---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/10/06/bilim-beru-men-azamatty%d2%9b-%d2%9bo%d2%93amny%d2%a3-r%d3%a9li-zh%d3%a9nindegi-ashy%d2%9b-dialog/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог

![Білім беру мен азаматтық қоғамның рөлі жөніндегі ашық диалог](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/10/gluster_2025_10_6_269463f100068278a0bc77d781474962_1280x720.jpeg)

**2025 жылғы 6 қазан күні, Қазақстандағы XII Азаматтық форум қарсаңында, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.**

Кездесуге Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова қатысты.

Бүгінде елімізде шамамен 680 мың студент білім алуда. Кездесу барысында қатысушылар студенттерді толғандыратын өзекті мәселелерді талқылады. Атап айтқанда, әлеуметтік белсенді жастарға білім гранттарын бөлу, жеңілдік санатындағы студенттерді қолдау, волонтерлік қызметті дамыту және педагог-психологтарды даярлау тақырыптары қозғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы жүйелі өзара байланыстың маңызын атап өтті. Ашық диалог пен бірлескен шешімдер білім сапасын арттыруға және жастардың мемлекеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретіні айтылды.

Бұл кездесу орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен азаматтық сектор арасындағы кездесулер сериясының жалғасы. Мұндай форматтағы диалог өзара сенімді нығайтуға, ашықтық пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

**ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі**

---

Жарияланды: 2025-10-06T15:10:43+06:00

Жаңартылды: 2025-10-06T15:10:43+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Білім](https://qazaqpress.kz/category/bilim/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/10/06/bilim-beru-men-azamatty%d2%9b-%d2%9bo%d2%93amny%d2%a3-r%d3%a9li-zh%d3%a9nindegi-ashy%d2%9b-dialog/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.