Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

admin by admin
22 октября, 2025
Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

Қазақстандық кредиттеу нарығында дүмпу және құлдырау кезеңін бастап өткізген коллекторлық агенттіктер бүгінгі таңда банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөлді атқарады. Алайда нарық бір орында тұрмайды, оның дамуына реттеуіш ортаның әсер ететіні де сөзсіз. Коллекторлар қазір қандай қиындыққа тап болып отырғаны туралы «Қазақстанның коллекторлар ассоциациясы» одағының төрағасы Омар Мәулен Асқарұлы өз ойын ортаға салды.

Байланысты

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

– Қазақстанның коллекторлар ассоциациясы дегеніміз не? Ол қандай функцияларды атқарады және сіздің негізгі рөліңіз қандай?

– Қазақстанның коллекторлар ассоциациясы – мерзімі өткен берешекті өндіріп алу және екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) және микроқаржылық ұйымдардың (МҚҰ) қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алу бойынша қызметтерді көрсететін еліміздегі ірі коллекторлық агенттіктердің (КА) қоғамдастығы.

Біздің ұйымның рөлі туралы айтатын болсақ, Ассоциация мүшелері мен мемлекеттік органдар арасындағы әрекеттесу кезінде олардың мүддесін білдіреміз, КА жұмысына әсер ететін заңнамаға түзету енгізуді бастаймыз және ары қарай сұрақтарды көтереміз, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен (ҚНРжДА) бірлесе отырып, кәсіби стандарттарды, борышкерлермен өзара әрекеттесу үдерісін жетілдіруге бағытталған этикалық нормаларды әзірлеп, оларды қолданысқа енгізумен айналысамыз.

Ассоциацияға келгенде дейін ұзақ жылдар бойы сақтандыру саласында, түрлі ЕДБ-да және коллекторлық агенттіктерде қызмет еттім. Бұған қоса «Коллекторлық қызмет туралы» ҚР Заңын және ҚР заңнамалық актілеріне ағымдағы өзгерістерді әзірлеу бойынша жұмыс тобының қатысушысы болдым. Сол себепті қазақстандық қаржы жүйесінің және заңнаманың ерекшеліктері маған өте таныс. Менің тәжірибем мен кәсіби мүддем Ассоциацияның негізгі міндеттерімен және еліміздегі қаржылық нарығын дамыту бойынша мемлекеттің жоспарларымен толық сәйкес келеді.

– Алайда қазір Ассоциация мен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) тұлғасында мемлекеттің позициясы сәйкес келмейді. Оның себебі неде?

– Иә, шынында біздің МКК-мен салық салуға қатысты кейбір мәселелерде ойымыз бір жерден шықпайды. Келіспеушілік қосылған құн салығының (ҚҚС) мәні мен оның туындау негіздерін басқаша талқылауда десе болады. МКК-нің пікірінше, коллекторларда ЕДБ мен МҚҰ қарыздары бойынша талап ету құқықтарын сатып алған кезде өндіріп алу мен сатып алу құнына қарасты сома арасындағы айырмашылыққа ҚҚС туындайды. Осыған байланысты салық органдары коллекторлық агенттіктерге ҚҚС бойынша айналымды төмендету туралы хабарламаларды жіберген. Біз мұндай салық салу айналымына мен ҚҚС төлеуге негіз жоқ деп санаймыз.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

– Ассоциация мен салық органдары Салық кодексінің, заңдар мен азаматтық құқықтың қандай баптарына сілтеме жасауда? Заңда шынында да қайшылықтар бар ма?

– Біздің ҚҚС бойынша дауымызда түрлі құжаттар қарастылады. Оның іщінде ҚР Азаматтық кодексінің «Меншік құқығы…» 2-бөлімі, «Міндеттемелік құқық» 3-бөлімі, «Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы» 19-тарауы; ҚР Салық кодексінің «Қосылған құн салығы» 10-тарауы, оның ішінде «Салық салынатын айналымды айқындау» 369-бабы және «Салық салынбайтын айналым және салық салынбайтын импорт» 45-тарауы, сонымен бірге әкімшілік-процессуалды құқық нормалары, яғни ӘПҚ-ның әкімшілік актілердің заңдылығы мен негізділігі туралы 7, 79, 84-баптары бар.

– Яғни бірнеше құжаттар туралы айтып тұрсыз. Онда салық органының талап ету құқығын басқаға беруден түскен табысқа ҚҚС салынуы керек деген позиция неге негізделген?

– Салық органы коллекторлық агенттіктер банк пен МҚҰ-дан борышкерлердің талап ету құқықтарын сатып алған сәтте мұндай талаптардың құқық иеленушісіне айналып, берешекті өндіріп алу бойынша қызметті жүзеге асыратыны туралы айтып келеді. Бұл ретте мұндай агенттіктер қарыз беру бойынша банк операциясын жүргізбейді және микрокредиттеумен айналыспайды.

Осыған байланысты МКК КА-ның құқықтарды басқаға беру шарттарының негізінде берешекті өндіріп алу бойынша қызметі ҚҚС-дан босатылған ақшалай нысанда кредит беру бойынша қызметтерді көрсету болып табылмайды, тиісінше, салық салудан босатылған қаржылық операцияларға жатпайды деп санайды.

Осы позицияға сүйенетін болсақ, салық органы логикалық тұрғыдан мінсіз ұйғарым жасайды. КА-да талап ету құқықтарын басқаға беру негізіндегі қарыз шарттары бойынша берешекті өндіріп алу бойынша қызметін жүзеге асырған кезде ҚҚС салынуға тиіс өткізу бойынша айналымда туындайды. Осы негіздеме бойынша салық органдары тексеру жүргізіп, қосымша есептеу туралы шешімдерді шығарады.

– КА-ның қызметін қаржы операциясы немесе қызмет көрсету түрінде топтастыра аласыз ба?

–  Егер талап ету құқығын басқаға беру туралы айтатын болсақ, екеуіне де топтастыра алмайсың. Мұндай жағдайда, ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес міндеттеме бойынша тұлғалар алмасады, алайда бастапқы құқықтық қарым-қатынас тараптарының мәні, шарттары мен міндеттері өзгермейді. Талап ету құқықтары ауысқан кезде жеткізуші мен тұтынушы пайда болады, сондықтан салық салынатын айналым мен ҚҚС туындамайды.

– Салық қызметінің мұндай алдын ала шешімдерін коллекторлық агенттіктер қалай қабылдауда?

– Әрине, теріс пікір басымдылыққа ие, себебі олар МКК-ның әрекеттерін заңсыз деп санайды. Біз ҚҚС жеткізуші мен тауарлардың, жұмыстар немесе қызметтердің алушысы болған кезде туындауы ықтимал жанама салық деп санаймыз. ЕДБ мен МҚҰ қарыздары бойынша талап ету құқықтарын және талап етудің өзге де құқықтарын басқаға беру кезінде келісімшарттық қарым-қатынастардың мәнін өзгертпестен, міндеттемеде тек тұлғалар ауысады, ал КА мүліктік құқықтың меншік құқығын ғана жүзеге асырады, яғни, осыған дейін атап өткенімдей, салық салынатын айналым туындамайды және борышкер үшін ештеңе өзгермейді.

Біздің позициямызды Ұлттық экономика министрлігі, ҚНРжДА, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы қолдайды. Бұған қоса осы сұрақ бойынша заң ғылымдарының докторы, Каспий қоғамдық университетінің «Әділет» жоғары құқық мектебінің академиялық профессоры Евгений Порохов осы пікірімізге келіседі. Ол тіпті объективті ұйғарымдар келтірілген және сұрақтың мәні толық талданған үлкен мақаланы жариялаған (https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=38168462).

– Яғни сіз талап ету құқығын басқаға беру ҚҚС-дан босатылуы қажет деп санайсыз ба?

– Дәл олай емес, мұнда салықтан босату туралы сөз қозғалып тұрған жоқ. Біздің позициямыз – талап ету құқығын басқаға берген кезде ҚҚС туындамайды, себебі салық салынатын айналым жоқ және осы тұжырымға барлық тәуелсіз сарапшылар келіседі.

– Егер салық органы өзінің позициясын ары қарай ұстанатын болса, Ассоциация мүшелері және жалпы нарық үшін қандай тәуекелдер бар деп санайсыз?

– Өкінішке қарай, салық органының позициясы нарық қатысушылары үшін бірнеше тәуекелден тұрады. Біріншіден, ҚҚС-ның жаппай қосымша есептеулер ары қарай борышкерлерге қойылады. Екіншіден, борышкерлердің шығындары едәуір өседі, үшіншіден, қызмет көрсете алатын ұйымдар болып табылатын коллекторлық агенттіктердің бір бөлігі банкрот болып, нарықтан кетуі ықтимал.

– Түсінікті, бірақ КА-дағы жұмыстан алшақ адамдарға қалай әсер етуі ықтимал деп санайсыз?

– Егер МКК мазмұндалған тәсілді бекітсе және коллекторлық агенттіктерді ЕДБ мен МҚҰ қарыздар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру бойынша операциялардан ҚҚС-ны төлеуге міндеттесе, салық заңнамасына сәйкес тиесілі сома борышкерлерге, яғни күрделі қаржылық жағдайдағы азаматтарға жүктеледі. Бұл әрекет тіпті қарыздар толық өтегеннен кейін де қосымша есептеуге алып келеді, азаматтарда жаңа қаржылық міндеттемелер пайда болады және әлеуметтік шиеленіс                  артады.

Бұған қоса мұндай салықтық жүктелім қаржылық қызметтер нарығын тұрақсыздандырып, коллекторлық ұйымдардың жұмысын қиындатады және «Қарызсыз қоғам» секілді берешекті қайта құрылымдау бағдарламаларын жүзеге асыру мүмкіндігі бромайды.

Сондай-ақ МКК осы бастаманы заңды түрде іске асырса, оның масштабы және елеулі әлеуметтік-экономикалық салдары қандай болатынын айтып жеткізу қиын. Әрине, біз кәсіби салалық Ассоциация ретінде және мен еліміздің азаматы ретінде оқиғаның дәл осылай өрбігенін қаламаймыз. Сол себептен мемлекеттік органдармен және сарапшылармен белсенді диалог жүргізіп келеміз.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Xiaomi бар арман үйі: өмірімізді жеңіл де әдемі ететін технологиялар

Келесі жаңалық

«AMANAT» партиясы Әділетті Қазақстанның цифрлық дәуірін қалыптастыруда

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Келесі жаңалық
«AMANAT» партиясы Әділетті Қазақстанның цифрлық дәуірін қалыптастыруда

«AMANAT» партиясы Әділетті Қазақстанның цифрлық дәуірін қалыптастыруда

FlyArystan кардиология саласындағы медициналық білім беру бағдарламаларын қолдауды жалғастыруда

FlyArystan кардиология саласындағы медициналық білім беру бағдарламаларын қолдауды жалғастыруда

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Мамин Өзбекстан премьерімен кездесті

Мамин Өзбекстан премьерімен кездесті

3 июня, 2021
«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты хабарлама

«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылары кәсіподағының талаптарына қатысты хабарлама

15 ноября, 2024
Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтанда жол ортасында билеген тұрғын ұсталды

13 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.