Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Urban Water 2025: Алматы климаттық сын-тегеуріндерді мүмкіндіктерге қалай айналдыра алады

admin by admin
13 октября, 2025
Urban Water 2025: Алматы климаттық сын-тегеуріндерді мүмкіндіктерге қалай айналдыра алады

Алматыда Urban Water 2025 жобасы аясында ұйымдастырылған ашық дәрістер өтті. Жобаны Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қоры Tikkurila by PPG қолдауымен өткізді. Бағдарлама қала тұрғындарын, урбанистер мен экологтарды қалалық ортадағы ең өзекті мәселелердің бірі — суды басқару тақырыбы төңірегінде біріктірді.

Байланысты

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

Талқылаулардың негізгі бағыты «губка-қала» тұжырымдамасына арналды. Бұл модельге сәйкес, қалалық инфрақұрылым суды ұстап, тазалап, жинақтап, кейін табиғатқа — экожүйеге қайта бағыттай алады. Мұндай тәсіл Қытай, Еуропа және АҚШ мегаполистерінде өз тиімділігін дәлелдеп, құрғақшылық пен су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік берді.

«Біз Urban Water 2025 бағдарламасын ғылым мен дизайнның, қала мен табиғаттың, әлемдік тәжірибе мен жергілікті білімнің арасындағы көпір ретінде жасадық. Біз табиғаттың өзінен үйреніп жатқан шешімдер туралы айтып отырмыз: ол бізге ыстық пен су тапшылығымен қалай күресуді үйретеді. Осы пікірталастар Алматыға «губка-қалалар» қозғалысына қосылуға және табиғи шешімдерді енгізу бойынша үздік әлемдік тәжірибелер қатарына енуге жол ашады деп сенемін», – деді Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қорының төрағасы Әділ Нұрмақов.

Urban Water 2025 бағдарламасы аясында халықаралық сарапшылар — француздық Sponge Collaborative компаниясының өкілі Сурав Кумар Бисвас және Қытайдың Turenscape сәулет бюросының халықаралық жобалар жетекшісі Ханью Ши дәрістер оқыды. Дәл осы Turenscape компаниясы «sponge city» – «губка-қала» тұжырымдамасын әзірлеп, оны кеңінен насихаттаған. Сарапшылар әлемнің түрлі қалаларының климаттың өзгеруіне қалай бейімделіп жатқанын айтып берді. Олар жауын суын сақтау арқылы су тасқынының алдын алу, ұзаққа созылған ыстық кезеңдерде қалаларды салқындату және жаңа жасыл аймақтар құру тәжірибелерімен бөлісті.

«Әрбір қала «губка» болуға ұмтылуы тиіс — бұл бір мезетте көптеген климаттық қатерлерге төзімділікті арттырып қана қоймай, суды ландшафт, биоалуантүрлілік пен қауымдастықтарды дамытуға шабыт көзіне айналдыра отырып, қаладағы өмір сапасын жақсартады. Табиғатқа қарсы емес, табиғатпен үндес дизайн ғана су тасқыны қаупін азайтып, суға кеңістік пен уақыт, ал қалаға қауіпсіздік бере алады», – деді тұрақты қалалық даму жөніндегі маман Сурав Кумар Бисвас.

Сарапшының айтуынша, Алматы таудың етегінде орналасқандықтан, мұнда су тасқыны, ыстық және көшкін сияқты құбылыстар тоғысады. Оның айтуынша, қалаға таудың жоғарғы беткейлерінен бастап өзен жайылмаларына дейін қамтитын өзара байланысқан табиғатқа негізделген шешімдер жүйесі қажет: беткейлерде орман қалпына келтіру мен биоинженерия, агроландшафттарда контурлы террасалар мен суды ұстап қалу, өзен арналары мен қалалық су айдындарын қайта қалпына келтіру. Таудан төмен қарай созылатын мұндай «дәліз» судың ағуын баяулатып, оны таратады, эрозияны азайтады және судың жер асты қабаттарына сіңуіне мүмкіндік береді.

Өз дәрісінде табиғи шешімдер саласының жетекші сарапшысы Ханью Ши «губка-қала» тәсілінің тиімділігі бүкіл әлемде іске асқан жобалармен дәлелденіп отырғанын атап өтті. Мәселен, Бангкокта бұрынғы өнеркәсіп аймағы табиғи суды тазарту жүйесі бар қалалық саябаққа айналған, ал құрылыстың өзіндік құны шаршы метріне небәрі 20 АҚШ долларынан аспаған. Сондай-ақ ол Қытайда өткен жылғы тайфун кезінде «дем алатын» жағалау сызығы табиғи жолмен қысымға төтеп беріп, ал бетон инфрақұрылым нысандары айтарлықтай зақым алғанын мысалға келтірді. Бұл табиғи негіздегі шешімдердің тұрақтылығын дәлелдейді.
Форумға қатысушылар су мәселесіне қатысты ашық диалог пен жариялылықтың маңызын, сондай-ақ мұндай бастамаларды мемлекет, бизнес және қала тұрғындарының ұзақ мерзімді қолдауы қажеттігін атап өтті. Urban Water 2025 бағдарламасы аясында ашық дәрістермен қатар, әкімдік өкілдері мен ландшафтық сәулетшілер, урбанистер және қалалық орта дизайнерлері сияқты кәсіби қауымдастық мүшелеріне арналған қарқынды тәжірибелік семинар өтті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру — Tikkurila стратегиясының бір бөлігі және біздің құндылықтарымыздың көрінісі.

Біз су ресурстары мен экологиялық шешімдер жөніндегі ақпараттылықты арттыру мақсатында компаниямыздың ресурстарын, сараптамасын және брендтік платформасын пайдалануға қуаныштымыз. Біз бизнес пен қоғамды орнықты болашақ жолында біріктіретін брендтің бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз және «Urban Water» жобасы осы мақсатқа қол жеткізуге елеулі үлес қосады деп сенеміз.», – деп бөлісті Tikkurila by PPG бренд-менеджері, Қазақстан, Орталық Азия және экспорттық елдер бойынша өкілі Мөлдір Өтеген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Urban Water 2025 тек білім беру бастамасы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдарға, сәулетшілерге, девелоперлер мен бизнес өкілдеріне арналған практикалық ұсынымдар әзірлеуге бағытталған стратегиялық жоба болып табылады. Бұл жоба табиғи тетіктерді қала құрылысына енгізу Алматы мен Қазақстанның басқа қалаларының орнықты дамуының басты құралына айнала алатынын көрсетті.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

АҚШ қазынашылық облигациялары өрлеуде: инвесторлар борыш нарығында қалай табыс таба алады

Келесі жаңалық

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
Категориясыз

Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

12 июня, 2026
Назгүл Жұмағұлова  Тәуекелі тастай кәсіпкер
Категориясыз

Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер

12 июня, 2026
Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр
Категориясыз

Қазақстанның 500 ірі компаниясы ел экономикасының жартысын қалыптастырып отыр

12 июня, 2026
«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады
Категориясыз

«Таза Қазақстан»: Текеліде жыл соңына дейін 15 үйдің шатыры мен 14 үйдің қасбеті жаңартылады

11 июня, 2026
«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді
Категориясыз

«Қазақмыс» басшылығы Оңтүстік Жезқазған кенішінің ұжымымен ашық кездесу өткізді

11 июня, 2026
Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды
Категориясыз

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

11 июня, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

Қазақстанда мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы

01.10.2025 жылғы жағдай бойынша "Alatau City Garant " СК" АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ұшақпен ыңғайлы, сәтті ұшу үшін 3 қарапайым кеңес

Ұшақпен ыңғайлы, сәтті ұшу үшін 3 қарапайым кеңес

1 июля, 2021
Шымкентте қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

Шымкентте қаржы пирамидасын құрған күдіктілер ұсталды

24 декабря, 2020
Адам папилломавирусы: Алматылық онколог қауіптер мен алдын алу шаралары туралы айтып берді

Адам папилломавирусы: Алматылық онколог қауіптер мен алдын алу шаралары туралы айтып берді

29 мая, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді
  • Назгүл Жұмағұлова Тәуекелі тастай кәсіпкер
  • Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.