Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті

admin by admin
10 сентября, 2025
Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті

Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың төрағалығымен ел Президентінің «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөнінде жиын өтті. Жиынға облыстық басқармалардың басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сол сияқты онлайн режимде аудан-қала әкімдіктерінің қызметкерлері қатысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы жүктеген жеті нақты міндетке баса назар аударды. Атап айтқанда, инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін, көлік-логистика саласын дамыту, ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, кәсіпкерлердің цифрлық дамудың қозғаушы күші ретіндегі рөлін нығайту, адам капиталын дамыту арқылы экономиканы жан-жақты жаңғырту мәселелеріне кеңінен тоқталды.

Мәселен, өңірде қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастырудың арқасында облыс құрылғаннан бері 1,2 трлн. теңге инвестиция тартылған. Биылғы жылы жалпы сомасы 37 млрд. теңгені құрайтын 14 ірі жобаны іске асыру жоспарланып отыр, бұл 830-дан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл ретте айтарлықтай инвестициялық және логистикалық әлеуетке ие, белсенді жұмыс істеп тұрған екі арнайы экономикалық аймақты дамытуға аударылып отыр. Осы орайда өңір басшысы инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізудің тиімді моделін енгізіп, жоспарланған инвестициялық жобалардың белгіленген мерзімде іске асырылуын қатаң бақылау қажеттігін баса айтты.

Сонымен қатар облыс өңдеу өнеркәсібін дамытуда жоғары әлеуетке ие. Осыған орай жоғары технологиялық өндірістерді дамыту стратегиялық бағыт ретінде белгіленіп отыр. Бұл ретте өңірде Көксай мыс өңдеу зауытын салу жобасының маңызы зор болмақ.

Ал ауыл шаруашылығында жыл басынан 54,3 млрд. теңгеге тамақ өнімдері өндіріліп, нақты индекс көлемі 112,3% құраған.

— Алдымызда Мемлекет басшысы тапсырған ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге көтеру міндеті тұр. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізатын қайта өңдеу үлесі 68%-ға жетті. Мұнымен шектеліп қалмай, өңдеу ісін одан әрі арттыру үшін қолда бар мүмкіндіктерді пайдаланып, нақты шаралар қабылдауымыз керек. Ол үшін тиісті сала басшыларына үздік агротәжірибені енгізе отырып, агрохабтар мен логистика орталықтарын құруды, мал шаруашылығын қолдау арқылы ішкі нарықты етпен, сүтпен және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етіп, экспортты арттыруды тапсырамын, — деді Б. Исабаев.

Мұнан соң көлік-логистика секторын дамыту мәселесіне тоқталған өңір басшысы тиісті басқармаларға осы салада жасанды интеллектіні қолдана отырып, көлік тасымалдарын басқарудың көп функциялы цифрлық платформасын енгізуді жеделдету, шекарада автокөлік тасымалдаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту міндеттерін жүктеді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Сол сияқты тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, су үнемдеу технологиясын енгізу, елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік саланы дамыту, кадр даярлау т.б. мәселелерге де кеңінен тоқталды. Бұдан бөлек, кәсіпкерлер цифрлық дамудың қозғаушы күші болуы керектігін жеткізіп, шағын және орта бизнесті дамытудағы міндеттерді де атап өтті.

Өңір басшысы облыста әлі де өзекті болып отырған бірқатар проблемаларды назардан тыс қалдырған жоқ. Соның ішінде қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін қайта айналымға енгізу мәселесінде ширақтық керек екенін қадап айтты. Сондай-ақ электрмен жабдықтау желілерінің тозуын төмендетуді республикадағы орташа көрсеткішке жеткізу міндетін қойды. Сонымен бірге атаулы әлеуметтік көмектің шын мұқтаж жандарға ғана көрсетілуі тиіс екенін тілге тиек етіп, жергілікті жерлерде осыған қатысты жағдайды егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды. Сөзінің соңында облыс әкімі цифрландырудың аса маңызды кезеңі басталғанын айтып:

— Уақыт талабына сай өңірді дамыту ең алдымен жұмысты дұрыс ұйымдастыра білумен қатар цифрландыру жүйесін енгізу деңгейіне байланысты. Сондықтан алдағы уақытта Цифрлық технологиялар басқармасы өте белсенді жұмыс істеп, жасанды интеллектіні барлық салаға қарқынды енгізудің алғы шебінде жүруі тиіс. Білікті, білімді жергілікті ІТ мамандарымызды қалыптастыруымыз керек. Алдымызда үлкен істерді нәтижелі жүзеге асыру міндеті тұр. Ол үшін біздің облыста барлық мүмкіндіктер бар. Сондықтан осы айтылған мақсат-міндеттерді өздеріңізбен бірлесіп сапалы атқарамыз деп сенемін, — деді Б. Исабаев.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Жеңіс Ысқабай

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Еуразиялық банк Mastercard алғашқы тестілік криптокарталарын шығарды

Келесі жаңалық

Бүгін Алматыда Digital Wave 2025 конференциясы басталады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Бүгін Алматыда Digital Wave 2025 конференциясы басталады

Бүгін Алматыда Digital Wave 2025 конференциясы басталады

ШҚО-да асфальтобетон зауыты мен темірбетон өнімдері цехы ашылды

ШҚО-да асфальтобетон зауыты мен темірбетон өнімдері цехы ашылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

ҚМА заңсыз онлайн құмар ойындар мен лудоманияға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өткізді

ҚМА заңсыз онлайн құмар ойындар мен лудоманияға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ведомствоаралық кездесу өткізді

29 августа, 2024
Алматы қаласында хирургияның бір күндігі аясында шағын инвазивті проктологиялық оталар жасалады

Алматы қаласында хирургияның бір күндігі аясында шағын инвазивті проктологиялық оталар жасалады

21 ноября, 2023

Help For Western european Brides

14 июня, 2022

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.