Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

admin by admin
23 октября, 2025
Жетісуда аккумулятор батареяларының жаңа түрі өндіріле бастады

Бүгін Жетісу облысында Республика күнінің қарсаңында «Қайнар-АКБ» зауытының жаңа өндірістік желісі іске қосылды. Мұнда резервте электр қуатын беруге арналған аккумулятор батареялары өндіріледі, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Байланысты

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

Зауыт ұжымын қуанышты сәтпен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады:

—  Жаңа жоба облыс экономикасын дамытуға, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға ықпал етеді деп сенеміз. Бұрын автокөлік аккумуляторлары «Қайнар» зауытының танымал бренді болса, енді оның жаңа өнімдері де сапа мен сенімділіктің кепілі болғалы отыр. Біз отандық өнім өндіру ісін ұйымдастыруға септігін тигізетін осындай бастамаларды әрдайым қолдауға дайынбыз, — деген өңір басшысы бірқатар зауыт жұмысшыларына алдағы Республика күніне орай Құрмет грамотасы мен Алғыс хат тапсырды.

Өз кезегінде «Қайнар-АКБ» ЖШС бас директоры Ербол Ажмағамбетов облыс әкімдігінің қолдауына ризашылығын білдіріп, жаңа желінің жұмысы зауытқа тың тыныс беретінін атап өтті. Мұнан соң өңір әкімі мен зауыт басшысы символдық нүктені басып, жаңа желінің жұмысын ресми түрде бастап берді.

Зауыт жұмысшыларымен тілдескен Бейбіт Исабаев құю, үгіту, қаптау цехтарын аралап, жұмыс процесімен танысты.

Зауыт басшылығының мәліметіне қарағанда, жаңа жобаны іске асыруға әзірге 10 млрд. теңге инвестиция тартылған, алдағы уақытта инвестиция көлемі өседі деп күтілуде.

—  Бұл біздің зауыттың үшінші өндірістік учаскесі. Жаңа желіде өндіретін аккумулятор батареялары резервте қуат беруге арналған, яғни белгілі бір нысанда электр тогы сөніп қалған жағдайда ток көзімен қамтамасыз ету үшін және телекоммуникация салаларында пайдаланылады, яғни корпоративтік сектормен жұмыс істеуге басымдық беріп отырмыз. Жобаның І кезегінде, яғни келесі жылы шамамен 100 мың аккумулятор батареяларын шығару жоспарланып отыр. Мұнда жұмыс істейтіндер саны 150 адамға жеткізіледі. Бұл желіге бұрыннан осы зауытта жұмыс істеп, өндірісті кәсіби деңгейде білетін азаматтар тартылып отыр, ал олардың босаған жұмыс орындарына жаңа мамандар қабылдануда, — дейді бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Талғат Қонақбаев.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жаңа желіге тартылған мамандардың бірі Асқар Рахым жұмыстың барысы туралы пікірін білдірді:

— Мен осы зауытта 2023 жылдан бері жұмыс істеймін. Алғашында жинақтау учаскесінен бастадым. Сол жылдардан бері кәсіпорынның өндірістік қуаты өскенін, аккумулятор сапасының жақсара түскеніне тұрақты куә болып келеміз. Сонымен бірге жаңа технологиямен жұмыс істеуді де меңгердік. Ол үшін бізді арнайы оқытудан өткізіп тұрады. Мұндағы жұмыс қиын емес, ең бастысы өз ісіңді жақсы көріп, ынтамен атқарсаң болғаны, — дейді ол.

Еске салсақ, «Қайнар-АКБ» зауыты — облыстағы ең ірі, жүйеқұраушы кәсіпорынның бірі. Онда 1200 адам жұмыс істейді. Зауыттың Талдықорған қаласы өнеркәсібіндегі үлесі қазір 33,6% құрап отыр. Бүгінде мұнда жеңіл және жүк автомобильдеріне, ауыл шаруашылығына, әскери техникада т.б. салаларда қолдануға арналған аккумулятор батареяларының 50-ден астам түрін шығарылады. Кәсіпорында аккумулятор өндірісінің толық автоматтандырылған циклі енгізілген — бөлшектерді құюдан бастап дайын өнімді құрастыруға дейінгі барлық құрамдас бөліктер өндіріледі. Өнімдері Италия, Польша, ОАЭ, Ресей, Қытай және басқа да таяу шетелдерге экспортталады. Өткен сегіз айда мұнда  шамамен 1,7 млн дана аккумулятор батареясы шығарылған.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотосуреттерді түсірген: Дмитрий Ерофеев

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

FlyArystan кардиология саласындағы медициналық білім беру бағдарламаларын қолдауды жалғастыруда

Келесі жаңалық

Данияр Алшиновтың алғашқы жеке стендап концертінің тұсаукесері — 23 қазанда Freedom Media-да

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті
Категориясыз

Балқашта Металлург күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті

17 июля, 2026
Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты
Категориясыз

Жаңа адамдар мен Дала Қырандары Әділет партиясының жастар қанатын құру ниеті туралы келісім жасасты

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
Данияр Алшиновтың алғашқы жеке стендап концертінің тұсаукесері — 23 қазанда Freedom Media-да

Данияр Алшиновтың алғашқы жеке стендап концертінің тұсаукесері — 23 қазанда Freedom Media-да

Қазақстан экономикасының ғылыми-технологиялық секторын дамыту мәселесі Лондонда өткен Future Resilience Forum-да талқыланды

Қазақстан экономикасының ғылыми-технологиялық секторын дамыту мәселесі Лондонда өткен Future Resilience Forum-да талқыланды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мұнай-газ химиясы: Қазақстан 15 млрд АҚШ долларын инвестициялайды – жаңа индустрия 19 000 жұмыс орнын ашады

Мұнай-газ химиясы: Қазақстан 15 млрд АҚШ долларын инвестициялайды – жаңа индустрия 19 000 жұмыс орнын ашады

19 июня, 2025
Демалыс күндердегі АПЛ: қандай мачтарды тамашалауға болады

Демалыс күндердегі АПЛ: қандай мачтарды тамашалауға болады

19 августа, 2022
Нұрсұлтан Назарбаев: «Сайлау дағдарыс жағдайында өтті»

Нұрсұлтан Назарбаев: «Сайлау дағдарыс жағдайында өтті»

11 января, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
  • Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
  • Жезқазғанда Металлург күніне арналған ауқымды Metallurg Fest өтті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.