---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/09/05/ruhani-diplomatiyany%d2%a3-%d2%9byr-syry-%d3%99lemdik-din-liderlerin-bir-%d2%afstel-basyna-%d2%9balaj-zhinau-kerek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Рухани дипломатияның қыр-сыры: әлемдік дін лидерлерін бір үстел басына қалай жинау керек

![Рухани дипломатияның қыр-сыры: әлемдік дін лидерлерін бір үстел басына қалай жинау керек](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/09/photo_2025-09-05_22-16-21.jpg)

**Сенат Спикері, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаев Динара Сәтжан мен Әділ Сейфулиннің Qogam News жобасына берген сұхбатында форумның көзге көрінбейтін қырлары туралы айтып берді.**

Алғаш қарағанда, қазіргі кездегі рухани көшбасшыларды жаһандық мәселелерді талқылау үшін бір үстел басына жинау оңай көрінуі мүмкін. Алайда, Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, әрбір осындай кездесудің артында Қазақстанның шетелдердегі дипломатиялық миссияларының, Съезд Хатшылығы мен күрделі геосаяси жағдайда және шиеленіскен халықаралық қайшылықтар аясында жұмыс істейтін ынталы топтың орасан еңбегі жатыр.

**«Президенті****міз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев****алдағы Съезге ерекше мән бер****іп отыр****. Біздің шетелдік әріптестеріміз де мұны атап өт****уде****.****Шын мәнінде,****бүгінде бәріміз бақылап****,****алаңдап отырған Таяу Шығыстағы шиеленіс кезінде рухани көшбасшыларды бір үстел басына жинап, оларды бетпе-бет отыр****ы****п****,****геосаясат пен қазіргі әлемдегі күрделі мәселелерді талқылауға шақыру****—****оңай міндет емес. Иудаизм мен ислам әлемінің лидерлерін ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан қайшылықтар жағдайында қатар отырғызу да оңай емес. Қазіргі заманда бұл қайшылықтар жаңа сипат алып отыр. Сондықтан Съезд****–****бұл жай ғана шақыру қағазы жіберіп, қатысушылардың келуін күтетін қарапайым конференция емес. Бұл****–****ауқымды еңбектің нәтижесі. Рухани көшбасшылардың жиналып, бейбітшілік пен диалог мәселелерін талқылауының өзі халықаралық ахуалды тұрақтандыру тұрғысынан маңызды қадам болып саналады.****Егер қатысудан****бас тарт****ып жатса****, біз****дәйекті****дәлелдер келтіріп, түсіндіруге тырысамыз****. Соның нәтижесінде көп жағдайда рухани көшбасшылардың жақындасуына қол жеткіземіз»**, – деді Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы.

---

Жарияланды: 2025-09-05T17:31:22+06:00

Жаңартылды: 2025-09-05T17:31:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/09/05/ruhani-diplomatiyany%d2%a3-%d2%9byr-syry-%d3%99lemdik-din-liderlerin-bir-%d2%afstel-basyna-%d2%9balaj-zhinau-kerek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.