Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Яндекс Go Такси сервисін саңырау жүргізушілерге бейімдеді

admin by admin
1 октября, 2025
Яндекс Go Такси сервисін саңырау жүргізушілерге бейімдеді
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Яндекс Go жүргізушілерге арналған платформаны жаңартты: енді сервиске қосылу үшін қоңырау шалудың қажеті жоқ — саңырау және нашар еститін жандарға бейімделген сайт арқылы қосылуға болады. Оқыту ым тілімен қолжетімді, ал көліктерде жүргізушілер мен жолаушыларға өзара қарым-қатынас жасауға көмектесетін карточкалар пайда болды. Қазақстанда Яндекс Go-мен 1525 саңырау және есту қабілеті төмен жүргізуші жұмыс істейді. Олар айына 150 000-нан астам сапар жасайды. 

Байланысты

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Жаңартулар жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін Халықаралық саңыраулар күніне орай шығарылды. Өзгерістер есту қабілетінде ерекшелігі бар жүргізушілердің тәжірибесі мен кері байланысын ескере отырып енгізілді.

Енді сервиске жеке сайт арқылы қосылуға болады — толығымен мәтіндік форматта, қоңырау шалудың қажеті жоқ. Жүргізуші өтініш формасын толтырғаннан кейін, қолдау қызметі онымен мессенджер арқылы байланысады. Яндекс Про орындаушыларына арналған қолданбада оқыту ымдау тіліне аударылды.

Жолаушылармен өзара әрекеттесуді жеңілдету үшін көліктерде «Саңырау немесе нашар еститін жүргізуші» деген жазуы бар бас қойғыш қаптары және қарым-қатынасқа арналған карточкалар пайда болды. Олардың көмегімен, мысалы, жүргізушіден кондиционерді немесе музыканы қосуын сұрауға болады.

Таксопарктер үшін сарапшылар саңырау және нашар еститін жүргізушілермен қарым-қатынас орнатуға көмектесетін жадынама дайындады. Такси қызметінде жұмыс істеуді есту ерекшеліктері бар адамдарға қолжетімдірек ету мақсатында Яндекс Про оны ашық және қолжетімді етті.

«ITeachMe Құзыреттерді дамыту орталығы» Қоғамдық қорының директоры Захира Бегалиева:

«Инклюзия саласының сарапшысы ретінде мен мынаған сенемін: денсаулығында ерекшелігі бар адамдарды қолдау тек әлеуметтік бастама емес, ол қоғамның жүйелі саясаты мен мәдениетінің бір бөлігі болуға тиіс. Мүгедектігі бар адам тек білім алып қана қоймай, оған өзін кәсіпте жүзеге асыруына мүмкіндік беретін жағдай жасау маңызды. Жұмысқа қабылдау және еңбек үдерісі есту қабілетінде ерекшелігі бар адамдардың қажеттіліктерін — түсінікті нұсқаулықтар мен ымдау тіліндегі оқытудан бастап, таксопарктер тарапынан көрсетілетін қамқорлыққа дейін — ескерген кезде, кедергілер азаяды, ал еңбек нарығы қолжетімді бола түседі. Біз Яндекс компаниясына серіктестерге арналған жадынаманы жетілдіруге көмектескенімізге қуаныштымыз, өйткені ол есту қабілетінде ерекшелігі бар көбірек жүргізушіні жұмысқа орналастыруға және оларға лайықты табыс табуға мүмкіндік береді».
Бұған дейін Яндекс Про қолданбасында есту қабілетінде ерекшелігі бар жүргізушілерге арналған арнайы мүмкіндіктер пайда болды. Егер оларды іске қосса, тапсырыс түскен кезде жүргізушінің смартфоны дірілдеп, экраны жыпылықтайды. Жолаушылар мен қолдау қызметі бұл тапсырысты саңырау немесе есту қабілеті төмен жүргізуші орындап жатқанынан хабардар болады. Сол сәтте «Қоңырау шалу» түймесі белсенді болмайды, ал қарым-қатынас чатқа ауысады. Жүргізушілер бұл опцияларды қолдау қызметі арқылы қоса алады  — өтініш өңделгеннен кейін сервис интерфейсі жаңартылады.
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Aitu жасанды интеллектті дамыту жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысында

Келесі жаңалық

Өмір Тұяқбай: тарихи мифтерге жол бермеу – ұрпақ алдындағы парыз

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

13 июля, 2026
Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
Категориясыз

Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты

13 июля, 2026
Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Өмір Тұяқбай: тарихи мифтерге жол бермеу – ұрпақ алдындағы парыз

Өмір Тұяқбай: тарихи мифтерге жол бермеу – ұрпақ алдындағы парыз

Ұлы Дала Ойындары: Алматыда қазақ спорты мен мәдениетінің ауқымды фестивалі өтеді

Ұлы Дала Ойындары: Алматыда қазақ спорты мен мәдениетінің ауқымды фестивалі өтеді

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

Қарағандыда ер адамның мәйіті табылды

7 января, 2021
Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

Құрылысшылар — ел экономикасының нағыз архитекторлары

10 августа, 2025
Алматыда әйелді көлік қағып кетті

Алматыда әйелді көлік қағып кетті

5 июля, 2021

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
  • Қазақстанда сары май өндірісі шамамен 50% артты
  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.