Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Caring is cool»: Алматыда суға ұқыпты қарауға үйрететін мурал пайда болды

admin by admin
1 ноября, 2025
«Caring is cool»: Алматыда суға ұқыпты қарауға үйрететін мурал пайда болды

Есентай өзенінің жағасында қала тұрғындарын судың табиғаттағы және қалалық өмірдегі орнын жаңаша түсінуге шақыратын жаңа мурал пайда болды. «Caring is cool» («Қамқорлық — бұл керемет») атты жұмыс суретші Леонид Чиналиевтің авторлығымен PPG COLORFUL COMMUNITIES жаһандық бағдарламасы аясында, Tikkurila by PPG, Urban Forum Kazakhstan және Almaty Creative қолдауымен жүзеге асырылды.

Байланысты

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

COLORFUL COMMUNITIES — бұл PPG компаниясының 2015 жылы іске қосылған халықаралық бағдарламасы. 2015 жылдан бері бұл бастама 50-ден астам елде шамамен 600 жобаны жүзеге асыруға көмектесіп, 10,2 миллион адамның өміріне оң әсерін тигізді. Бағдарлама аясында компания суретшілерді, еріктілерді және жергілікті экологиялық ұйымдарды біріктіріп, қоғам үшін маңызды — білім беру мен экология сияқты тақырыптарды түстер арқылы жеткізуді мақсат етеді.

Алматы қаласындағы жоба Colorful Communities бағдарламасының миссиясын Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының мақсаттарымен біріктірді. Бұл мақсаттар табиғатқа негізделген шешімдерді енгізуге және «губка- қала» тұжырымдамасын дамытуға бағытталған. Мұндай тәсіл қалаларға жауын-шашын мен еріген қар суларын сақтап, оларды жасыл аймақтарды суландыру және ауаны салқындату үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Жыл өткен сайын жаздың ыстық күндері ұзарып, жауын-шашын сирек әрі болжаусыз болып бара жатқан Алматы үшін су мәселесі — жай ғана экологиялық тақырып емес, қаланың болашағы мен жайлылығының кепілі.

Мурал Есентай өзеніндегі бөгет тостағанының маңында, әл-Фараби даңғылынан жоғары қарай орналасқан. Суретші өз жұмысында табиғат көріністерін алматылықтарға таныс үй құрылыстары мен арық жүйелерімен ұштастырған. Композицияның ортасында — алақанында су құйылған кесе ұстап тұрған қол. Бұл бейне — өмір мен табиғатқа ұқыптылықпен қараудың символы.

«Алматының арық жүйесі әрқашан қаланың экожүйесінің бір бөлігі болған. Мен оны өсімдік жапырағының құрылымымен салыстырдым: су капиллярлар арқылы өтіп, өмірді нәрлендіреді. Қалада да солай — су бізбен бірге болуы керек, құбырлармен ағып жоғалып кетпеуі тиіс. Caring is cool деген жазу — сөз ойыны: бұл әрі қамқорлық, әрі Алматыға қажет салқындық туралы», — дейді суретші Леонид Чиналиев.

Муралды салу кезінде Tikkurila компаниясының Finngard Silicone Protect атты қасбеттік бояуы пайдаланылған. Бұл — экологиялық тұрғыдан қауіпсіз, күн сәулесіне, ылғалға және ластануға төзімді материал. Ол су өткізбейтін қасиетке ие бола тұра, қабырға бетінің «тыныс алу» қабілетін сақтайды. Осылайша, тіпті техникалық материал таңдауының өзі табиғатпен үйлесімді қарым-қатынастың идеясын қолдайды.

Tikkurila by PPG компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы бренд-менеджері Мөлдір Өтегеннің айтуынша, бұл жобаға компанияның қатысуы — оның философиясының шынайы жалғасы. Tikkurila by PPG ұзақ жылдар бойы тұрақты өндіріс қағидаттарын дамытып, суды үнемдеу мен ресурстарды аз тұтынуға бағытталған ұзақмерзімді экологиялық технологияларды енгізіп келеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Қазақта“Судың да сұрауы бар” деген жақсы сөз бар. Мен бұл сөзді бала кезімнен естіп өстім, ол арқылы бізге суды үнемдеп, қадірлеуді үйрететін. Біз ірі компанияның жауапкершілігі сапалы өнім жасаумен шектелмеуі тиіс екеніне сенеміз. Бизнес қоғам мен экология салаларында оң өзгерістердің қозғаушы күші болуы қажет деп ойлаймыз. Сондықтан біз Urban Water 2025 жобасын қолдадық, себебі ол экологиялық ойлауды, урбанистиканы және өнерді біріктіреді», — деді Мөлдір Өтеген.

Urban Forum Kazakhstan үшін бұл жоба — қалалық ортада табиғатқа бағытталған шешімдерді ілгерілету жөніндегі көпжылдық жұмыстың жалғасы. Ұйым «губка-қала» тұжырымдамасын дәйекті түрде дамытып, оны көше көгалдандырудан бастап арық жүйелерін қайта ойлауға дейін тәжірибе жүзінде іске асырудың жолдарын іздеп келеді.

«Алматыда су әрқашан маңызды орында болды. Алайда қазір бұл ресурс қаладан тым тез кетіп жатыр. Біз судың — біздің досымыз екенін, онымен бірге өмір сүруді қайта үйренуіміз қажет екенін еске салғымыз келеді. Бүгінде суды тек тұрмыста үнемдеу ғана емес, сонымен қатар ақпараттанған азаматтық ұстаным қалыптастыру, осы тақырыпта қоғамдық талқылауларға қатысу маңызды. Суға ұқыптылық — бұл тек тұрмыстық әдет емес, бұл қалалық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі жауапкершілік», — дейді Urban Forum Kazakhstan негізін қалаушы Әділ Нұрмақов.

Жоба авторларының ойынша, көше өнері — қала тұрғындарымен тікелей, делдалсыз және тосқауылсыз сөйлесудің ең табиғи тәсілі. Жаңа мурал Алматының тұрақтылығы мен жайлылығы инженерлік шешімдерге ғана емес, сонымен қатар қала тұрғындарының өз ортасын көруге, бағалауға және қорғауға деген қабілетіне де байланысты екенін еске салады. Өйткені қаланы шын мәнінде тірі ететін — су, жасыл кеңістік және табиғат.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Қазақстандықтардың күзгі киім-кешегіне баға қалай өзгерді

Келесі жаңалық

Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды
Категориясыз

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді

Мөлдір Мұқанова жеке өміріне қатысты алғаш рет ашық пікір білдірді

«Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеу жүргізу туралы

«Тауарларға арналған декларация» модулін тестілеу жүргізу туралы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығы пара алды деп күдіктелуде

Алматы қалалық мобильділік басқармасы бастығы пара алды деп күдіктелуде

18 марта, 2021
Тоқаев Цой мен үкіметті сынға алды

Тоқаев қазақстандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтады

7 мая, 2021
«Қызыл» аймақтан соңғы өңір шықты

Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

14 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.