---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/09/05/almatyda-d%d3%99rigerler-auyr-zhara%d2%9bat-al%d2%93an-nau%d2%9basty%d2%a3-%d3%a9mirin-%d2%9b%d2%b1t%d2%9baryp-%d2%9baldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған науқастың өмірін құтқарып қалды

![Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған науқастың өмірін құтқарып қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/09/photo_2025-09-05_15-00-30.jpg)

**Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 58 жастағы ер адам ауыр қосарланған жарақатпен жедел жеткізілді.**

Дәрігерлер ашық бас-ми жарақаты, миының орташа дәрежелі шайқалуы, маңдай сүйегінің маңдай қуысына өтетін сызықтық сынуы, пневмоцефалия, төбе-самай аймағындағы субдуралды гематома, сондай-ақ беттегі көптеген көгерулер мен жарақаттар диагнозын қойды. Бұған қоса, науқаста қабырғалардың жабық сынуы, жамбас сүйектерінің майдаланып сынуы және білезік сүйегінің ашық сынуы анықталды.

Ми шайқалуы мен субдуралды гематомаға байланысты науқасқа бірден ота жасауға мүмкіндік болмады. Мамандар оның жағдайын қатаң бақылауда ұстап, қарқынды терапия жүргізді. Тек тоғызыншы тәулікте, өмірлік көрсеткіштері тұрақталғаннан кейін ғана ота жасалды.

Науқасқа күрделі ота – жамбас сүйектерінің остеосинтезі пластина және бұрандалар арқылы бекіту әдісімен орындалды.

Отаға травматолог-ортопед Даулет Чукманов жетекшілік етті, оған Нуралы Нуржан көмек көрсетті, ал анестезиологиялық қолдауды Алпысбай Жұлдыз қамтамасыз етті.

Отадан кейін екі тәулік өткен соң науқас белсенді қимылдай бастады – ол өздігінен арнайы жүргіншек (ходунок) арқылы қозғала алды.

Мамандардың үйлесімді еңбегінің арқасында науқас сәтті сауығып келеді.

---

Жарияланды: 2025-09-05T10:04:11+06:00

Жаңартылды: 2025-09-05T10:04:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/09/05/almatyda-d%d3%99rigerler-auyr-zhara%d2%9bat-al%d2%93an-nau%d2%9basty%d2%a3-%d3%a9mirin-%d2%9b%d2%b1t%d2%9baryp-%d2%9baldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.