Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

FlyArystan тарифтері: билетті таңдау және қайтару туралы нені білу маңызды

admin by admin
16 сентября, 2025
FlyArystan тарифтері: билетті таңдау және қайтару туралы нені білу маңызды

FlyArystan әуекомпаниясы өз Telegram-арнасында билеттер мен қызмет топтамаларын таңдау, өзгерту және қайтару жөніндегі жолаушыларға арналған нұсқаулықпен бөлісті.

Байланысты

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

FlyArystan лоукостер моделі бойынша қызмет атқарады. Бұл – әуе сапарларының бағасы шығындарды азайту есебінен қолжетімді болады дегенді білдіреді. Билет бағасына тек ең негізгісі – ұшақтағы орын және қол жүгi (5 кг-ға дейінгі) кіреді. Басқа қосымша қызметтерді әр жолаушы өз қалауына қарай таңдайды: тіркелетін жолжүк, тамақ, орын таңдау және басқа да мүмкіндіктерді бөлек сатып алуға болады.

Мұндай тәсіл билеттерді қолжетімді бағамен ұсынуға мүмкіндік береді, алайда билеттерді қайтару мен ауыстыру шарттары қатаңдау болады. Бұл – әлемдегі барлық лоукостерлерге ортақ тәжірибе.

Әуебилеттерінің тариф түрлері

Әрбір жолаушы өзіне қолайлы нұсқаны таңдай алуы үшін FlyArystan әуебилеттерінің екі түрлі тарифін ұсынады. Олар билетті қайтару мен өзгертудің шарттарымен ерекшеленеді, сондықтан таңдау жолаушының жоспарына байланысты болмақ.

«Тиімді» тарифі

  • Стандартты және бағасынан ең қолжетімді нұсқа.
  • Қайтару мен өзгертудің шарттары қатаң.
  • Сапардан бас тартқан жағдайда, айыппұл шегеріліп, қалған сома тек ваучер – сертификат ретінде қайтарылады.
  • Сапар күніне сенімді әрі қолжетімдірек билетті таңдағысы келетіндерге ыңғайлы.

Мысалы, жолаушы «Тиімді» тарифімен 20 195 теңгеге билет сатып алды. Ұшуға бір апта қалғанда сапардан бас тартты. Бұл сомадан 16 000 теңге көлемінде айыппұл ұсталады және 381 теңгені құрайтын қызмет көрсету алымы қайтарылмайды. Қалған қаражат пен 809 теңгедегі әуежай алымы ваучер түрінде қайтарылады. Нәтижесінде, жолаушыға үш ай ішінде жаңа сатып алуларға пайдалануға болатын 3 814 теңгелік ваучер ұсынылады.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Икемді» тарифі

  • Бағасы «Тиімді» тарифінен жоғарырақ, бірақ шарттары ыңғайлы.
  • Ұшу күнін тегін өзгертуге болады. Егер жаңа билет қымбат болса, тек айырмашылық төленеді.
  • Билетті қайтару кезінде айыппұлдар минималды немесе мүлдем жоқ.
  • Қалған сома тікелей банк картасына қайтарылады.
  • Жоспарларын айтарлықтай шығынсыз өзгерту мүмкіндігін бағалайтындар үшін оңтайлы таңдау.

Мысалы, жолаушы «Икемді» тарифімен 20 000 теңгеге билет сатып алды. Ұшуға екі күн қалғанда сапарды кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Жолаушы таңдаған жаңа рейстің билеті 22 000 теңгені құрады. Бұрынғы билеті 20 000 теңгеге алынғандықтан, тек айырмашылықты – 2 000 теңгені ғана төлеу жеткілікті. Нәтижесінде ешқандай айыппұл алынбайды, ал қосымша шығын тек ескі және жаңа билет құнының айырмасымен шектеледі.

FlyArystan ваучері дегеніміз не?

FlyArystan ваучері – билет үшін қайтарылған соманы сақтайтын электронды құжат. Ол жолаушының атына рәсімделеді, сондықтан басқа адамға берілмейді және ақшаға айырбасталмайды.

Ваучерді берілген күнінен бастап үш ай ішінде жаңа билеттерді немесе қосымша қызметтерді сатып алу үшін пайдалануға болады. Оны www.flyarystan.com сайтында, мобильді қосымшада, сондай-ақ байланыс орталығы немесе туристік агенттіктер арқылы қолдануға мүмкіндік бар. Ваучер нөмірі 12 цифрдан тұрады, мысалы, 1644200394482.

Мобильді қосымшада «Тиімді» тарифі бойынша билет қайтарылған жағдайда, айыппұл ұсталғаннан кейін қайтарылатын сома болса, ол ваучерге аударылады және автоматты түрде жолаушының жеке кабинетінде сақталады. Маңызды: автоматты сақтау тек билет жеке кабинетке кіру арқылы мобильді қосымшада сатып алынған жағдайда ғана іске асады. Ол үшін FlyArystan қосымшасының тіркелген пайдаланушысы болу қажет.

Ұшу күнін өзгерту және билетті қайтару ережелері

  • Қайта брондау және сапардан бас тарту, таңдалған тарифке қарамастан, рейске әуежайда тіркеу басталғанға дейін ғана мүмкін: ішкі рейстерде – ұшуға 2 сағат қалғанға, халықаралық рейстерде – 3 сағат қалғанға дейін.
  • Бекітілген мерзімнен кейінгі өзгерту немесе қайтару кезінде айыппұл 100% құрайды, төленген қосымша қызметтер жойылады.
  • «Тиімді» тарифі бойынша ұшуға 72 сағаттан көп уақыт қалғанда өзгерту үшін айыппұл – ішкі рейстерде 9 000 теңге, халықаралық рейстерде – 60 долларды құрайды. Ал 72 сағаттан аз уақыт қалса, айыппұл – 12 000 теңге немесе 70 долларды құрайды.
  • «Икемді» тарифі бойынша қайта брондау айыппұлсыз жүргізіледі.
  • Қайтару билет сатып алынған арна арқылы рәсімделеді.

Егер билет басқа сервистер (Kaspi, Halyk, Freedom және басқа) арқылы сатып алынған болса, қайтару үшін сол платформалардың ресми қолдау қызметіне жүгіну қажет. FlyArystan.com сайтында немесе қосымшада сатып алынған билеттерді онлайн түрде қайтару қолжетімді.

Билетті қайтару мүмкіндігі мен айыппұл мөлшері тарифке және ұшуға дейінгі уақытқа байланысты анықталады. Айыппұл әр жолаушыға және әр сегментке жеке есептеледі.

«Тиімді» тарифі бойынша рейс уақытынан 72 сағаттан ерте бас тартқан жағдайда айыппұл мөлшері ішкі бағыттарда – 12 000 теңге, халықаралық бағыттарда – 80 доллар. Егер қайтару 72 сағаттан аз уақыт ішінде рәсімделсе, сома 16 000 теңгені және 95 долларды құрайды.

«Икемді» тарифі бойынша рейстен 72 сағаттан ерте қайтарған жағдайда, айыппұл ішкі бағыттарда – 7 000 теңге, халықаралық бағыттарда – 55 доллар. Ал 72 сағаттан аз уақыт қалғанда бас тартқан жағдайда, айыппұл мөлшері сәйкесінше 9 000 теңге және 60 доллар болады.

Толығырақ ақпарат сайтта жарияланған: https://flyarystan.com/kk/fare-types

Тарифтік топтамалар

Лоукостердің стандартты билеті тек кездейсоқ орынды және 5 кг-ға дейінгі қол жүгін қамтиды. 2024 жылғы статистикаға сәйкес FlyArystan жолаушыларының төртеуінің үшеуі тек шағын қол жүгімен жеңіл саяхаттауды таңдаған. Мұндай формат тіркеуден өту және ұшып келгеннен кейін уақытты үнемдеуге, сондай-ақ қол жүгін тасымалдау ережелерін сақтаған жағдайда әуебилет шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Қосымша заттарды қажет ететін жолаушылар үшін лоукостер бірқатар қосымша қызметтерді ұсынады: салонда орын таңдау, қол жүгінің нормасын арттыру немесе жолжүкті тиімді тарифтер бойынша рәсімдеу. Бұл қызметтерді алдын ала онлайн сатып алу арқылы 70%-ға дейін үнемдеуге болады.

Саяхатты қолайлы әрі тиімді ету үшін FlyArystan жолаушыларға 4 түрлі тарифтік топтамаларды ұсынады. Тарифтік топтамадар – бұл қосымша қызметтердің дайын жиынтығы, яғни, танымал қызметтерді алдын ала бір тарифке біріктіріп, әр қызметті бөлек сатып алғаннан арзанырақ бағамен мүмкіндік береді.

Тарифтік топтама түрлері

  • Стандарт – кездейсоқ орын және 5 кг қол жүкті қамтиды.
  • Стандарт Плюс – 10 кг қол жүгі және орын таңдау мүмкіндігі кіреді.
  • Комфорт – 20 кг жолжүгі, 5 кг қол жүгі және кеңейтілген орын таңдау мүмкіндігі.
  • Комфорт Плюс – 10 кг қол жүгі, 32 кг жолжүгі, кез келген орынды таңдау, ұшу күнін тегін өзгерту (тек баға айырмашылығы төленеді), сондай-ақ, брондаудан тегін бас тарту.

Топтаманы қалай таңдау керек?

  • Жеңіл саяхаттағыңыз келсе – «Стандарт» топтамасы тиімді.
  • Шабадан алып, орынды таңдауды қаласаңыз – бірден «Комфорт» топтамасын рәсімдеу қолайлы.
  • Ең жоғары жайлылық пен икемділік қажет болса – «Комфорт Плюс» топтамасы барлық қызметті бірден алуға және оларды жеке-жеке сатып алумен салыстырғанда үнемдеуге мүмкіндік береді.

Тарифтік топтамалар таңдалған тарифке байланысты жұмыс істейтінін еске салу маңызды:

  • «Тиімді» тарифімен – жай ғана стандартты қолайлылық (жолжүк, қол жүгі, орын таңдау).
  • «Икемді» тарифімен – оған қоса, ұшу күнін өзгерту немесе билетті қайтару мүмкіндігі ұсынылады.

Тарифтік топтамалардың толығырақ шарттары сайтта қолжетімді: https://flyarystan.com/fare-bundles.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Air Astana Лондонда Capital Markets Day өткізді

Келесі жаңалық

«Қадағалауға деген құлшынысыңызды қадағалаңыз» Астана әкімдігі Жаңа адамдардың жұмысына кедергі келтіруде

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде
Категориясыз

Жетісулық шаруашылықтар егістікті күтіп-баптау жұмыстарын белсенді жүргізуде

5 июня, 2026
Келесі жаңалық
«Қадағалауға деген құлшынысыңызды қадағалаңыз» Астана әкімдігі Жаңа адамдардың жұмысына кедергі келтіруде

«Қадағалауға деген құлшынысыңызды қадағалаңыз» Астана әкімдігі Жаңа адамдардың жұмысына кедергі келтіруде

Орталық Азия жас суретшілерінің «Дауыстар» көрмесі Алматыда ашылады

Орталық Азия жас суретшілерінің «Дауыстар» көрмесі Алматыда ашылады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

31 августа, 2023
Білім және ғылым министрлігі онлайн оқу форматы туралы қауесетті жоққа шығарды

Білім және ғылым министрлігі онлайн оқу форматы туралы қауесетті жоққа шығарды

2 августа, 2021
Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбеюде

Коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбеюде

19 ноября, 2020

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
  • «Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.