Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Өмір Тұяқбай: тарихи мифтерге жол бермеу – ұрпақ алдындағы парыз

admin by admin
3 октября, 2025
Өмір Тұяқбай: тарихи мифтерге жол бермеу – ұрпақ алдындағы парыз

Тарих – тек өткенді баяндау емес, ол халықтың болмысын, ұлттық санасын айқындайтын іргелі ғылым. Алайда соңғы жылдары тарихты, шынайы деректі бұрмалайтын тенденция пайда болды. Осы орайда кәсіби тарихшылар қоғамда тарихи мифтерге тосқауыл қоюдың жолын қарастыруға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Алаш» қайраткері Міржақып Дулатұлының: «Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады», — дейтін сөзі бар. Иә, тарихымызды жоғалтпауымыз, оны зерттеп дәріптеуіміз керек.

Байланысты

Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

Oi-Qaragai тау курортын дамыту жобасы бойынша инвестициялық келісім мақұлданды

Ұлы Далада қуатты империялар, мемлекеттер құрған халқымыздың арғы тарихын оқыту мүмкін болмады. Азаттық дәуірінде кешегі метрополия тарапынан қойылған кедергілер жойылып, тарихтағы ақтаңдақтарды қалпына келтіруге мүмкіндік туды. Кәсіби тарихшы ғалымдардан өзге бұл шаруаға жазушылар, журналистер, әуесқой зерттеушілер, т.б. белсене араласты.

Алайда бұл әрекет дұрыс болғанымен, уақыт алға озған келеңсіз жағдайлар да туындай түсті.

Шығыстанушы-тарихшы Өмір Тұяқбайдың «Жас Алашқа» шыққан «Қазақстанда тарихи бұрмалаулар мен мифтерге тосқауыл қоюдың жолдары» атты мақаласын оқыдық. Тарихшы қоғамда көптен талқыланып жүрген мәселені дұрыс көтерген. «Жалған тарихшылардың келеңсіз іс-әрекетіне кәсіби тарихшылар неге үн қатып, тойтарыс бермейді?» — деген сұрақ та жиі қойылады. Сондықтан мақалада көтерілген мәселені қолдай отырып, өз ой-пікірімізді білдіруді жөн көрдік.

Тарихты жазу бар да, оны түсіну бар. Екеуі тарих ғылымының екі сатысы. Бірі болмаса, екіншісі жоқ. Қазіргі күнгі қазақ тарихнамасындағы басты проблема – осы тарихты жазу мен оны түсінуді қатар алып жүре алмау. Тарих маңындағы даулардың көбейіп кетуіне де осы іргелі мәселе әсер етеді.

Қазіргі өзгерістердің толқынының нәтижесінде трайбалистік, квази-тарихи және этноцентристік сипаттағы көптеген шығармалар пайда болуда.

Бізде тарихи тұлғалардан көзсіз батыр жасау үдерісі бар. Бұл құбылыс әсіресе интернет дамып, әлеуметтік желілер пайда болғалы өршіп кетті. Керісінше кейбірін болмашы кемшілігі үшін жерге тығып, кісіліктен жұрдай етіп жатамыз. Мейлі хандық кезеңдерде болсын, Патша заманында да, бертінгі Совет үкіметі кезінде де түрлі қоғамдық факторлар, саяси жағдайлар болғаны белгілі. Сондықтан біз қай тұлғаға және қандай оқиғаға болмасын, объективті тұрғыда баға бергеніміз абзал. Дерексіз, дәйексіз дақпыртты тарихқа енгізу ғылымға жасалған үлкен қиянат дер едім. Контекст-жүйе, бір-бірімен байланысқан қоғамдық, саяси, экономикалық құрылым, оны ескермеу қателікке ұрындырады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Интернет кеңістігіне үңіліп қарасаңыз, мұндай мысалдар жетіп артылады. Псевдо-тарихшылардан құтыла алмай жатқанда енді блогерлер тарих жаза бастады. Аңызды көзбен көргендей етіп айту, біреуді әсіре ұлықтау немесе сатқын етіп көрсету белең алды. Біз бұл үдерісті дәл қазір тыйып тастауымыз қажет. Ертең тағы кеш болады.

Бұл тұрғыда мен Өмірдің көтерген бастамаларын толықтай қолдаймын. Және елдегі өзге де тарихшы-әріптестерімді осы мәселеде ауызбіршілік танытуға шақырамын. Сондықтан, автор көтерген ұсыныстары ғылым үшін де, қоғам үшін де өте маңызды:

— бұдан былай жалпы гуманитарлық ғылымдар аумағын жайлаған, академиялық білімі жоқ псевдо-ғалымдардың, әуесқой тарихшылардың жазбаларына заңмен шектеу қою қажет. Бұл мәселе Парламент қабырғасында көтеріліп, қабылданған шешім құзырлы министрліктің бақылауына берілуі керек деп білеміз.

— псевдо-тарихшылар мен әуесқойлардың бұған дейінгі «жасаған» еңбектерін, жалпы тарихи кітаптарды тексеретін, кәсіби мамандардан құралған арнайы сараптама кеңесі құрылуы тиіс. Әрбір еңбек осы кеңестің қатаң тексеруінен өткеннен кейін ғана баспаға жіберілгені дұрыс.

— аталған мақсатты жүзеге асыру үшін кәсіби тарихшы ғалымдар күш біріктіруі және тиісті органдар, мекемелер тарапынан нақты шешім қабылдатуға күш салуымыз қажет деп білемін.

Жалпы, бұл мәселе бойынша ойымды алдағы уақытта әлі тарқатып жазармын…

                                                                                                                                                                                Жамбыл Артықбаев,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Яндекс Go Такси сервисін саңырау жүргізушілерге бейімдеді

Келесі жаңалық

Ұлы Дала Ойындары: Алматыда қазақ спорты мен мәдениетінің ауқымды фестивалі өтеді

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Категориясыз

Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

9 февраля, 2026
Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Категориясыз

Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді

9 февраля, 2026
Oi-Qaragai тау курортын дамыту жобасы бойынша инвестициялық келісім мақұлданды
Категориясыз

Oi-Qaragai тау курортын дамыту жобасы бойынша инвестициялық келісім мақұлданды

9 февраля, 2026
Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов
Категориясыз

Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов

9 февраля, 2026
«Жетісу» волейбол ерлер командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Суперкубогын иеленді
Категориясыз

«Жетісу» волейбол ерлер командасы өз тарихында тұңғыш рет Қазақстан Суперкубогын иеленді

9 февраля, 2026
Ұлттық волонтерлік желі конституциялық реформаны қолдап, қазақстандықтарға үндеу жасады
Категориясыз

Ұлттық волонтерлік желі конституциялық реформаны қолдап, қазақстандықтарға үндеу жасады

9 февраля, 2026
Келесі жаңалық
Ұлы Дала Ойындары: Алматыда қазақ спорты мен мәдениетінің ауқымды фестивалі өтеді

Ұлы Дала Ойындары: Алматыда қазақ спорты мен мәдениетінің ауқымды фестивалі өтеді

Алматы «губка-қалаға» айналуыға қалай дайындалуда

Алматы «губка-қалаға» айналуыға қалай дайындалуда

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Атырау тұрғындарына электр жарығы берілді

Атырау тұрғындарына электр жарығы берілді

4 июля, 2023
Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

Алматыда Қазақстанда алғаш рет жетекші қытай өндірушісінің соңғы буын инновациялық өздігінен ашылатын клапанның имплантациясы жасалды

19 июня, 2025
Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды

Алматының тау бөктерінде заңсыз салынған 52 нысан анықталды

17 января, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Журналистік қауымдастық жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
  • Алматы жастары жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
  • Oi-Qaragai тау курортын дамыту жобасы бойынша инвестициялық келісім мақұлданды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.