---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/11/02/m%d3%a9ldir-m%d2%b1%d2%9banova-zheke-%d3%a9mirine-%d2%9batysty-al%d2%93ash-ret-ashy%d2%9b-pikir-bildirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді

![Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/11/794e9ec55472e1ab.jpeg)

**Продюсер Мөлдір Мұқанова журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдіріп, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен арада ажырасу болғанын растады.**

Оның айтуынша, бұл тақырыпқа байланысты әңгіме 14 жыл бұрын басталған. Бүгінге дейін баспасөзге сұхбат бермей келген продюсер осы жолы бар шындығын бөлісті.

Көңілдесі бар екенін білдім. Пәтер, көлік, қымбат әшекейлер – бәрі соған бұйырды. Маған өте ауыр болды. Тіпті өмірмен қоштасуды да ойладым. Бір күні «Ажырасамыз ба?» деген хабарлама келді, – деді Мұқанова.

Сондай-ақ ол балалардың әкесін сағынып жүретінін айтты.

Балалар жылайды, әкесін сағынады. Суретке түсіп, «әкеме жібер» дейді. Бірақ жібере алмаймыз, себебі ол бізді бұғаттап тастаған. Кейде өзім де жазамын, кездескім келеді. Бірақ Тұрсынбек кешірім сұрап келмеді, – деді продюсер.

Журналист Жанар Байсеміз сұхбат барысында эмоцияға беріліп, кейіпкерімен бірге көз жасына ерік бергенін жазды. Әлеуметтік желілерде бұл сұхбат үлкен талқылау туғызып, қолданушылар түрлі пікір білдіруде.

---

Жарияланды: 2025-11-02T10:34:53+06:00

Жаңартылды: 2025-11-02T10:34:53+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/11/02/m%d3%a9ldir-m%d2%b1%d2%9banova-zheke-%d3%a9mirine-%d2%9batysty-al%d2%93ash-ret-ashy%d2%9b-pikir-bildirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.