Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Еуразиялық банк Mastercard алғашқы тестілік криптокарталарын шығарды

- by -
10 сентября, 2025
Еуразиялық банк және Mastercard, intebix криптобиржасымен бірлесіп криптокартаны шығаруға дайындалуда

Еуразиялық банк Mastercard және Intebix криптобиржасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қолдауымен алғашқы криптокарталардың тестілік шығарылымы туралы жариялады. Ағымдағы кезеңде өнімнің нақты жағдайда, атап айтқанда Masterсard және Apple Pay терминалдары арқылы тауарлар мен қызметтердің ақысын төлеу кезіндегі жұмысын тексеру үшін қолданылатын бірнеше карталар шығарылды.

Байланысты

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Жарты жыл бұрын Digital Алматы 2025 форумында криптокарта жобасы ұсынылған еді. Бүгінгі күні ол нарық қатысушыларының технологиясы мен өзара әрекеттесуін тексеруге мүмкіндік беретін келесі даму кезеңіне қадам басты.

Криптокарта сатып алу ақысын Intebix биржасының нарықтық бағамы бойынша теңгеге айырбасталатын криптовалютамен (USDT және стейблкоиндермен) төлеуге мүмкіндік береді. Әрбір операция үшін алынатын комиссия небәрі 1%-ды құрайды, басқа криптокарталардың комиссиясы әдетте 3-6% болатынын ескерсек, бұл әлемдегі ең тиімді өнімнің бірі екенін көрсетеді.

Аталған кезеңде тәулігіне 1000 АҚШ долларына баламалы лимит белгіленген, бұл ретте қолма-қол ақшаны алу және аударым жасау әзірше қарастырылмаған. Барлық есептеулер теңгеде және Қазақстан аумағында ғана жүзеге асырылады. Банктің криптовалютамен тікелей әрекеттеспеуі маңызды: клиенттердің активтері Іntebix биржасында сақталады, ал картаның өзі ыңғайлы төлем құралы болып табылады.

«Ұлттық банк 2025 жылғы 3 маусымда тұтынушыларға «Астана» халықаралық қаржы орталығының лицензияланған криптопровайдерлерінде (криптобиржаларында) крипто-әмияндарға байланған қолма-қол ақшасыз транзакциялар жасауға мүмкіндік беретін  төлем карточкалары — «крипто-карталар» жобасын іске қосты. Бұл криптофиаттық шешім криптоиндустрияны қолданыстағы төлем инфрақұрылымына қауіпсіз әрі ыңғайлы біріктіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді және оны Қазақстанда одан әрі кеңейту мүмкіндігімен криптофиаттық арнаны құру («use case») кейсі болып табылады», — деп атап өтті ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Берик Шолпанкулов.

«Криптовалюталар қазір энтузиастардың таңсығы емес және өзіндік нақты өнімдері, инфрақұрылымы бар, реттелетін қаржылық экожүйенің бір бөлігіне айналуда. Криптоәлем мен күнделікті төлемдер арасындағы көпір дәл осы жерде — Қазақстанда салынуда. Банктер криптоны сән үшін емес, клиенттердің сұранысы мен түсінікті экономика тоғысқан пайдалы себептер бойынша қолдана бастады»,— деді Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева.

Криптокартаны пилоттық режимде іске қосу − бұл жаңа өнімді шектеулі масштабта сынау мүмкіндігі. Міндетіміз инфрақұрылымның қауіпсіз әрі ыңғайлы жұмыс істеп, клиенттердің цифрлық активтермен кедергісіз төлеу тәжірибесін алатынына көз жеткізу.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Mastercard Қазақстанда озық қаржы технологияларын  енгізуді белсенді қолдайды. Криптокартаны Еуразиялық банк және intebix-пен бірге пилоттық іске қосу арқылы әдеттегі төлем шешімдерінің клиенттер үшін қауіпсіз әрі ыңғайлы сервиске айнала отырып, цифрлық активтермен қалай үйлесетінін көрсетеді. Мұндай инновациялар экономиканың дамуына және заманауи қаржы құралдарына деген сенімді нығайтуға ықпал етеді деген ойдамыз», — деп атап өтті Masterсard компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы бас директоры Санжар Жамалов.

«Банктік криптокартаны іске қосу — цифрлық активтерді күнделікті төлемдерге біріктірудің маңызды қадамы. Intebix арқылы айырбастау нақты уақыт режимінде жүреді, бұл клиенттердің криптовалютаны қолдануын оңай және ыңғайлы етеді. Біз бұл өнімнің Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де сұранысқа ие болатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Intebix цифрлық активтер биржасының директоры Талгат Досанов.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

АҚШ-та мөлшерлемелер төмендетіледі деп күтілуде: нарық қалайша ден қояды және инвесторлар неге дайын болуы керек

Келесі жаңалық

Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті

-

-

Байланысты жаңалықтар

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
Категориясыз

Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты

17 июля, 2026
Жұмыс істейтін аналардың әлеуметтік төлемдеріне қатысты фактілер мен түсіндірмелер туралы
Категориясыз

Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай

16 июля, 2026
Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде
Категориясыз

Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

16 июля, 2026
Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды
Категориясыз

Алматыда Құрылтайдың заң шығарушы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырудағы рөлі талқыланды

16 июля, 2026
OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс
Категориясыз

OLX.kz пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейтуде: прокуратурамен бірлескен жұмыс

16 июля, 2026
Категориясыз

01.07.2026 жылғы жағдай бойынша «Alatau City Garant » СК» АҚ бухгалтерлік балансы және кірістер мен шығыстар туралы есебі

15 июля, 2026
Келесі жаңалық
Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті

Жетісуда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шаралары жөніндегі жиын өтті

Бүгін Алматыда Digital Wave 2025 конференциясы басталады

Бүгін Алматыда Digital Wave 2025 конференциясы басталады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Қазақстандықтар Мальдивке тегін ұша алады

Қазақстандықтар Мальдивке тегін ұша алады

7 июня, 2022
Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді

Алматыда туберкулезбен ауыру көрсеткіші төмендеді

16 января, 2026
Балаларға денсаулық сыйлайтын алтын қолдар

Балаларға денсаулық сыйлайтын алтын қолдар

4 марта, 2026

Топ жаңалықтар

  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірісті басқарудың бірыңғай цифрлық экожүйесін қалыптастыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Almaty Museum of Arts пен Visa өнерді көпшілікке қолжетімді ету жолында серіктестік орнатты
  • Нарықтың жазғы күнтізбесі: неліктен шілде айы акция үшін көбіне күшті ай
  • Қазақстан мен Huawei технологиялық серіктестікті жаңа деңгейге көтеруде

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.