---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/10/11/b%d2%afkilrespublikaly%d2%9b-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-akcziyasy-600-my%d2%a3nan-astam-adamdy-biriktirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бүкілреспубликалық «Таза Қазақстан» акциясы 600 мыңнан астам адамды біріктірді

![Бүкілреспубликалық «Таза Қазақстан» акциясы 600 мыңнан астам адамды біріктірді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/10/gluster_2025_10_11_50c940a993b1603fd516de8b2d23be37_1280x720.jpeg)

**Бүгін республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтті.**

Ауқымды шараға 610 мыңнан астам адам қатысып, жұмылған еңбек нәтижесінде 90 мыңға гектарға жуық территория тазартылды. Сондай-ақ, 180 мың жасыл желек отырғызылды — ағаш түрлері аумақ ерекшелігіне қарай таңдалған — алма, қара мойыл, тал және ирга.

«Біз, орманшылар, жыл сайын ағаш отырғызамыз, алайда бүгін бұл іске мыңдаған адамның қосылғанын көру- ерекше қуаныш.

Мұндай акциялар азаматтардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастырып, еліміздің орман ресурстарын болашақ ұрпақ үшін сақтауға ықпал етеді», – деп атап өтті Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары М. Елемесов.

Аталмыш шара «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған Тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды. Оның мақсаты – қоғамның экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа ұқыпты қарау идеясын кеңінен насихаттау.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Тұжырымдама аясында өткен шараларда әрбір үшінші қазақстандық бой көрсетті. Биылғы жылдың 9 айында ұйымдастырылған экологиялық акцияларға 5,4 млн астам адам қатысып, 966 мың гектарға жуық аумақтан 729 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды, ел аумағы 2,4 млн түп ағашпен толықты.

Айта кету керек, биыл аумақты тазалау жұмыстарына бір уақытта шыққан адам саны бойынша алғаш рет ел рекорды орнатылды. Жетістік еліміздің КИНЭС рекордтар кітабына енгізілді. Дүниежүзілік тазалық күніне орайластырылған сенбілікке 400 мыңнан астам қазақстандық қатысты.

Сонымен қатар, экологиялық міндетті арттыруға бағытталған бірқатар шаралар ұйымдастырылды — мәселен, мектеп оқушылары мен жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған экологиялық білім беру сағаттары, экоквесттер мен пікірталастар, мектептерде қоқыстарды бөліп жинауға арналған фандоматтар мен экобокстардың орнатылуы, экологиялық бастамаларды, тұрақты тұтыну және өндіріс тәжірибесін енгізетін компаниялар мен азаматтарды көтермелеу т.с.с.

«Таза Қазақстан» тазалық, табиғатқа қамқорлық және елдің экологиялық болашағы үшін жеке жауапкершілік идеясы төңірегінде азаматтарды біріктірудің символына айналды.

---

Жарияланды: 2025-10-11T09:09:32+06:00

Жаңартылды: 2025-10-11T09:09:32+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/10/11/b%d2%afkilrespublikaly%d2%9b-taza-%d2%9baza%d2%9bstan-akcziyasy-600-my%d2%a3nan-astam-adamdy-biriktirdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.