---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/10/24/arnajy-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%afshin-zhasal%d2%93an-toly%d2%9b-zhetekti-changan-cs75-plus/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# АРНАЙЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАСАЛҒАН ТОЛЫҚ ЖЕТЕКТІ CHANGAN CS75 PLUS

![АРНАЙЫ ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАСАЛҒАН ТОЛЫҚ ЖЕТЕКТІ CHANGAN CS75 PLUS](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/10/photo_2025-10-24_12-47-26.jpg)

Жаңа **Changan****C****S75 Plus** кроссоверінінің төртінші буынын брендтің [Astana Motors](https://www.instagram.com/astana_motors/) құрамындағы   [Changan Kazakhstan](https://changan-auto.kz/?utm_source=astana_motors&#038;utm_medium=cpa) ресми дистрибьюторы таныстырды.

Аталған модель Қазақстан мен ТМД елдерінің климаттық және жол жағдайларын ескере отырып арнайы жобаланған. Қытайдың ішкі нарығындағы алдыңғы жетекті нұсқадан айырмашылығы, біздің аймаққа бейімделген модификация толық жетекті ие болды. Бұл – күрделі рельеф пен құбылмалы ауа-райы үшін оңтайлы шешім.

**Төртінші буындағы Changan CS75 Plus толық жетекті моделін тек қана Қазақстан аумағындағы Changan ресми дилерлік орталықтарынан сатып алуға болады.**

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/10/photo_2025-10-24_12-47-23.jpg)

Автокөлік [Astana Motors Manufacturing Kazakhstan](https://www.instagram.com/ammk_kz/) зауытында шығарылды, аккредиттелген зертханаларда жан-жақты сынақтардан өтіп, сәтті сертификатталды. Бұл көліктердің жергілікті жағдайларда пайдалануға дайын екеніндігін растайды.

Changan CS75 Plus флагманды кроссовері заманауи технологияны, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және премиум жайлылықты біріктіреді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/10/photo_2025-10-24_12-47-24.jpg)

**Changan CS75 Plus төртінші буынында қандай өзгерістер бар?**

Капот астында классикалық 8 сатылы AISIN автоматты беріліс қорабымен жұптастырылған 235 ат күші және 390 Нм айналу моменті бар бензинді қозғалтқыш орналасқан. 100 км/сағ-қа дейін үделеу небәрі 7,4 секундты алады. Бұл кроссоверді өз сегментіндегі мықтылардың біріне айналдырады. Интерьер премиум санаттағы автокөлік деңгейінде жасалған.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/10/photo_2025-10-24_12-47-24-2.jpg)

Changan CS75 Plus жаңа буыны алты палитрада — құмды металлик, ақ, графит-сұр, қара, ашық көк және атомды сұр түстері қолжетімді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/10/photo_2025-10-24_12-47-25.jpg)

Жаңа **Changan CS75 Plus** төртінші буыны Қазақстан нарығында үш жиынтықта ұсынылады. **1.5** қозғалтқышы мен алдыңғы жетегі бар **Comfort**базалық нұсқасының құны **12 890 000 теңге.** **Luxe**жиынтығының екі нұсқада қолжетімді. **2.0T** қозғалтқышты және алдыңғы жетекті нұсқасы **13 890 000 теңге**, ал **толық жетекті** нұсқасы — **14 590 000 теңге**. **2.0T** қозғалтқышты және т**олық жетекті** топ **Tech нұсқасы**—**15 590 000 теңге.**

**Толығырақ**[**Қазақстандағы Changan**](https://www.instagram.com/changan.kazakhstan/)**ресми дилерлік орталықтарынан және 7007 телефоны арқылы біле аласыз.**

*Рекламный материал*

---

Жарияланды: 2025-10-24T09:24:53+06:00

Жаңартылды: 2025-10-24T09:24:53+06:00

Авторлар: [Амин Абдулманов](https://qazaqpress.kz/author/amin-abdulmanov/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/10/24/arnajy-%d2%9baza%d2%9bstan-%d2%afshin-zhasal%d2%93an-toly%d2%9b-zhetekti-changan-cs75-plus/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.