Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

GITEX GLOBAL 2025: Huawei жаңа буындағы жасанды интеллект негізіндегі инновацияларды таныстырады

admin by admin
15 октября, 2025
GITEX GLOBAL 2025: Huawei жаңа буындағы жасанды интеллект негізіндегі инновацияларды таныстырады

2025 жылғы 13-17 қазан аралығында Huawei компаниясы Dubai World Trade Centre алаңында өтетін GITEX GLOBAL 2025 көрмесіне қатысуда. Биылғы жылы Huawei «All Intelligence» тақырыбы аясында өтетін бұл іс-шараның платина демеушісі болып табылады және жасанды интеллект, желілік технологиялар, бұлттық шешімдер, деректерді сақтау жүйелері мен киберқауіпсіздік салаларындағы ең жаңа әзірлемелерін ұсынады.

Байланысты

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Ауданы 1200 м²-ден асатын Huawei көрме алаңында өнеркәсіптік аналитика, Huawei Cloud, интеллектуалды деректерді өңдеу орталықтары, интеллектуалды кампустар және серіктестік парк атты бес негізгі бағыт қамтылады. Келушілерге 80-нен астам шешім мен 40 интерактивті демонстрация ұсынылады, олардың қатарында Xinghe жасанды интеллект желісі, AI Data Lake деректер қоймасы, жаңа буындағы оптикалық шешімдер мен мемлекеттік секторға, қаржы, энергетика, көлік және білім салаларына арналған бұлттық платформалар бар.

Huawei компаниясының Таяу Шығыс және Орталық Азия бойынша президенті Филипп Ган өз сөзінде атап өтті: «Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен дамуда, олар салаларды түбегейлі өзгертіп, жаңа көкжиектер ашуда. Біздің мақсатымыз – бұл қуатты технологияны әрбір салада қолжетімді және қолдануға икемді ету. GITEX көрмесінде біз теориялық ұғымдардан асып, ЖИ-дің болашағын нақты мысалдар арқылы көрсетеміз. Біз компанияларға жасанды интеллектіні сенімді түрде енгізіп, инновацияларды кеңейтуге мүмкіндік беретін берік инфрақұрылым ұсынамыз. Клиенттермен және серіктестермен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, біз осы мүмкіндіктерді бүкіл саланың ілгерілеуіне және Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы экожүйелердің нығаюына ықпал ететін нақты шешімдерге айналдырамыз».

Компания 80-нен астам шешім мен 40 интерактивті аймақты ұсынады. Олардың ішінде Xinghe жасанды интеллект желісі, жаңа буындағы оптикалық шешімдер, AI Data Lake платформасы және ІІ негізіндегі бұлттық сервистер бар. Бұл технологиялар мемлекеттік мекемелердің, қаржы институттарының, энергетикалық және көлік компанияларының, сондай-ақ білім беру ұйымдарының жұмысын оңтайландырып, қалаларды неғұрлым «ақылды» әрі тұрақты етеді.

«Ұлттық цифрлық трансформацияны жеделдету мақсатында біз GovTech1.0 платформасын ұсынамыз – бұл мемлекеттік мекемелерді жылдам жаңғыртуға арналған стратегиялық жоспар. Huawei мемлекеттік секторға арналған жоғары деңгейлі шешімдер мен арнайы ұсыныстар әзірледі, олардың негізінде төрт негізгі қағида жатыр: қосымшалардың интеллектуалдандырылуы, деректердің үйлестірілуі, платформалардың стандартталуы және кеңжолақты желі», – деп атап өтті Huawei компаниясының Таяу Шығыс пен Орталық Азиядағы АКТ-маркетинг және шешімдерді сату департаментінің президенті Аллен Тан.

Huawei дәстүрлі түрде ашық экожүйе мен серіктестікке ерекше мән береді. GITEX GLOBAL 2025 аясында компания 20 жаңа салалық шешімді, шағын және орта бизнеске арналған 30 өнімді таныстырып, арнайы серіктестік парк ұйымдастырады. Бес күн бойы салалық форумдар, панельдік пікірталастар және цифрлық қуат, киберқауіпсіздік пен жасанды интеллектіні қолдануға арналған баяндамалар тақырыптарын қамтитын 100-ден астам сараптамалық сессиялар өтеді.

GITEX Cyber Valley киберқауіпсіздік көрмесінің жетекші демеушісі ретінде Huawei интеллектуалды технологиялар дәуіріндегі қауіпсіздік жөніндегі өз көзқарасын да ұсынады. 14 қазанда Huawei компаниясының жаһандық киберқауіпсіздік және құпиялылық жөніндегі директоры Шон Ян «Жасанды интеллект деректері мен инфрақұрылымының қауіпсіздігін нығайту және барлық талдамалық деректердің қорғалуын қамтамасыз ету» тақырыбында баяндама жасайды. Сессия барысында сондай-ақ ІІ негізіндегі қауіпсіздік шешімдерінің жаңа портфелі, соның ішінде кәсіпорындарды күрделене түскен қауіп-қатер жағдайында қорғауға арналған Xinghe Intelligent SASE интеллектуалды шешімі таныстырылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Телекоммуникация саласында Huawei 5.5G желілерін белсенді дамытып, әлем бойынша 2,1 миллиардтан астам 5G пайдаланушысына қызмет көрсетеді.

Компания интеллектуалды желілерді, жаңа контент форматтарын және корпоративтік клиенттерге арналған цифрлық сервистерді дамытуда.

Бұлттық технологиялар саласында Huawei дәстүрлі есептеу үлгісінен MaaS (Model-as-a-Service) – жасанды интеллект моделін қызмет ретінде ұсыну тұжырымдамасына көшуді көрсетеді. Негізгі шешімдердің қатарында ModelArts (модельдерді оқыту платформасы), Versatile (интеллектуалды корпоративтік агенттер), сондай-ақ жаңа буындағы дерекқорлар мен талдамалық қызметтер – GaussDB, TaurusDB, DataArts Studio және MapReduce Service бар.

Huawei интеллектуалды білім беру бағытына да айрықша назар аударады. 14 қазанда өтетін Ақылды білім беру форумы барысында компания оқу үдерістерін цифрлық трансформациялау тұжырымдамасын және ЮНЕСКО-мен бірлескен инклюзивті, тең және технологиялық тұрғыдан дамыған білім беруді дамытуға бағытталған бастамаларын таныстырады.

GITEX GLOBAL 2025 көрмесі 13-17 қазан аралығында Дубайдың Әлемдік сауда орталығында өтеді. Қатысушылар Huawei сарапшыларымен кездесіп, компанияның соңғы әзірлемелерімен 22-павильондағы стендінде таныса алады.

Толығырақ ақпарат: e.huawei.com/ae/events/ae/gitex/2025

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Жетісуда әлеуметтік осал топтағы 2 мыңнан астам отбасының үйіне датчиктер орнатылады

Келесі жаңалық

Samsung Қазақстанда Samsung Vision AI жасанды зерденің революциялық технологиясымен бірге теледидарларды ұсынады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
Категориясыз

1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді

15 апреля, 2026
Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
Категориясыз

Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде

15 апреля, 2026
Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді
Категориясыз

Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

15 апреля, 2026
Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда
Категориясыз

Дәстүрге оралу: жергілікті мерекелер сұраныстың драйверіне қалай айналуда

15 апреля, 2026
ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ
Категориясыз

ПРЕЗИДЕНТ ТАБЫСТАҒАН ПӘТЕРЛЕРГЕ ЖАС ҒАЛЫМДАР ҚОНЫСТАНДЫ

14 апреля, 2026
Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде
Категориясыз

Қазақмыста қауіпсіздікті күшейту үшін автоматты медициналық тексеру жүйесі енгізілуде

14 апреля, 2026
Келесі жаңалық
Samsung Қазақстанда Samsung Vision AI жасанды зерденің революциялық технологиясымен бірге теледидарларды ұсынады

Samsung Қазақстанда Samsung Vision AI жасанды зерденің революциялық технологиясымен бірге теледидарларды ұсынады

Футбол — үміт сыйлайтын спорт:  UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

Футбол — үміт сыйлайтын спорт: UNI Football League ерекше балалардың өмірін қалай өзгертіп жатыр

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

1 наурызда «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезі өтеді

18 февраля, 2022
Қазақстанда соңғы тәулікте 2 579 адам коронавирус індетін жұқтырды

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны азайды

11 октября, 2022
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жаңа басшысы тағайындалды

16 апреля, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматылық онколог: Ерте скрининг қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімді азайтудың негізгі жолы болып қала береді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақстанда алиментке өтініш беру нұсқаулығы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • 1,5 млн теңге және жол апатын қолдан ұйымдастыру: прокуратура блогер Молдахан ісінің мән-жайын түсіндірді
  • Қоғам белсенділері мен депутаттар жануарларды қорғау ұйымдарын тексеруді талап етуде
  • Жаһандық зерттеу: авиациялық технологияларға инвестициялардың тиімділігі деректерді үйлестіруге тәуелді

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.