Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Алматыда BeWoman Asia 2025 форумы басталды

admin by admin
26 сентября, 2025
Алматыда BeWoman Asia 2025 форумы басталды

Байланысты

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

Партиядағы пікірталас

Buy JNews
ADVERTISEMENT
Алматыда BeWoman Asia 2025 форумы басталды — аймақтың ең ірі алаңы, ол 20 елден келген әйел-көшбасшыларды, кәсіпкерлерді, сарапшыларды, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдерін бір шаңырақ астына жинады. Бұл оқиғаның ауқымын қазірдің өзінде Орталық Азия үшін бұрын-соңды болмаған құбылыс деп атауда.
Форумның басты тақырыбы — «The Power of Generations / Ұрпақтар күші». Оның өзегінде – білімге, технологияларға, адами капиталға және жаңа нарықтарды дамытуға ұзақ мерзімді инвестициялар мен сабақтастық идеясы жатыр. Форум ұрпақтар, мәдениеттер мен тәжірибелер диалогының символына айналды. Мұнда үлкендердің даналығы жастардың энергиясымен тоғысып, бүкіл аймақтың болашағын айқындай алатын шешімдер дүниеге келуде.
Форумның негізгі тақырыптары:
Жасанды интеллект және цифрлық трансформация
ESG және тұрақты инвестициялар
Әйелдер кәсіпкерлігі және қаржы
Білім мен әлеуметтік әсер
Креативті экономика және мәдени дипломатия
BeWoman Asia Орталық Азия форумының миссиясы – нағыз инвестицияның өлшемі ақшада емес, ойлауды трансформациялауда, қоғам үшін жаңа мүмкіндіктер жасауда және әйел-көшбасшылардың экономикаға, мәдениетке, әлеуметтік салаға әкелетін өзгерістерінде екенін көрсету.
Форумның және BeWoman қорының негізін қалаушы, қазақстандық меценат Жанна Кан атап өтті: «Біз ғажайып уақытта өмір сүріп жатырмыз. Тепе-теңдікті сақтау үшін қозғалуымыз қажет. Бұл – технологиялардың, жаһанданудың, жасанды интеллект пен цифрландырудың дәуірі. Егер біз оқымасақ, өзгермесек, бейімделмесек, аутсайдер болып қалу қаупі бар. Өмірді өзгертпейтін білімнің қажеті жоқ. Дәл осы себепті бүгін біз осында жиналдық.
Бүгін BeWoman Asia-ға келген әрбір адам өзінің жеке трансформациясына алғашқы немесе кезекті қадамын жасады. Біз – өз өміріміздің архитекторымыз. Бүгін біздің дауысымыз осы сахнаның шекарасынан әлдеқайда асып естіліп тұр. Біз – жаңа өсу нүктесі, жаңа тартылыс орталығымыз.
Жақында мұнда Алатау Сити пайда болады – ілгері дамудың қаласы. Бұл – прогресс оазисі, идеялар туатын әрі арман жүзеге асатын орын, біздің жаңа Жібек жолымыз болады. Болашақтың Жібек жолы – білімнің, ынтымақтастықтың, инновацияның жолы, ол Шығыс пен Батысты, өткен мен болашақты біріктіреді.
Бүгін біз жаңа тарихты бастаймыз. Біз – қоғамды прогрессивті, жасампаз әрі адамгершілігі мол ету миссиясын мойнына алатын әйелдердің алғашқы буынымыз.
Мен мемлекетке, оның ішінде Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға, Ерлан Каринге және министр Аида Балаеваға көрсеткен сенімі мен қолдауы үшін терең ризашылығымды білдіремін. Алматы қаласының әкімдігіне, Қамқоршылар кеңесіне, серіктестерімізге және, әрине, біздің қамқоршыларымызға алғыс айтамыз.».
BeWoman Asia 2025 Қамқоршылық кеңесін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы
Аида Балаева басқарады. Министр әйелдер бастамалары мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың елдің тұрақты дамуы үшін маңыздылығын атап өтті: « 2025 жылғы әйелдің бейнесі – жай сандардың жиынтығы емес, елдің тарихы. Ол тарихты миллиондаған әйелдердің еңбегі, білімі мен көшбасшылығы жазып отыр. Әрбір сан – Қазақстан экономикасына, мәдениетіне, ғылымына және болашағына қосылған үлес.
Қазақстан әйелдері бүгінде ешбір әсірелеусіз – экономиканың нақты қозғаушы күші. Елдегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының 48,2 пайызын әйелдер басқарады. Ал жеке кәсіпкерлер арасында әйелдердің үлесі 53,4 пайызға жетті.
«Әйел факторы» көп жағдайда әлемнің елімізге деген көзқарасын айқындайды. Қазақстан әлдеқашан «даму үстіндегі ел» мәртебесінен асып түскен. Бүгінде қарапайым қазақстандық әйелдің орташа өмір сүру ұзақтығы 75-80 жылды құрайды. Бұл – тек жеке денсаулықтың және өмірлік қуаттың ғана емес, тұтас қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің сапасының көрсеткіші.
Қазақстан әйелдерінің сауаттылық деңгейі 99,9 пайызды құрайды. Әрбір бесінші әйелдің жоғары білімі бар. Университет студенттерінің тең жартысы – қыздар. Ғылым саласында да 55,7 пайыз әйел-ғалымдар табысты еңбек етуде.
Қазақ әйелдері болашақтың салаларына сенімді қадаммен кіріп жатыр: студент қыздардың 30 пайыздан астамы STEM бағытын таңдайды, ал IT мен цифрлық экономика саласында әйелдердің үлесі – 31 пайыз. Елдің ең ірі технопаркі – Astana Hub-та әр жетінші стартап әйелдерге тиесілі.
Әйелдердің мемлекет басқару жүйесіндегі рөлі де айтарлықтай. Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің 55,8 пайызы – әйелдер. Судьялар корпусының 53 пайыздан астамы – нәзік жандар. Парламент депутаттарының шамамен 20 пайызы – әйелдер.
Ал дипломатия мен әскери салада әйелдер әзірге аз: елшілердің тек 4 пайызы, полиция қызметкерлерінің 16 пайызы және армиядағы командирлік лауазымдардың 4,4 пайызы ғана әйелдерге тиесілі. Дегенмен, дәл осы салаларда өсім мен жаңа көшбасшылық мүмкіндіктердің перспективасы айқын көрінуде. Көптеген қыздар осы күрделі, дәстүрлі түрде «әйелдерге тән емес» мамандықтарды игеріп, табысты жетістіктерге жетіп жатыр.
Барлық осы деректерден жинақталған тұтас бейне мынадай: қазіргі қазақ әйелі – заманауи, білімді, экономикалық тұрғыдан белсенді, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары тұлға. Ол бизнес жүргізе алады, сабақ береді және мемлекеттік жобаларды басқара алады, зертханада, ауыл шаруашылығында, бизнесте, мемлекеттік қызметте еңбек ете алады.
Сонымен қатар, біздің әйелдер – қамқоршы қыздар мен жарлар, ұрпақ тәрбиелеп отырған мейірімді аналар, болашақтың табысты азаматтары мен нағыз патриоттарын өсірушілер.
Мұның бәрі мемлекет басшысының жүйелі қолдауы арқасында мүмкін болды.
Қазақстан – әйелдерге кең мүмкіндіктер беретін демократиялық мемлекет. Осы бағыттағы мемлекеттік саясатты іске асыру үшін Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия құрылған.
Көріп отырғанымыздай, Қазақстандағы көрсеткіштер әлемдік орташа деңгейден жақсырақ. Бірақ бұл бізге «жеткенге мәз болып тоқтап қалуға» себеп емес, гендерлік теңдік мәселелері әлі де өзекті болып қала беруде.
Сол себепті бұл бағыттағы жұмыс тоқтаған жоқ. Әсіресе, гендерлік теңдікті дамыту – БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бесінші міндеті.
Осыған орай Қазақстанда түрлі жеңілдіктер, оқу және стартаптарды дамытуға арналған гранттар енгізілді. Сондай-ақ Парламентте әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық мемлекеттік квота қарастырылған.
Әйелдерге арналған қосымша қолдау шаралары қабылданды. Оған кәсіпкер әйелдерге арналған бағдарламалар, гранттар мен жеңілдетілген несие беру жатады. Әйел-көшбасшыларды дамыту үшін басқарушылық дағдыларды үйрететін курстар мен тренингтер жұмыс істейді.
Маңызды жобалардың бірі – «Даму» қоры іске асыратын «Үміт» бағдарламасы. Ол қазақстандық бизнесвумендерге жеті жылға дейін 100 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндік береді. Бағдарламаға Halyk Bank, Bank RBK, Еуразиялық Банк және Банк ЦентрКредит қатысуда.
Тағы бір маңызды бастама – Отбасы банкі мен Азия даму банкінің (АДБ) бірлескен «Ұмай» жеңілдетілген ипотекасы. Мұндай бастамалар елдің дамуына ықпал етіп, гендерлік теңдікті нығайтады және мықты, тұрақты экономиканың қалыптасуына серпін береді.
Бүгінде Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында прогрессивті заңдар қабылданған. Заңнамалық деңгейде харассмент қылмыстық жауапкершілікке жатады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейтіліп қана қоймай, ол қоғамда айыпталатын, ұят саналатын құбылысқа айналды. Қалыңдықты ұрлау да 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ауыр қылмыс ретінде белгіленді.
Соңғы жаңалықтардың бірі – Отбасыны қолдау орталықтарының бірыңғай желісінің құрылуы. Олардың жұмысын Мәдениет және ақпарат министрлігі үйлестіреді. Практика көрсеткендей, орталықтардың қызметтері қоғамда өте қажет. Сол себепті 2024 жылдың маусым айынан бастап олардың саны 33-тен 104-ке дейін көбейтілді. Қиын жағдайдағы отбасыларды проактивті анықтау үшін құрамында дәрігерлер, психологтар, полицейлер және әлеуметтік қызметкерлер бар мобильді топтар құрылды.
Президенттің тікелей тапсырмасымен Қазақстанның Ішкі істер министрлігінде тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес және әйелдерді зорлықтан қорғау басқармасы құрылды. Орталық Азия елдерінің ішіндегі алғашқылардың бірі болып ІІМ-де әйел-тергеушілердің мамандандырылуы енгізілді. Олар әйелдер мен кәмелетке толмағандарға қарсы жасалған сексуалдық қылмыстарды тергейді. Республика бойынша мұндай тергеу-оперативтік топтарға 280 әйел-тергеуші енгізілді. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторлары 16 мың әйелдің құқығын қорғады.
Мұның бәрі – мемлекеттің және азаматтық қоғам белсенділерінің жүйелі еңбегінің нәтижесі», — деді Аида Балаева.
Қазіргі сәтте «Бірліктің күші – әйел-көшбасшылардың халықаралық альянстары» атты дөңгелек үстел өтіп жатыр. Оның аясында 2025 жылғы Алматы декларациясына қол қойылады. Бұл құжат Орталық Азия әйел-көшбасшылары мен серіктестерінің халықаралық альянсын тұрақты платформа ретінде бекітіп, Қазақстанның қолдауымен әйелдер кәсіпкерлігі күнін (19 қараша) ұлттық және аймақтық деңгейлерде ілгерілетуді қарастырады.
Форумға бүкіл әлемнен қонақтар келді, олардың қатарында АҚШ, Еуропа елдері, БАӘ және жақын шетел азаматтары бар бизнес-туристер де бар. Инклюзивті бағдарлама аясында форумға Қырғызстаннан арбада қозғалатын әйел-активистер делегациясы қатысуда.
BeWoman Asia 2025 қатысушылары форумның алғашқы күні, 26 қыркүйекте, 12 сағаттық үздіксіз бағдарламаны тамашалай алады. Мұнда 4 алаңда бір уақытта пікірталастар, халықаралық спикерлер мен менторлардың сөз сөйлеуі, мастер-класстар, сұрақ-жауап сессиялары, жаһандық ұйымдар мен бастамалардың экспозициялары өтеді. Қатысушылар қатарында ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, БҰҰ, ЕҚЫҰ, UN Woman, Woman in Tech халықаралық штаб-пәтерлерінің өкілдері және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия бар.
Халықаралық және өңірлік спикерлер қатарында: Брайан Трейси (АҚШ), Рита Макграт (АҚШ), Венди Даймонд (АҚШ), Аюми Мур Аоки (Франция), Лиэнн Робертс (Сингапур), Люси Чоу (БАӘ), Ирина Хакамада (Ресей), Диора Усманова (Өзбекстан), және тағы 95-тен астам халықаралық және өңірлік сарапшылар.
Қазақстандық бизнес және қоғам қайраткерлері форум бағдарламасында ерекше орын алды. Сарапшылар қатарында: кәсіпкер, меценат, қоғам қайраткері Юрий Цхай, «Еуразиялық банк» Басқарма төрайымы Ляззат Сатиева, Freedom Holding Corp. тұрақты даму жөніндегі бас директоры Баглана Мусина, Microsoft ірі клиенттермен жұмыс жөніндегі директор Толкын Нурушева, тележүргізуші, продюсер Динара Сатжан, ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, жаңа буын медиажурналисті Алия Ашим және басқа да елдің мәдениет пен іскерлік элитасының өкілдері.
Бағдарлама 27 қыркүйекте жалғасады. Бұл күні формат анағұрлым шағын болып, жеке сөз сөйлеулер мен мастер-класстар өткізіледі. Қонақтарды күтіп тұрған сессиялар:
Стратегиялық трансформация және реинвенция бойынша әлемдік жетекші сарапшы Доктор Надя Жексембаева, дауыс бойынша топ сарапшы, мотивациялық спикер Седа Каспарова, халықаралық сарапшы, Women of Vision негізін қалаушы және CEO Доктор Салва Арфауи, inDriver халықаралық экожүйесінің негізін қалаушы Арсен Томский, профессор, бестселлер авторы Доктор Геннадий Полонский, клиникалық психология докторы Кристина Трейси және басқалар.
Сондай-ақ, форумның мәдени бағдарламасы аясында «Болашақты суреттей отырып» стипендиялық байқау жобасы өтеді. Онда 5 елден келген жас суретшілер өз еңбектерін таныстырады. Байқауға 450-ден астам автор өтінім берген. Қаржылай қолдаудан бөлек, финалистердің жұмыстары Almaty Gallery көрмесінде 30 қыркүйекке дейін қойылады. Қырғызстандық Айдана Турумбекованың «Коргоо» атты жұмысы Marie Claire Kazakhstan халықаралық журналының арнайы шығарылымының мұқабасына шығады.
«Болашақты суреттей отырып» байқауының қатысушылары
Еске сала кетсек, BeWoman Asia форумы бір жарым жыл бұрын құрылған. Алғашқы пилоттық жоба 2024 жылғы наурызда Ташкентте өткен болатын. Сол жылдың қазан айында Алматыда өткен форум онлайн және офлайн форматта 9 000-нан астам қатысушы жинап, Орталық Азиядағы ең ірі іскерлік алаңға айналды. Жоба қоғамдық бастама ретінде жүзеге асады және 4 елден келген 150-ден астам қамқоршы мен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саясатын ұстанатын компаниялардың қолдауымен өткізіледі.
Ұйымдастырушылар алғысын білдіреді:
Алматы қаласының әкімі аппараты
ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия
«Еуразиялық банк» АҚ
Freedom Holding Corp.
«Қазцинк» тау-металлургия компаниясы
«BI Group» девелоперлік компаниясы
«Lancaster Group» көпсалалы холдингі
«Turkish Airlines» әуе компаниясы
«Koktobe Hall» көпфункциялы кешені
«Constella» зергерлік брендтер шоғыры
Берілген релизді, фотоматериалдарды пайдаланған жағдайда дереккөзді көрсету міндетті: BeWoman Asia Орталық Азия форумының баспасөз қызметі.
Фотосуреттерге авторлық құқық Қазақстан және халықаралық заңнамамен қорғалған.
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Salem Entertainment қабырғасында Джеки Чанмен жұмыс кездесуі өтті

Келесі жаңалық

Almaty Series Festival «Казахские страшные сказки» сериалымен басталды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
Категориясыз

Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды

7 февраля, 2026
Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
Категориясыз

Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері

6 февраля, 2026
Партиядағы пікірталас
Категориясыз

Партиядағы пікірталас

6 февраля, 2026
Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды
Категориясыз

Астанада жастарға «Арт әлемі: Шығармашылық жастар арасындағы авторлық құқық» іс-шарасы ұйымдастырылды

6 февраля, 2026
«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Категориясыз

«КОНСТИТУЦИЯНЫ ЖҮЙЕЛІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

6 февраля, 2026
Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды
Категориясыз

Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

6 февраля, 2026
Келесі жаңалық
Almaty Series Festival «Казахские страшные сказки» сериалымен басталды

Almaty Series Festival «Казахские страшные сказки» сериалымен басталды

Күзде жүргізушілер қанша табыс табады: айына 175 мыңнан бір миллион теңгеге дейін

Күзде жүргізушілер қанша табыс табады: айына 175 мыңнан бір миллион теңгеге дейін

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта жанданды

Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе рейстері қайта жанданды

6 июня, 2023
Әлихан Смайылов өсім көрсеткен салаларды атады

Әлихан Смайылов өсім көрсеткен салаларды атады

15 марта, 2022
«Kazakhmys Energy» компаниясында прокуратура 600-ге жуық заңбұзушылықты анықтаған

«Kazakhmys Energy» компаниясында прокуратура 600-ге жуық заңбұзушылықты анықтаған

5 июня, 2023

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қызым» — осы қыстың ең жылы премьерасы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Заңда көзделген мерзімнен артық ұстауға болмайды: жаңа Конституция жобасындағы 18-бап нақтыланды
  • Технологиялар 2026 жылды бастайды: жаңа өнімдердің жарқын тұсаукесері
  • Партиядағы пікірталас

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.