---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/10/03/almaty-gubka-%d2%9bala%d2%93a-ajnaluy%d2%93a-%d2%9balaj-dajyndaluda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматы «губка-қалаға» айналуыға қалай дайындалуда

![Алматы «губка-қалаға» айналуыға қалай дайындалуда](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/10/izobrazhenie_dlya_rassylki_urban_water_2025.jpg)

**Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қоры Tikkurila by PPG компаниясымен бірлесіп, қалалық судың болашағына арналған Urban Water 2025 атты білім беру бағдарламасын ұсынады.**

Алматыда кең аудитория мен кәсіби қауымдастық үшін «губка- қала» (су жинайтын қала) тұжырымдамасын ілгерілетуге және табиғи шешімдерге жақын тәсілдерді (nature-based solutions, NbS) қалалық ортаға енгізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өтеді.

Негізгі оқиғалар:

Жаңа урбанистік жоспарлау түрлері мен ландшафтты ұйымдастыру туралы осы саладағы жаһандық көшбасшылар әңгімелейді. Дәрістер ағылшын тілінде, қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аудармамен өтеді.  

• 8 қазан, 18:30, Smart Space (Байзақов көшесі, 280)

Франциялық Surava Kumar Biswas (Sponge Collaborative) «губка-қаланың» климаттық қауіптермен күресудегі рөлі туралы көпшілікке дәріс оқиды.

Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/z9Wqs22JioEXYib59

• 9 қазан, 18:30, Smart Space (Байзақов көшесі, 280)

Қытайлық Hanyu Shi (Turenscape) дәстүрлі тәжірибелерден шабыт алған кешенді «губка- қала» тәсілі жөнінде дәріс оқиды.

Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/qFCiSFWoyjYRxBX36

Сонымен қатар, Urban Water 2025 бағдарламасы аясында қалалық әкімдік қызметкерлеріне, урбанистерге, ландшафт сәулетшілеріне және қала құрылысы саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, 7 қазанға дейін қаладағы су тақырыбына арналған мурал эскиздерін қабылдау жалғасуда. Мурал жасау жобасы Almaty Creative орталығының қолдауымен жүзеге асырылады (байқау туралы толығырақ: https://urbanforum.kz/urban-water-contest-2025).

---

Жарияланды: 2025-10-03T07:50:44+06:00

Жаңартылды: 2025-10-03T07:50:44+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/10/03/almaty-gubka-%d2%9bala%d2%93a-ajnaluy%d2%93a-%d2%9balaj-dajyndaluda/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.