Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

АРТиШОК театрында «Казахские страшные сказки» сериалының көрсетілімі өтті

admin by admin
30 октября, 2025
АРТиШОК театрында  «Казахские страшные сказки» сериалының  көрсетілімі өтті

29 қазан күні АРТиШОК театрында Freedom Media онлайн-кинотеатры ұсынған режиссер Әділхан Ержановтың жаңа мистикалық детективі — «Казахские страшные сказки» сериалының тұсаукесері өтті.

Байланысты

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Тұсаукесерге сериалдың шығармашылық тобы мен актерлері, кино саласындағы танымал жұлдыздар мен БАҚ өкілдері қатысты. Шараның ерекше атмосферасын жарық, дыбыс және ерекше декорациялар көркемдей түсті. Ал театр актерлері ұлттық мистикалық бейнелер арқылы қонақтарға шынайы иммерсивті әсер сыйлады.

Көрсетілімнің уақыты мен орны кездейсоқ таңдалған жоқ.

“Қазақтың қорқынышты ертегілері” – атмосферасын сезініп көруді қажет ететін ерекше сериал. Біз шара қонақтарының режиссер Әділхан Ержанов құрған тылсым әлемге толықтай енуі үшін бар жағдай жасадық. Хэллоуин қарсаңында біз әлемде тек батыстық хоррорды ғана емес, қазақ хорроры да бар екенін көрсеткіміз келді. “Ертегілердің” халықаралық фестивальдерде жәнешетелдік БАҚ өкілдерінің үлкен қызығушылық танытқаны — соның айғағы. Ал ARTиШОК театры дәл осы сериалдың көрсетіліміне сай жер деп шештік. Оның үстіне басты рөлді сомдаған Қуантай Әбдімәди — сол театрдың жетекші актерлерінің бірі, —  дейді Freedom Media компаниясының бас директоры Тимур Баиров.

Фестивальдерден көрерменге

Онлайн көрсетілімге дейін «Казахские страшные сказки» сериалы әлемнің беделді кинофорумдарында – Fantasia International Film Festival (Канада), L’Etrange Festival (Франция), Seriesly Berlin (Германия) және Slash Film Festival (Австрия) фестивальдерінде көпшіліктің жоғары бағасын алды.

Жоба шетелдік сыншылар мен көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Халықаралық БАҚ өкілдері сериалдың авторлық көзқарасын, ұлттық мәдениет пен жанрлық элементтердің керемет үйлесімін атап өтті:

Buy JNews
ADVERTISEMENT
  • Screen Daily (Ұлыбритания): «жанрлық бумға елеулі үлес қосқан туынды»
  • Loud and Clear Reviews (АҚШ): «хоррор мен мәдени кодтың ерекше үйлесімі», Fantasia 2025 фестивалінің ең көрілуге тиіс жобасы
  • Cinapse (АҚШ): «фольклорлық хоррорды жаңа қырынан танытқан инновациялық тәсіл»
  • Horror Press (АҚШ): «жанр жанкүйерлері үшін міндетті түрде көруге лайық хоррор-антология»
  • Screen Anarchy (Канада): сериалды Fantasia Festival бағдарламасының басты тұсаукесерлерінің қатарына енгізді.

Жоба туралы

«Казахские страшные сказки» — dark fantasy мен мистикалық детектив жанрларын тоғыстырған ерекше сериал. Шығарманың өзегі — қазақ фольклорының тереңінен нәр алған тылсым әлем.

Басты кейіпкер — тергеуші Біржан, Қазақстанның шалғай өңіріндегі бірқатар жұмбақ қылмыстарды зерттеп жүріп, ежелгі аңыздарда ғана айтылатын рухтар мен жаратылыстардың шынайы өмірде бар екеніне куә болады.

Сериалдың әр бөлімі — өз алдына жеке хикая болғанымен, барлығы ортақ желімен байланысқан. Онда мистика мен драма тоғысып, ненің шын, ненің тылсым екені көрерменді терең ойға салады.

Авторлық көзқарас

«Біздің ертегілер – тек жындар мен рухтар туралы емес, ол – адам бойындағы үрей көрінісі. Мен осы қорқыныштың өзінен де поэзия мен мағына табуға болатынын көрсеткім келді»,

– дейді сериалдың режисері Әділхан Ержанов.

Сериалдың көркемдік шешімінде компьютерлік графикаға қарағанда практикалық эффектілерге — гримге, механика мен аниматроникаға көбірек мән берілген. Осы тәсілдің нәтижесінде туынды шынайы хоррор жанрының қорқынышқа толы атмосферасын сездіреді.

Актерлік құрам

Сериалда:

Қуантай Әбдімәди, Анна Старченко, Шах-Мұрат Ордабаев, Азиз Бейшеналиев, Динара Бақтыбаева, Айбар Салы, Данияр Алшинов, Санжар Мади, Әсел Қалиева, Еркін Губашев және басқа да талантты актерлер ойнайды.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

TikTok әсері: Платформаның Қазақстандағы шағын және орта бизнеске ықпалы жөніндегі алғашқы зерттеу

Келесі жаңалық

Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
Категориясыз

Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды

16 марта, 2026
Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
Категориясыз

Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды

16 марта, 2026
Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады
Категориясыз

Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

16 марта, 2026
Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты
Категориясыз

Өскемен жастары қаланы заңсыз жарнамадан тазарту акциясына шықты

16 марта, 2026
«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады
Категориясыз

«Ана үш баласын жалғыз өсіруде». Кәсіпкер ауыл қызының арманын орындады

16 марта, 2026
«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты
Категориясыз

«Референдум – 2026»: Онлайн марафон патриотизм, киберспорт және технологиялар тақырыбындағы талқылаулармен жалғасты

15 марта, 2026
Келесі жаңалық
Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

Таза парақтан басталған өмір: сотталғанның арманы

Таза парақтан басталған өмір: сотталғанның арманы

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясын талдады

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясын талдады

3 октября, 2025
Доллардың бағасы тағы түсіп кетті

Қазақстанда доллар бағамы өсті

25 марта, 2021
Қазақстандықтар қалдықты өңдеу жұмысына шамамен 700 миллиард теңге бөлді

Қазақстандықтар қалдықты өңдеу жұмысына шамамен 700 миллиард теңге бөлді

11 февраля, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Такси және жеткізу қызметкерлері алматылықтарды референдумға қатысуға шақырды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұйқы безінің қатерлі ісігі: неліктен ерте анықтау маңызды-АОО онкологы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматы қаласы ОКҚК дәрігерлері күрделі жол апатынан кейін науқасты аяғына тұрғызды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Мьянма Ұлттық сайлау комиссиясының комиссары: Референдум халық арасында үлкен қызығушылық тудырды
  • Жетісуда жасанды интеллект көмегімен жаңа Конституцияға арналған мурал салынды
  • Филиппиндік бақылаушы Қазақстандағы референдумның ашықтығы мен жоғары ұйымдастырылғанын жоғары бағалады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.