясыз

Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті

9 мая, 2026
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
Категориясыз

Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

9 мая, 2026
Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді
Категориясыз

Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

8 мая, 2026
FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады
Категориясыз

FlyArystan Алматыдан Қытайдың маңызды қалаларының бірі – Сианьға тікелей рейс ашады

8 мая, 2026
FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі
Категориясыз

FlyArystan Қытаймен әуе байланысын күшейтеді: Ақтау – Үрімші жаңа рейсі

8 мая, 2026
Келесі жаңалық
Astana Media Week 2025: заманауи журналистиканың жаңа бағыттары

Astana Media Week 2025: заманауи журналистиканың жаңа бағыттары

Қауіпсіз мәміле – әркімнің ісі: OLX Stop Alayaq бастамасын іске қосты

Қауіпсіз мәміле – әркімнің ісі: OLX Stop Alayaq бастамасын іске қосты

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Tesla және SpaceX инвесторы TrustMe-ге инвестиция салуға дайын — біздікілерді қолдайық!

Tesla және SpaceX инвесторы TrustMe-ге инвестиция салуға дайын — біздікілерді қолдайық!

3 декабря, 2024
Шымкентте қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

Шымкентте қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

24 декабря, 2020

Футболдан Қазақстан құрамасынан коронавирус анықталды

29 марта, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жетісуда Жеңіс күніне орай облыс әкімінің Кубогы үшін республикалық бәйге жарысы өтті
  • Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің ескерткішіне гүл шоғын қойды
  • Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.