Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Денсаулық

Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында заманауи эндоскопиялық оқу орталығы ашылды  

admin by admin
24 сентября, 2025
Алматыда Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында заманауи эндоскопиялық оқу орталығы ашылды  
Buy JNews
ADVERTISEMENT

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа эндоскопиялық оқу орталығы ашылды. Бұл орталықта тек Қазақстаннан ғана емес, Орталық Азия елдерінен келген эндоскопист-дәрігерлер де біліктіліктерін арттыра алады.
Орталық Evis X1 эндоскопиялық жүйелері мен жоғары технологиялы симуляторлар сияқты ең заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бұл оқу процесін халықаралық стандарттарға сай деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Орталықтың ашылуына әлемдік медициналық жабдықтар өндірісінің көшбасшысы – Olympus компаниясымен стратегиялық әріптестігіміз ықпал етті. Серіктестерімізге көрсеткен қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіремін», – деді Институттың Басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев.
«Жаңа орталық – біздің дәрігерлермен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан келген әріптестеріміз өз дағдыларын шыңдап, тәжірибе алмасып, алдыңғы қатарлы технологияларды меңгеретін маңызды алаңға айналатынына сенемін. Бұл мамандардың біліктілігін арттырумен қатар, диагностика мен медициналық көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.
«Тренинг орталығын құруға Қазақстан, Жапония, Польша және Чехия командаларының атсалысқанына қуаныштымыз. Орталық мамандарды даярлау, білім алмасу және жоғары стандарттарды енгізу салаларында жаңа мүмкіндіктер ашады», — деді Olympus Corporation өкілі Йохи Маэда (Жапония).
«Біздің мақсатымыз — адамдардың өмірін сақтау. Біз дәрігерлерді жабдықты дұрыс және тиімді пайдалануға үйретеміз, себебі, науқастардың қауіпсіздігі мен денсаулығы осыған байланысты. Осы маңызды жобаның бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз», — деп атап өтті Olympus OCG директоры Томаш Ставярски.
«Оқу орталығы – бұл эндоскопиялық диагностиканы жаңа деңгейге көтеретін заманауи білім беру хабы. Біз өз дәрігерлерімізді сапалы колоноскопия әдістеріне үйретіп қана қоймай, ADR көрсеткішін есептеу жүйесін енгізетін боламыз. Бұл көрсеткіш – тік ішек пен тоқ ішек қатерлі ісігімен күрестегі шешуші фактор. Оны қолдану мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді», – деді Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жамиля Қайбуллаева.
Эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова: «Біздің дәрігерлеріміз заманауи технологиялар мен әдістемелерге қол жеткізу мүмкіндігін алды. Бұл орталық Орталық Азияда эндоскопиялық қызметтің дамуына айтарлықтай үлес қосатынына сенімдіміз», – деп атап өтті.
Оқу орталығының бағдарламаларына теориялық курстармен қатар, симуляторларда және нақты клиникалық жағдайда өткізілетін кең көлемді практикалық сабақтар да кіреді. Бұл оқу процесінің тиімділігін барынша арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл маңызды оқиға Қазақстандағы медициналық білім беру мен технологияларды дамытудың жаңа кезеңінің басталғанын білдіреді.

Байланысты

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Президенттің Нью-Йорк қаласындағы кешегі жұмыс кестесі жоғары деңгейдегі мазмұнды кездесулерге толы болды

Келесі жаңалық

Digital Wave-2025: технологиялар, трендтер және адамдар

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды
Денсаулық

Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

16 апреля, 2026
Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады
Денсаулық

Жаңа адамдар дәрігердің тағайындауынсыз рецептуралық препараттардың сатылу фактісін анықтады

10 апреля, 2026
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
Денсаулық

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА ӨМІР СҮРУ ҰЗАҚТЫҒЫ БОЙЫНША БІРІНШІ ОРЫНҒА ШЫҚТЫ, — ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ

2 апреля, 2026
Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды
Денсаулық

Алматыда TEER технологиясы бойынша жетекші халықаралық сарапшының қатысуымен бірегей операциялар жасалды

2 апреля, 2026
Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды
Денсаулық

Алматылық нейрохирургтер 6 жасар баланың өмірін сақтап қалды

30 марта, 2026
7 қалалық клиникалық аурухананың проктолог дәрігерлері ұзақ уақыт аурудан зардап шеккен науқастың өмір сүру сапасын қалпына келтірді
Денсаулық

7 қалалық клиникалық аурухананың проктолог дәрігерлері ұзақ уақыт аурудан зардап шеккен науқастың өмір сүру сапасын қалпына келтірді

27 марта, 2026
Келесі жаңалық
Digital Wave-2025: технологиялар, трендтер және адамдар

Digital Wave-2025: технологиялар, трендтер және адамдар

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі «Үстірт» нысанының құжаттамасын ЮНЕСКО-ға ресми түрде табыс етті

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Менің мына жұмысқа да, басқа жұмысыма да уақытым бар», – Мәжіліс спикері Тоқаевтың сайлауалды штабының басқармасы жөнінде

«Менің мына жұмысқа да, басқа жұмысыма да уақытым бар», – Мәжіліс спикері Тоқаевтың сайлауалды штабының басқармасы жөнінде

9 ноября, 2022
2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды

2024 жылы медициналық қызмет көрсетуге өтінімдерді қабылдау басталды

7 декабря, 2023
Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президент тапсырмаларын орындау аясында «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізді

17 апреля, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Өмірге берілген мүмкіндік: Алматыда сирек асқынуы бар жүкті әйел құтқарылды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
  • АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
  • Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.