---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/09/01/%d2%9bytajly%d2%9b-ba%d2%9b-to%d2%9baev-pen-si-czzinpinni%d2%a3-kezdesui-turaly-senim-simvolizm-men-zha%d2%a3a-kelisimder/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

![Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/09/1200xauto_mpt1nzvtgrbmk6znfsn9pkfnxqhplgfslztdgjtc.jpg.webp)

**30 тамызда Қазақстан Президенті Қытайдың Тяньцзинь қаласына барғаны белгілі. Шанхай ынтымақтастық ұйымының самммиті мен «ШОС плюс» отырысының алдында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан көшбасшысымен кездескені туралы қытайлық БАҚ-тар жарыса жазып жатыр. Қытай бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан басшысының бұл сапарына кең көлемде назар аударып, әр жолы келіссөздердің Бейжіңнің мүдделері мен басымдықтарын айқын көрсететін қырларына ерекше тоқталды.**

Толығырақ BAQ.KZ тілшісінің шолуынан оқи аласыздар.

**Xinhua: Қытай тарапы үшін бұл символдық мәнге ие**

Қытайдың ресми **Xinhua агенттігі** кездесу барысын тарихи тұрғыдан сипаттады.

Журналистер атап өткендей, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралармен тұспа-тұс келді. Қытай тарапы үшін бұл символдық мәнге ие: Қазақстанның осындай маңызды шараларға қатысуы екі елдің жақындығын және өзара сенімге негізделген қатынастарын айқын көрсетеді.

> *Әлемде қандай өзгерістер орын алса да, Қытай мен Қазақстан көршілестік пен достық саясатын ұстанып, әділ халықаралық тәртіп орнатуға күш салуы тиіс», — деп атап өтті Си Цзиньпин.*

**CGTN: Астана мен Бейжің бір-бірін батыл қолдауға тиіс**

Ал **CGTN телеарнасы** өз басымдықтарын басқаша қойды. Мұнда басты назар келіссөздердің нақты нәтижелеріне бағытталды. Көрермендерге екі елдің энергетикадан бастап технология, білім, спорт және жабайы табиғатты қорғауға дейінгі салаларды қамтитын 20-дан астам келісімге қол қойғаны еске салынды. Сондай-ақ телеарна Тоқаевтың мына сөзіне назар аударды:

> *Қазақстан мен Қытай қарым-қатынастары тарихтағы ең жоғары деңгейіне жетті»* деген сөзін келтірді. Ол өткен жылғы екіжақты сауданың рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізгенін атап өтті. Өз кезегінде Си Цзиньпин: *«Астана мен Бейжің бір-бірін батыл қолдап, ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруі тиіс, — деді Қазақстан көшбасшысы.*

**Үкіметтік gov.cn порталы: Дипломатиялық басымдық**

Үкіметтік **gov.cn порталы** жағдайды анағұрлым ұстамды түрде көрсетті. Мұнда қол қойылған құжаттардың егжей-тегжейіне тоқталмай, дипломатиялық тұжырымдарға басымдық берілді.

> *Халықаралық жағдайдағы өзгерістерге қарамастан, Қытай мен Қазақстан әрқашан жақсы көрші әрі сенімді серіктес болып қала беруі керек, — * деген Си Цзиньпиннің сөзі келтірілді.

**Қытай СІМ: Қытай мен Қазақстан бір-біріне сенетін әрі арқа сүйейтін көршілер**

Ал Қытайдың **Сыртқы істер министрлігі** өз мәлімдемесінде серіктестіктің стратегиялық сипатына екпін қойды. Ведомство Қытай мен Қазақстанды *«бір-біріне сенетін әрі арқа сүйейтін көршілер»* деп сипаттады. Сондай-ақ энергетика саласындағы ынтымақтастықтың, көлік дәліздерін дамытудың және мәдени алмасулардың маңыздылығына назар аударылды. Бұл, әсіресе, алдағы екі ел арасындағы **Мәдени алмасу жылы** аясында ерекше мәнге ие.

Жалпы, Қытайдың жетекші ақпарат құралдары бір пікірде: Тоқаев пен Си Цзиньпиннің Тяньцзиньдегі кездесуі стратегиялық серіктестікті нығайтудың маңызды қадамы болды. Дегенмен, әрбір дереккөз өз қырынан қарастырды: **Xinhua** – тарихи сабақтастықты, **CGTN** – практикалық нәтижелерді, ал **gov.cn** мен ҚХР СІМ – ресми дипломатиялық тіл мен стратегиялық ынтымақтастықты алға тартты.

---

Жарияланды: 2025-08-31T18:10:17+06:00

Жаңартылды: 2025-08-31T18:10:17+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/09/01/%d2%9bytajly%d2%9b-ba%d2%9b-to%d2%9baev-pen-si-czzinpinni%d2%a3-kezdesui-turaly-senim-simvolizm-men-zha%d2%a3a-kelisimder/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.