Алматы «губка-қалаға» айналуыға қалай дайындалуда

Алматы «губка-қалаға» айналуыға қалай дайындалуда

Urban Forum Kazakhstan қоғамдық қоры Tikkurila by PPG компаниясымен бірлесіп, қалалық судың болашағына арналған Urban Water 2025 атты білім беру бағдарламасын ұсынады.

Алматыда кең аудитория мен кәсіби қауымдастық үшін «губка- қала» (су жинайтын қала) тұжырымдамасын ілгерілетуге және табиғи шешімдерге жақын тәсілдерді (nature-based solutions, NbS) қалалық ортаға енгізуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өтеді.

Негізгі оқиғалар:

Жаңа урбанистік жоспарлау түрлері мен ландшафтты ұйымдастыру туралы осы саладағы жаһандық көшбасшылар әңгімелейді. Дәрістер ағылшын тілінде, қазақ және орыс тілдеріне ілеспе аудармамен өтеді.
• 8 қазан, 18:30, Smart Space (Байзақов көшесі, 280)

Франциялық Surava Kumar Biswas (Sponge Collaborative) «губка-қаланың» климаттық қауіптермен күресудегі рөлі туралы көпшілікке дәріс оқиды.

Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/z9Wqs22JioEXYib59

• 9 қазан, 18:30, Smart Space (Байзақов көшесі, 280)

Қытайлық Hanyu Shi (Turenscape) дәстүрлі тәжірибелерден шабыт алған кешенді «губка- қала» тәсілі жөнінде дәріс оқиды.

Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/qFCiSFWoyjYRxBX36

Сонымен қатар, Urban Water 2025 бағдарламасы аясында қалалық әкімдік қызметкерлеріне, урбанистерге, ландшафт сәулетшілеріне және қала құрылысы саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, 7 қазанға дейін қаладағы су тақырыбына арналған мурал эскиздерін қабылдау жалғасуда. Мурал жасау жобасы Almaty Creative орталығының қолдауымен жүзеге асырылады (байқау туралы толығырақ: https://urbanforum.kz/urban-water-contest-2025).