Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымында жасанды «ақпараттық толқындардың» жасалу технологиясы талданды.
Нақтырақ айтқанда, әлеуметтік желілерді лезде қамтып, қоғамда алаңдаушылық тудырып, адамдардың мінез-құлқына ықпал ететін жарияланымдардың күрт артуы жайлы талқыланбақ. Мұндай толқындар өздігінен пайда болмайды: олардың артында тұтас технологиялар тұр — боттар желісі, тапсырыс берілген пікірлер, нысаналы жарнама мен синхронды ақпараттық «вбростар». Мақсат – қоғамды алаңдаушылыққа батырып, жаппай наразылықтың жалған иллюзиясын қалыптастыру.
«Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы сізге шынайы мәселені қолдан жасалған ақпараттық себептен ажыратуға көмектеседі. Өзіңізді адастыруға жол бермеңіз және бұл мәліметпен жақындарыңызбен бөлісуді ұмытпаңыз», — делінген хабарламада.













Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз