---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/10/19/%d2%9baza%d2%9bfilm-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-policzejdi%d2%a3-erligin-ar%d2%9bau-etken-filmni%d2%a3-premerasyn-%d3%a9tkizedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді

![«Қазақфильм» қазақстандық полицейдің ерлігін арқау еткен фильмнің премьерасын өткізеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/10/gluster_2025_10_16_0874fc25fb7ed45dc41a847f662ddfeb_1280x720.jpeg)

**Еліміздің кинотеатрларында 23 қазаннан бастап «Қазақфильм» киностудиясының «Капитан Байтасов» атты көркем фильмі көрсетіле бастайды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.**

Фильм нақты оқиға желісі негізінде түсірілген және 2011 жылы Тараз қаласында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігіне арналған.

Картинаны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген.

Көркем фильмнің премьерасы 23 қазанда өтеді. Онда басты рөлдерді Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асан Мәжит, Дархан Сүлейменов және Қобыланды Болат сомдайды.

---

Жарияланды: 2025-10-19T06:58:10+06:00

Жаңартылды: 2025-10-19T06:58:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/10/19/%d2%9baza%d2%9bfilm-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-policzejdi%d2%a3-erligin-ar%d2%9bau-etken-filmni%d2%a3-premerasyn-%d3%a9tkizedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.