Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Экологиядан бастап үй жануарларын қорғауға дейін: Mars компаниясының Қазақстандағы бастамалары

admin by admin
18 сентября, 2025
Экологиядан бастап үй жануарларын қорғауға дейін: Mars компаниясының Қазақстандағы бастамалары

Mars, Incorporated компаниясы өзінің жыл сайынғы «Ұрпақтан ұрпаққа тұрақтылық» атты есебін ұсынып, ұзақ мерзімді экологиялық және әлеуметтік мақсаттарға жетудегі жүйелі ілгерілеуін айқындады.

Байланысты

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Мәліметтерге сәйкес, 2024 жылы Mars 2015 жылмен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын 16,4%-ға қысқартты, тұрақты су пайдалану деңгейіне дейінгі алшақтықты 36%-ға азайтты және қайта өңделетін әрі көп рет пайдаланылатын қаптаманың үлесін 64%-ға дейін ұлғайтты. Сонымен бірге компанияның бизнесі 69%-ға өсті. Бұл экологиялық жауапкершілік пен экономикалық өсімнің бүгінгі таңда бірін-бірі толықтыратын факторлар екенін айқын көрсетеді.

Мұндай нәтижелерге жаңартылатын энергия көздеріне көшу, ормандардың кесілуін болдырмау, «ақылды» ауыл шаруашылығы технологияларын енгізу, логистиканы дамыту және қаптаманы қайта өңдеу арқылы қол жеткізілді. Прогресті жеделдету үшін Mars сүт өндірісіндегі шығарындыларды азайтуға, регенеративті ауыл шаруашылығын дамытуға және жаңартылатын энергетикаға көшуге бағытталған жобаларға 3 млрд АҚШ долларын инвестициялауда. Mars 2050 жылға қарай бүкіл жеткізу тізбегі бойынша көміртектік бейтараптыққа қол жеткізуді стратегиялық мақсат ретінде қойып, аралық міндет ретінде 2030 жылға дейін шығарындыларды 50%-ға қысқартуды жоспарлап отырғаны мәлім.

Жаһандық жетістіктермен қатар Mars жергілікті бастамаларға да басымдық береді. Қазақстанда компания қоғам өміріне тікелей әрі өлшенетін әсер ететін жобаларға назар аударып келеді. Солардың ішінде негізгі бағыттардың бірі — «Дара» қорымен серіктестік. Бұл ынтымақтастықтың арқасында ерекше қажеттіліктері бар ондаған бала білім беру ортасына бейімделіп, шығармашылық шараларға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Мұның барлығы инклюзивті әрі тұрақты әлеуметтік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.

Компанияның тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда корпоративтік волонтерлік айрықша рөл атқарады. Mars Volunteer Program бағдарламасы қызметкерлерге жылына 16 сағатқа дейін ақылы уақыт ұсынып, оларды әлеуметтік және экологиялық жобаларға қатысуға ынталандырады. Қазақстанда бұл бастама білім беру бағдарламаларын қолдау, экологиялық іс-шаралар мен жануарлар панасына жәрдемдесу арқылы жүзеге асуда. Ал жаһандық деңгейде Mars қызметкерлері волонтерлікке бір миллионнан астам сағат арнады, әрі компания бұл көрсеткішті болашақта едәуір ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қазақстандағы Mars қызметкерлері жыл сайын әлеуметтік және экологиялық бастамаларға қатысады: таулы аймақтарда аумақтарды тазалау, ағаш отырғызу, қайта өңдеу кәсіпорындары мен балаларға арналған оңалту орталықтарына бару, үй жануарлары паналарына көмек көрсету — соның айғағы.

«Mars үшін тұрақты даму қағидаттарының әрбір елде нақты жүзеге асуы аса маңызды. Қазақстанда біз білім беру бастамаларынан бастап, жануарларды қорғау мен экологиялық ортаны жақсартуға дейінгі жобаларды іске асырамыз. Біздің мақсатымыз — әрбір әрекетіміз компания құндылықтарын ғана емес, сонымен қатар елдің тұрақты дамуына қосқан нақты үлесті де айқын көрсетсе дейміз», — деді Mars компаниясының Орталық Еуразиядағы бас менеджері Арман Сүтбаев.

Әлеуметтік жобалардан бөлек, Mars экологиялық экономиканы дамыту бағытын белсенді ілгерілетуде. Тұрақтылықты іс жүзінде көрсететін айқын мысалдардың бірі – апсайклинг жобалары. Қазақстанда қайта өңделген сауда жабдықтары мен жарнамалық құрылымдар «екінші өмірге» ие болып, олардың негізінде жануарлар үшін баспаналар мен ойыншықтар жасалады, барлық қауіпсіздік талаптары сақталады. Осылайша материалдар қалдыққа айналмай, жануарлардың ұсталатын жағдайларын жақсартуға көмектеседі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Аталған бастама үй жануарларын қолдаудың кең ауқымды бағдарламасымен табиғи түрде ұштасады: Mars тұрақты түрде приюттарға барып, WHISKAS®, PEDIGREE®, CHAPPI®, KITEKAT® брендтерінің өнімдерін жеткізеді әрі үй жануарлары үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз қалалар құруға бағытталған жобаларға қатысады.

Mars компаниясы тұрақты дамуды өзінің жаһандық стратегиясының құрамдас бөлігі әрі бизнесті жүргізудің негізгі қағидаты ретінде қарастырады. Инклюзия, экологиялық экономика және жануарларды қорғау саласындағы бастамаларды жүзеге асыра отырып, компания жаһандық тұрақты даму мақсаттарына өз үлесін қосып, жергілікті іс-әрекеттердің жалпы прогресс үшін стратегиялық маңызға ие екенін көрсетеді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

CAWS 2025: өсу уақыты, көшбасшылар уақыты!

Келесі жаңалық

Intro Day: ITMLab 2.0 жобасындағы оффлайн-қорғау нәтижелері

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Келесі жаңалық
Intro Day: ITMLab 2.0 жобасындағы оффлайн-қорғау нәтижелері

Intro Day: ITMLab 2.0 жобасындағы оффлайн-қорғау нәтижелері

Alma Fest 2025 Алматыда: «Дос-Мұқасан», TURAR және 100 тонна алма!

Alma Fest 2025 Алматыда: «Дос-Мұқасан», TURAR және 100 тонна алма!

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Арал теңізінің тыйым салынған аймағынан балықшылар 130 келі балық аулады

Арал теңізінің тыйым салынған аймағынан балықшылар 130 келі балық аулады

25 мая, 2023
Доллар бағамы тағы өсті

Доллар бағамы 510 теңгеден асты

11 марта, 2022
Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

3 декабря, 2020

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.