---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/09/15/air-astana-apex-bes-zh%d2%b1ldyzdy-%d3%99ue-kompaniyasy-dep-tanyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana APEX бес жұлдызды әуе компаниясы деп танылды

![Air Astana APEX бес жұлдызды әуе компаниясы деп танылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/09/photo_2025-09-15_13-00-35.jpg)

**Air Astana қатарынан алтыншы жыл «Ірі әуе компаниялары» санатында Әуе компанияларының жолаушылар тәжірибесі жөніндегі америкалық қауымдастықтың (APEX) ең жоғары бағасына ие болды. Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лонг-Бич қаласында өткен APEX/IFSA Global EXPO көрмесі аясында өтті.**

APEX-тің бес жұлдызды мәртебесі Air Astana-ның қызмет көрсету сапасының әрдайым жоғары екенін дәлелдейді. Жолаушылар жыл сайын компанияны жайлы орындары, борттағы сапалы қызметі, ұшақтағы мәзір нұсқалары мен заманауи ойын-сауық жүйесі үшін жақсы бағалап келеді.

«Жолаушыларымыздың сенімін білдіретін APEX-тың ең жоғарғы марапатын тағы да алуға қуаныштымыз. Бұл әрбір рейсте ең жоғары деңгейдегі қызмет пен жайлылықты қамтамасыз етуге ұстанымдылығысызды күшейтеді», — деді Air Astana-ның Борттық қызмет көрсету департаментінің менеджері Жамиля Жақсыбекова.

APEX рейтингі әлем бойынша шамамен 600 әуе компаниясының миллионнан астам рейске баға берген жолаушылар пікірлеріне негізделген. 2026 жылдан бастап рейтинг критерийлері қатаңдатылып, APEX бес жұлдызды мәртебесі әлемдегі үздік 40 әуе компаниясына ғана берілетін болды (рейтингіге қатысушылардың 7%-дан аз). APEX төрт жұлдызды марапаты келесі 50 әуе компаниясына беріледі, бұл әлем бойынша талаптарға сай келетін әуе компаниялардың тек 8% ғана.

2025 жылғы маусымда Air Astana сондай-ақ Skytrax халықаралық рейтинг агенттігі тарапынан он төртінші рет төрт жұлдызды бағаға ие болған.

---

Жарияланды: 2025-09-15T08:34:31+06:00

Жаңартылды: 2025-09-15T08:34:31+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/09/15/air-astana-apex-bes-zh%d2%b1ldyzdy-%d3%99ue-kompaniyasy-dep-tanyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.