---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/09/06/air-astana-balalardy%d2%a3-kitap-o%d2%9buyn-%d2%9boldajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Air Astana балалардың кітап оқуын қолдайды

![Air Astana балалардың кітап оқуын қолдайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/09/attachment-12.jpeg)

**Air Astana Білім күні мен Халықаралық қайырымдылық күні аясында Алматы қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне балаларға арналған қазақ тіліндегі 1000 дана кітап таратты.**

Алғашқы кітаптар Қрылов атындағы балалар кітапханасында жас оқырмандармен өткен кездесуде ресми түрде тапсырылды. Қалған кітаптар балалар кітапханалары арасында таратылу үшін қалалық кітапханалары жүйесіне берілді.

Бұл бастама балалардың кітап оқуына деген қызығушылығын арттыруға және сапалы әдебиетке қолжетімділікті кеңейту арқылы олардың дамуына ықпал етуге бағытталған. Барлық кітаптар кітапханалардың таңдауымен қазақстандық Steppe&World Publishing баспасының танымдық әдебиеттер ассортиментінен іріктелді.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2025/09/attachment-13-300x200.jpeg)

---

Жарияланды: 2025-09-06T07:55:50+06:00

Жаңартылды: 2025-09-06T07:55:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/09/06/air-astana-balalardy%d2%a3-kitap-o%d2%9buyn-%d2%9boldajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.