---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/09/29/%d2%9baza%d2%9bstan-%d3%99jelderdi%d2%a3-ekonomikaly%d2%9b-belsendiligi-bojynsha-%d3%99lemdik-%d2%afzdik-30-eldi%d2%a3-%d2%9bataryna-kirdi-turkwomen-forum/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан әйелдердің экономикалық белсенділігі бойынша әлемдік үздік 30 елдің қатарына кірді — TURKWOMEN FORUM

![Қазақстан әйелдердің экономикалық белсенділігі бойынша әлемдік үздік 30 елдің қатарына кірді — TURKWOMEN FORUM](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/09/photo_2025-09-29_21-07-22.jpg)

**Қазақстан әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ең қолайлы жағдай жасалған елдер қатарынан орын алды. Бұл туралы Ақтауда өтіп жатқан TURKWOMEN халықаралық әйелдер форумында экономика ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, ҚР ҒЖБМ ҒК Экономика институтының әлеуметтік саясат және адами ресурстар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Ауғанбайқызы Қалиева мәлімдеді.**

Оның айтуынша, әйелдер кәсіпкерлігі ел экономикасының өсуіне, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инновацияны дамытуға ықпал етіп отыр. Сонымен қатар халықаралық инвестицияларды тартуға және басқа мемлекеттермен серіктестікті нығайтуға мүмкіндік береді.

Ресми деректерге сәйкес, 2025 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдердің саны 4,5 млн адамды құраған. Бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 48,3%-ына тең. Ал әйелдердің жұмыс күшіне қатысу деңгейі 63,2%-ға жетіп, Қазақстанды әлемдік үздік 30 елдің қатарына шығарды. Сондай-ақ елде шағын және орта бизнес иелері, мемлекеттік қызметшілер мен IT саласының жетекшілері арасында әйелдердің үлесі артып келеді.

Айта кетейік, TURKWOMEN халықаралық форумы өтеді. Форум түркі әлемінің зерттеуші, кәсіпкер, мәдениет және медиа саласының өкілдері – әйел көшбасшыларын жинап, әйел рөлі туралы әңгімені декларациядан нақты іске көшіруді мақсат етеді. Бағдарлама барысында институционалдық өзгерістер, қала мен ауылдағы кәсіпкерлік модельдер, мәдени мұраны сақтау және заманауи медиа құралдарының ықпалы талқыланады.

---

Жарияланды: 2025-09-29T16:09:48+06:00

Жаңартылды: 2025-09-29T16:09:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/09/29/%d2%9baza%d2%9bstan-%d3%99jelderdi%d2%a3-ekonomikaly%d2%9b-belsendiligi-bojynsha-%d3%99lemdik-%d2%afzdik-30-eldi%d2%a3-%d2%9bataryna-kirdi-turkwomen-forum/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.