---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/09/30/almatyda%d2%93y-mamandandyryl%d2%93an-muzyka-mektep-internattaryna-zha%d2%a3a-avtobustar-berildi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыдағы мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарына жаңа автобустар берілді

![Алматыдағы мамандандырылған музыка мектеп-интернаттарына жаңа автобустар берілді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/09/jzr1erlsmxbt72l0v0jfetwsqvkb0c1if2pqr8xj.jpg)

**Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қолдауымен және демеушілік қаражат есебінен Алматыдағы екі мамандандырылған музыка мектеп-интернатына жаңа мектеп автобустары сатып алынды.**

Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернатының оқушылары жаңа оқу жылынан бастап «Integra Construction KZ» ЖШС берген 37 орындық автобуспен мектепке қатынап жүр.

Ал 26 қыркүйекте «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры Ахмет Жұбанов атындағы республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатына 27 орындық автобус табыстады. Жаңа көлік қала ішінде оқушыларды тасымалдау үшін пайдаланылады.

Бұған дейін балалар үлкен, ауыр музыкалық аспаптарын арқалап, бірнеше рет автобус ауыстырып мектепке жететін болса, енді олар сабаққа қауіпсіз әрі жайлы жағдайда бара алады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет пен өнер саласындағы білім беру ұйымдарының оқу жағдайын жақсарту және материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде мектептерге жаңа музыкалық аспаптар сатып алынды. 1–4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылған. Сондай-ақ инвесторлар есебінен заманауи мектеп-интернаттар салу мәселесі қарастырылып жатыр.

---

Жарияланды: 2025-09-30T13:42:16+06:00

Жаңартылды: 2025-09-30T13:42:16+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/09/30/almatyda%d2%93y-mamandandyryl%d2%93an-muzyka-mektep-internattaryna-zha%d2%a3a-avtobustar-berildi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.