Жаңа Changan CS75 Plus кроссоверінінің төртінші буынын брендтің Astana Motors құрамындағы Changan Kazakhstan ресми дистрибьюторы таныстырды.
Аталған модель Қазақстан мен ТМД елдерінің климаттық және жол жағдайларын ескере отырып арнайы жобаланған. Қытайдың ішкі нарығындағы алдыңғы жетекті нұсқадан айырмашылығы, біздің аймаққа бейімделген модификация толық жетекті ие болды. Бұл – күрделі рельеф пен құбылмалы ауа-райы үшін оңтайлы шешім.
Төртінші буындағы Changan CS75 Plus толық жетекті моделін тек қана Қазақстан аумағындағы Changan ресми дилерлік орталықтарынан сатып алуға болады.

Автокөлік Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында шығарылды, аккредиттелген зертханаларда жан-жақты сынақтардан өтіп, сәтті сертификатталды. Бұл көліктердің жергілікті жағдайларда пайдалануға дайын екеніндігін растайды.
Changan CS75 Plus флагманды кроссовері заманауи технологияны, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін және премиум жайлылықты біріктіреді.

Changan CS75 Plus төртінші буынында қандай өзгерістер бар?
Капот астында классикалық 8 сатылы AISIN автоматты беріліс қорабымен жұптастырылған 235 ат күші және 390 Нм айналу моменті бар бензинді қозғалтқыш орналасқан. 100 км/сағ-қа дейін үделеу небәрі 7,4 секундты алады. Бұл кроссоверді өз сегментіндегі мықтылардың біріне айналдырады. Интерьер премиум санаттағы автокөлік деңгейінде жасалған.

Changan CS75 Plus жаңа буыны алты палитрада — құмды металлик, ақ, графит-сұр, қара, ашық көк және атомды сұр түстері қолжетімді.

Жаңа Changan CS75 Plus төртінші буыны Қазақстан нарығында үш жиынтықта ұсынылады. 1.5 қозғалтқышы мен алдыңғы жетегі бар Comfort базалық нұсқасының құны 12 890 000 теңге. Luxe жиынтығының екі нұсқада қолжетімді. 2.0T қозғалтқышты және алдыңғы жетекті нұсқасы 13 890 000 теңге, ал толық жетекті нұсқасы — 14 590 000 теңге. 2.0T қозғалтқышты және толық жетекті топ Tech нұсқасы—15 590 000 теңге.
Толығырақ Қазақстандағы Changan ресми дилерлік орталықтарынан және 7007 телефоны арқылы біле аласыз.
Рекламный материал












Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз