Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Жетісуда әлеуметтік осал топтағы 2 мыңнан астам отбасының үйіне датчиктер орнатылады

admin by admin
15 октября, 2025
Жетісуда әлеуметтік осал топтағы 2 мыңнан астам отбасының үйіне датчиктер орнатылады

Жетісу облысында бүгінгі таңда өрттің алдын алу іс-шаралары мен үй аралау жұмыстарымен әлеуеметтік осал топтағы 7616 отбасы қамтылды. Осы санаттағы отбасы үйлеріне газдың қауіпті шоғырлануын анықтайтын 2045 датчик орнату жоспарланған. Бүгінгі күнге соның 820-сы орнатылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, датчиктер Кербұлақ, Ескелді, Сарқан, Панфилов, Ақсу аудандарында қойылған. Жалпы Департамент тарапынан жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Оның аясында мемлекеттік органдар мен еріктілер ұйымдарының қатысуымен рейдтік тексерулер, тұрғындармен кездесу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар өткізілуде.

Мәселен, бүгін төтенше жағдай саласының қызметкерлері Талдықорған қаласындағы «Қызылтас» саяжайында тұратын әлеуметтік осал топтағы отбасы үйлерін аралап, пеш мұржаларын тазалады, датчиктер орнатты, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар рейд жұмыстарына «ТАТЭК» АҚ мамандары да тартылып, олар үйлердегі электр желілерінің жұмысын тексерді.

— Жетісу облысында жеке тұрғын үй секторларында жылыту маусымында өрттің алдын алу шаралары кеңінен атқарылуда. Халық арасында түсіндіру жүргізіліп, әсіресе жылыту құрылғыларының жұмысы, пеш жағу ережелерін түсіндіруге көп көңіл бөлінеді. Биыл әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасы үйлеріне орнату үшін газдың қауіпті шоғырлануын анықтайтын 2045 датчик сатып алу жоспарланған, соның 1720-сы сатып алынды, қалғаны қазан айының соңына дейін сатып алынады, құрылғыны орнату жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Жетісу облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғаныс капитаны Еламан Әубәкіров.

Аталған шараларға қатысты жергілікті тұрғындар да пікір білдірді.

— Үйімізге тегін датчик қойып, пештің мұржасын тазалап берді. Төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын осылай көмектеседі. Жасым егде адам болғандықтан, жылыту маусымында маған осындай жұмыстарды атқаруға көмек қажет, сондықтан мұндай жұмыстардың атқарылып жатқанына ризамыз, — дейді жергілікті тұрғын Кәкимаш Оразбаева.

Атап өтсек, жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылыту маусымы басталғалы бері өңірдегі өрт оқиғаларының саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге азайған.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Александр Склабовский,

сол сияқты фотосуреттерді Жетісу облыстық ТЖД ұсынды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

01.10.2025 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Келесі жаңалық

GITEX GLOBAL 2025: Huawei жаңа буындағы жасанды интеллект негізіндегі инновацияларды таныстырады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
Категориясыз

Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда

20 июля, 2026
«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
Категориясыз

«Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді

20 июля, 2026
Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді
Категориясыз

Жануарларға мейірімді бол: Жаңа адамдар жануарларға жауапкершілікпен қарау мәдениетіне арналған акция өткізді

19 июля, 2026
Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды
Мәдениет

Әлемге танымал киберспортшы Данил «Molodoy» Голубенко Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадоры атанды

19 июля, 2026
Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды
Категориясыз

Жезқазғанда «Қазақмыс» металлургтері жоғары марапаттарға ие болды

18 июля, 2026
Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.
Категориясыз

Астанада фиджитал спорт бойынша әлемдегі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі – Болашақ ойындары өтеді.

17 июля, 2026
Келесі жаңалық
GITEX GLOBAL 2025: Huawei жаңа буындағы жасанды интеллект негізіндегі инновацияларды таныстырады

GITEX GLOBAL 2025: Huawei жаңа буындағы жасанды интеллект негізіндегі инновацияларды таныстырады

Samsung Қазақстанда Samsung Vision AI жасанды зерденің революциялық технологиясымен бірге теледидарларды ұсынады

Samsung Қазақстанда Samsung Vision AI жасанды зерденің революциялық технологиясымен бірге теледидарларды ұсынады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Пәтер алуға көмектесуге уәде еткен». Ақтауда алаяқ ұсталды

«Пәтер алуға көмектесуге уәде еткен». Ақтауда алаяқ ұсталды

29 января, 2021
Досбол Бекмағамбетов экология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

Досбол Бекмағамбетов экология және табиғи ресурстар вице-министрі болды

28 февраля, 2023
Қазақстанда доллар қымбаттады

Қазақстанда доллар бағамы өсті

19 марта, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Елде ірімшік пен сүзбе өндірісінің өсімі жалғасуда
  • «Жыланды» және «Нұрқазған» кеніштеріне жаңа бұрғылау қондырғылары жеткізілді
  • Қазақстандық Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.