Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

«Байтақ» жасылдар партиясы Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты баспасөз конференциясын өткізді

admin by admin
9 сентября, 2025
«Байтақ» жасылдар партиясы Мемлекет басшысының Жолдауына байланысты баспасөз конференциясын өткізді

2025 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауына қатысты арнайы баспасөз конференциясын өткізді.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Іс-шара «Жолдау – жасыл Қазақстанға бастар жол» тақырыбында ұйымдастырылып, партияның Жолдауда көтерілген бастамаларға қатысты ресми ұстанымы мен экологиялық үндеуі таныстырылды.

Жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесіне енгізілген маңызды өзгерістерді, «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық жобасын және су ресурстарын тиімді басқару қажеттігін атап өтті. Президенттің айтуынша, су мәселесін шешу – әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамудың кепілі әрі ұлттық қауіпсіздіктің негізгі факторы болып табылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы су ресурстарының бірыңғай цифрлық платформасын құру, кәсіби кадрлар даярлау және су дипломатиясын дамыту бағытындағы жұмыстарды күшейту қажеттілігін ерекше айтты. Бұдан бөлек, Арал теңізін қалпына келтіру жолында 20 жылдан астам жүргізілген жүйелі жұмыс нәтижесінде Солтүстік Аралдың көлемі ұлғайғаны және Каспий теңізінің тартылуы халықаралық деңгейде шешілуге тиіс аса күрделі экологиялық қауіп екені тілге тиек етілді.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
«Кеше біз Президент Жолдауын тыңдадық. Бұл — Қазақстанның даму картасы. Біздің партия бұл Жолдауды толық қолдайды. Президент атап өткендей, цифрландыру, инвестициялар мен жасыл энергетика — елдің жаңа болашағының негізі. Осы орайда ең бастысы — су ресурстарын тиімді пайдалану, экологияны қорғау. Біз «Байтақ» партиясы ретінде әрбір бастамаға жасыл акцент қосуға дайынбыз: цифрлық технологияларды табиғатты қорғауға қолдану, инвестициялық жобаларды «экологиялық сүзгіден» өткізу, атом энергетикасы бойынша халыққа ашық әрі қауіпсіз шешім қабылдау қажет. Сондай-ақ, Президенттің бір палаталы парламент құру жөніндегі ұсынысы — тарихи бастама. Бұл халықтың даусын күшейтіп, демократиялық жүйені жеделдетеді. Жолдау — әр қазақстандықтың өмірін жақсартуға бағытталған. Біз бірлесіп, әділетті, мықты әрі жасыл Қазақстан құрамыз».

Олег Пак (партия төрағасының орынбасары) Президенттің парламенттік реформа жөніндегі бастамасын қолдай отырып, реформалар тек бір палаталы парламентпен шектелмей, депутаттардың тәуелсіздігі мен халықтың мүддесін қорғауына бағытталуы тиіс екенін атап өтті. Ол өңдеуші өнеркәсіп бойынша құрылған үйлестіру кеңесінің мысалын келтіріп, депутаттардың нақты тиімділігі артуы қажет екенін айтты.

Роза Темірқұлова «Байтақ» партиясының Астана қаласы бойынша Әйелдер кеңесінің төрайымы:

Buy JNews
ADVERTISEMENT

«Президенттің бұл бастамасы — тарихи сәт. Әрине, қоғамда түрлі пікір бар. Бірақ ең бастысы — елдегі тұрақтылық пен татулықты сақтау. Әрбір шешім балаларымыздың болашағына әсер етеді. Сондықтан біз әйелдер қауымы ретінде осы мәселені ашық әрі саналы түрде талқылап, қоғамда келісім мен өзара құрметті сақтауға шақырамыз. Президенттің халыққа деген сенімі — үлкен жауапкершілік. Бұл сенімді ақтауымыз қажет».

Қуандық Нұртаев(партия жобаларының жетекшісі):
«Мемлекет басшысы 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің жаңа саяси маусымы басталды. Біз 2025 жылғы 5 маусымда партияның Жаңа экологиялық идеология тұжырымдамасын таныстырған болатынбыз. Тұжырымдаманың бірқатар тармақтары Президент Жолдауынан жолдауымен үндеседі. «Бұл партиямызға экологиялық күн тәртібін жүзеге асырып, алдағы Парламент сайлауында жеңіске жетуге нақты мүмкіндік береді».

Іс-шараның негізгі тақырыптары:

  • Су ресурстарын тиімді басқару және қорғау мәселесі;
  • «Таза Қазақстан» экологиялық бастамаларына партияның ресми ұстанымы;
  • Атом электр станциясына қатысты партияның пікірі.

Баспасөз конференциясында онлайн Zoom арқылы партияның өңірлік төрағалары, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысып, талқылауға өз үлестерін қосты.

«Байтақ» жасылдар партиясы Мемлекет басшысы ұсынған бастамаларды толық қолдай отырып, Қазақстанның жасыл болашағын қалыптастыру, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және су қауіпсіздігін сақтау жолында белсенді жұмыс атқаратынын мәлімдеді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Huawei Қазақстандағы 48 жоғары оқу орнында ICT Competition 2025-2026 Roadshow бағдарламасын бастады

Келесі жаңалық

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Қазақстандық студенттер III Түркі универсиадасында 23 медаль жеңіп алды

Қазақстанға шетелдік инвестициялар: ақшаны кімдер инвестциялайды және ол жағдай нарыққа қалай ықпал етеді?

АҚШ-та мөлшерлемелер төмендетіледі деп күтілуде: нарық қалайша ден қояды және инвесторлар неге дайын болуы керек

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев: АЭС — ең таза электр энергиясы болып есептеледі

Ядролық физика институтының бас директоры Саябек Сахиев: АЭС — ең таза электр энергиясы болып есептеледі

4 октября, 2024
Нұр-Сұлтанда жасөспірім жол қозғалысын реттеді

Нұр-Сұлтанда жасөспірім жол қозғалысын реттеді

10 мая, 2021
Қазгидромет бүгінгі ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет бүгінгі ауа райы болжамын жариялады

12 февраля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жетісу» волейбол клубына — 25 жыл: марапаттау, жас спортшылармен кездесу, мастер-класс

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.