Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Respublica: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда

admin by admin
12 сентября, 2025
Respublica: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда

Байланысты

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Buy JNews
ADVERTISEMENT
Алматыда Respublica партиясының ұйымдастыруымен ReBusiness форумы өтті.

Оған 500-ге жуық кәсіпкер, мемлекеттік органдардың өкілдері, Мәжіліс депутаттары мен сарапшылар қатысты.

Партия төрағасы Айдарбек Қожаназаров форумды аша отырып, Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу жолдары» атты Жолдауы алдағы бірнеше жылға ел дамуының негізгі жол картасы болатынын айтты. Себебі Жолдауда көрсетілген міндеттердің барлығы бизнес пен қоғамның мүддесімен тікелей сабақтас.

  • «Бұл – тарихи Жолдау. Президент цифрландыру мен экономиканы жаңғыртудан бастап, партиялық жүйені нығайтуға дейінгі стратегиялық басымдықтарды айқындады. Жерді толық цифрландыру тапсырмасы – ашықтық пен әділ ережелердің кепілі. Ал конституциялық реформалардағы маңызды қадам – Парламенттің бір палаталы жүйеге көшуі. Бұл – еліміздің саяси жүйесіндегі жаңа белес. Кәсіпкерлер партиясы үшін бұл дербес Кәсіпкерлік министрлігінің пайда болуымен тең. Бұл – үлкен де мәнді күш», – деді Айдарбек Қожаназаров.
  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов та Жолдаудың өзектілігін атап өтіп:
    «Жуырдағы Мемлекет басшысының Жолдауы Қазақстанның цифрлық трансформациясына айрықша көңіл бөлді. Respublica партиясы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты барлық бастамаларға белсенді әрі нәтижелі үлес қосып келеді. Біз, әкімдік тарапынан, бұл бастамаларды толық қолдаймыз», – деді.

Форум жұмысына партияның тең төрағалары Сырымбек Тау, Максим Барышев және Қуаныш Шонбай қатысты. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп, партия құрылғаннан бері бизнес ортадағы өзгерістер мен еңсерілген қиындықтар туралы айтты.

Сондай-ақ Мәжілістегі Respublica фракциясының депутаттары – Олжас Құспеков, Нұргүл Тау, Айтуар Қошмамбетов, Екатерина Смолякова фракция бастамаларын таныстырып, қабылданған заңдар мен әзірленіп жатқан жаңа заң жобалары жөнінде баяндады.

Қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту мен бизнестің құқықтарын қорғау, цифрлық трансформация, қаржыландырудың қолжетімділігі, тауарларды таңбалау, әлеуметтік кәсіпкерлік пен ішкі туризм тақырыптарын талқылады.

Форумға қатысушылардың ерекше қызығушылығын оятқан – партия тең төрағасы Максим Барышевтың сөзі. Ол салық есебі саласының маманы ретінде 2026 жылдан бастап күшіне енетін өзгерістерді қарапайым тілмен түсіндіріп, кәсіпкерлерге жаңа ережелерге қалай дайындалу керегін баяндады.

Форумда айтылған барлық ұсыныстар Respublica фракциясының жұмыс жоспарына енгізіліп, заңнамалық бастамаларға айналмақ.

Бұл жиын бизнес пен мемлекеттің ашық диалогына жол ашты. Партия мүшесі кәсіпкерлер Президенттің бағытын қолдайтынын және оның бастамаларын жүзеге асыруға белсенді атсалысуға дайын екенін жеткізді.

«Біз тек мәселелерді талқылап қана қоймаймыз – олардың шешу жолдарын ұсынамыз», – деп қорытындылады Respublica партиясы.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Алматыда КІАҒЗИ базасында Республикалық эндокринология және қант диабеті орталығы ашылды

Келесі жаңалық

Huawei болашақ энергетикасының стратегиялық басымдықтары туралы QazaqGreenFest 2025 аясында

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Категориясыз

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

16 июля, 2026
Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде
Категориясыз

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

16 июля, 2026
Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды
Мәдениет

Дастан Сәтпаев пен ByDastann Халықаралық волонтерлер жылының жаһандық амбассадорлары атанды

16 июля, 2026
Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Категориясыз

Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды

16 июля, 2026
OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс
Категориясыз

OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс

16 июля, 2026
Келесі жаңалық
Huawei болашақ энергетикасының стратегиялық басымдықтары туралы QazaqGreenFest 2025 аясында

Huawei болашақ энергетикасының стратегиялық басымдықтары туралы QazaqGreenFest 2025 аясында

ҚызПУ студенттері Қазақстандағы әйел құқықтарын қорғау реформаларымен мақтануға шақырды

ҚызПУ студенттері Қазақстандағы әйел құқықтарын қорғау реформаларымен мақтануға шақырды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері жасанды интеллект хакатонына барды

13 апреля, 2026
Кейінгі тәулікте 2 661 адамнан коронавирус анықталды

Қазақстанда бір тәулікте 263 адам коронавирус жұқтырған

29 декабря, 2022
Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Bank,Beeline қосымшаларынан және Qazaqpress сайтынан интернетсіз оқуға болады

Жаңалықтарды Kaspi.kz, Halyk Bank,Beeline қосымшаларынан және Qazaqpress сайтынан интернетсіз оқуға болады

11 января, 2022

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.