Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Футбол — үміт сыйлайтын спорт: UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

admin by admin
16 октября, 2025
Футбол — үміт сыйлайтын спорт:  UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

«Әрбір жаңа қабілет біздің балалар үшін үлкен еңбектен келеді. Бірақ жаттықтырушы әркімге жекелей жол табады, біз баланың дамып жатқанын көреміз. Бұл жоба біздің отбасылар үшін бақытты мүмкіндік» — Шымкенттен қатысушының анасы Динара Төлеғенова.

Байланысты

Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды

Алматыда цифрлық медицина болашақ емес — ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

«Бұрын балаларымызды далада ойнауға шақырмайтын, тек доп әкеліп беруші болатын. Қазір менің ұлым — толық құқылы ойыншы. Ол сыртта емес — алаңда. Бұл — шынайы инклюзия. Бұл — бақыт» — Петропавл қаласынан қатысушының әкесі Владимир Янчевский.

«Ұлым бұрын жаттығуда жылаушы болатын — қалай гол соғуды түсінбейтін. Енді өзі соғады, үйде матчтарды қуанышпен тамашалайды. Достар тапты, сөйлесуді үйренді, өз бетімен әрекет етуге дағдыланды. Бұл шынайы әлеуметтену» — Өскемен қаласынан қатысушының анасы Елена Чернякова.
2025 жылғы 12 қазанда «Астана Арена» стадионында UNI Football League жобасының құрамындағы командалар арасында елімізде бірінші инклюзивті футбол турнирі өтті. Турнирге Аутизм, Дауна синдромы, ДЦП және басқа даму ерекшеліктері бар 95 бала мен жасөспірім қатысты, олар Қазақстанның 10 қаласынан келген: Астана, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Петропавл, Тараз және Өскемен.

Ойындар 5+1 форматында өтті, матчтар уақыты — әрқайсысы 15 минут. Жеңімпаздар анықталған жоқ — барлық қатысушылар медальдар мен естелік сыйлықтар алды, өйткені турнирдің басты мақсаты — жарыс емес, қолдау, инклюзия және ойнаудан қуаныш алу. Жас футболшылардың ата-аналары жоба серіктестері мен демеушілерімен кездесті және оларға алғыс білдірді.

Турнир ерекше футболшыларды, олардың ата-аналарын, жаттықтырушыларды, волонтерларды, демеушілер мен БАҚ өкілдерін біріктірді. UNI Football League — теңдікке, қолжетімділікке және үмітке салынған еңбек. Жобаға жасалған әрбір инвестиция — бақытты балалық, сенімді болашақ және мықты қоғам құруға бағытталған. UNI Football League жай ғана секция емес — ерекшелігі бар балалар команда мен қоғамның бір бөлігі ретінде өзін сезінетін шынайы қауымдастық.

«Екі жыл бұрын мен, Чингис Темерхановпен бірге — Қазақстанның футбол федерациясындағы әлеуметтік жобалардың кураторы, Blind және ЦП футболының негізін қалаушы, ерекшелігі бар балаларға әлеуметтену үшін тағы бір мүмкіндік сыйлау мақсатында бұл жобаны бастаған едік. Сол кезде көптеген атааналар балаларының футбол алаңына шығатынын, гол соғатынын, командамен ойнайтынын елестете де алмайтын. Бұл мүмкін емес көрінген. Ал бүгін, еліміздің басты спорт аренасында біз ондай балдардың шамамен 100ге жуық жиналғанын көрдік, футбол олардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналды — бүкіл Қазақстандағы жүздеген отбасының қуаныш, мақтаныш және бақытының көзі. Бұл турнир — жүйелі қайырымдылықтың үлгісі, бизнестің ерекше балаларды қолдау үшін бірігуі. Бүгін бұл жерде 32 компания, 90 волонтер, жүзден астам атаана, жаттықтырушылар, Астана қаласы әкімдігі, шетелдік елшіліктер бар. Баршаңызды турнир мен Лига ұйымдастыруға қолдау көрсеткендеріңіз үшін жүректен алғыс айтамын. UNI Football League — жай спорт ғана емес» — деп атап өтті «Bolashak Charity» ҚҚ Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.
«Бүгінгі турнир Қазақстандағы инклюзивті спорт дамуының жаңа кезеңін ашатын тарихи оқиға. «Freedom Шапағат» қоры үшін оны қолдау біздің әлеуметтік миссиямыздың ажырамас бөлігі. UNI FOOTBALL LEAGUEды қолдап, әр баланың дамуына жағдай жасап, біз бірге инклюзивті, мейірімді және әділетті қоғам құрамыз» — деді «Freedom Шапағат» ҚФ президенті Баглана Мусина.

UNI Football League туралы

Buy JNews
ADVERTISEMENT

2023 жылы «Bolashak Charity» Қоғамдық қоры, Қазақстанның футбол федерациясы және «Freedom Шапағат» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балаларға қолдау көрсету, инклюзив спортты дамыту және футбол арқылы өзара көмек пен ізгілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында UNI Football League атты ерекше әлеуметтік жобаны іске қосты. Астана қаласы әкімдігінің және Испания Корольдігі елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан бұл жоба елімізде аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларды футбол әлеміне тартуға бағытталған алғашқы ауқымды бастама болды.

Жобаға Қазақстанның 9 қаласынан жүзден астам бала қатысады. Жоба UEFAның B, C және D санаттағы лицензиясы бар, инклюзия саласында тәжірибесі бар кәсіби жаттықтырушылар тобын қамтиды, оның ішінде арнайы мүмкіндіктері бар адамдар да бар.
«Мен өзім ДЦП диагнозымен өмір сүремін және спорттың өмірді қалай өзгерте алатынын білемін. Бұл балалар көз алдымызда өсіп келеді — физикалық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да. Жоба оларға тек доп беріп қана қоймай, әлеуметтену мүмкіндігін сыйлайды» — деді Атыраудағы UNI Football League жаттықтырушысы Нұржан Қасанов.
Көптеген отбасылар үшін жобаға қатысу — баланың спорт арқылы әлеуметтенуі жолындағы алғашқы тәжірибе болды. UNI Football League жобасы дәлелдейді: спорт — потенциалды ашудың, денсаулықты нығайтудың және инклюзив қоғам құрудың қуатты құралы.

Турнирдің серіктестері мен демеушілері

Қазақстан футбол федерациясы, Астана қаласының әкімдігі, «AMANAT» партиясы, Италия елшілігі Қазақстанда, «ҚазЦинк» компаниясы, қолөнер нан пісіру шеберханасы «Gastronomy Lab», «MTex» компаниясы, «AEvent» компаниясы, Астананың Азаматтық бастамалар орталығы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жарнама агенттігі «MYD PRODUCTION», «Glife» көгілдір су, Arbuz.kz интернетмагазині, тәттікафе бутигі «La Creme», кинотеатрлар желісі «Chaplin Cinema», отбасы интернетмагазині «Marwin», Hampton by Hilton Astana Triumphal Arch қонақ үйі, «Vietjet Kazakhstan» әуе компаниясы, фитнес жабдықтарын сататын «Technogym», «Business Catering» компаниясы, футобл клубы «Астана».

Ақпараттық серіктестер: «Musan Group» медиа холдингі, «Qazsport», «Astana TV», «Almaty TV», «Qonaev Media», ЖШС «АйқынЛитер» және басқалар.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Samsung Қазақстанда Samsung Vision AI жасанды зерденің революциялық технологиясымен бірге теледидарларды ұсынады

Келесі жаңалық

MyBuh Конференция 2025: тегін онлайн-трансляция

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды
Категориясыз

Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды

14 ноября, 2025
Алматыда цифрлық медицина болашақ емес — ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр
Категориясыз

Алматыда цифрлық медицина болашақ емес — ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр

14 ноября, 2025
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ
Категориясыз

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

14 ноября, 2025
Қазақстандық оқушы әлемдік опера сахнасын бағындыруға дайындалуда
Категориясыз

Қазақстандық оқушы әлемдік опера сахнасын бағындыруға дайындалуда

13 ноября, 2025
Елнұр Бейсенбаев: Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесі берілетін болады
Категориясыз

Елнұр Бейсенбаев: Қазақстан тарихында алғаш рет мемлекеттік архивтерге «Ұлттық» мәртебесі берілетін болады

12 ноября, 2025
Жаңа адамдар «Қауіпсіз әйелдер таксиі» жолаушыларының шынайы оқиғаларын ұсынды
Категориясыз

Жаңа адамдар «Қауіпсіз әйелдер таксиі» жолаушыларының шынайы оқиғаларын ұсынды

11 ноября, 2025
Келесі жаңалық
MyBuh Конференция 2025: тегін онлайн-трансляция

MyBuh Конференция 2025: тегін онлайн-трансляция

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

«Каспийді сақтайық!» — Жаңа адамдар теңізді қорғау мақсатында жағалаудағы елдерге үндеу жолдады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 84-ке жетті

Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 84-ке жетті

3 апреля, 2025

BeWoman Asia 2025: Алматыда ұрпақтарды біріктірген форум

29 сентября, 2025
Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

29 ноября, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Талаптарды тағайындау бойынша ҚҚС: Неліктен инкассаторлар мен салық органдары келіспейді?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Вейптердің заңсыз онлайн-саудасы: «Вейпсіз жастық шақ» әлеуметтік жобасы аясында зерттеу жүргізілді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Синквейн деген не?

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Балалардың жоғалуын алдын алу бойынша әлеуметтік науқан «ADASQAN» сериалының тұсаукесерімен басталды
  • Алматыда цифрлық медицина болашақ емес — ол қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр
  • ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДАҒЫ ЖАҢА АВТОМОБИЛЬДЕР НАРЫҒЫ

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.