Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

admin by admin
29 августа, 2025
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

Қазіргі қоғамда заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болып саналады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында басқарушы органдар алдына әрбір азамат өзін қорғауда сезінетін және мемлекеттік институттарға сенетін тиімді қауіпсіздік жүйесін құру міндетін қойды. Бүгінде Қазақстанда Үкімет бұл жұмысты кешенді түрде жүргізуде: қылмыстың алдын алу шаралары күшейтіліп, цифрлы технологиялар енгізілуде, заңнама жетілдіріліп, мемлекет пен қоғам арасындағы әріптестік нығайтылуда.

Байланысты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Мемлекет басшысының Жолдауы және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттердің орындалу барысы туралы толық ақпаратты Primeminister.kz сайтында жарияланған шолудан оқыңыздар.

Құқықтық тәртіпті және патрульдік қызметті күшейту

ҚР Ішкі істер министрлігі өз күш-жігерін қала және ауылда қауіпсіз орта құруға бағыттап отыр. Күн сайын 14 мыңнан астам полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде. 15 мыңнан астам патрульдік маршрут әзірленді, бұл проблемалы барлық аймақты қамтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар қайталанатын қылмыстардың алдын алу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған шаралар қазірдің өзінде айтарлықтай нәтиже беруде. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда және көшелерде, сондай-ақ бұрын сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар санының азаюы тіркелді. Полицияның үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында 10 мыңнан астам қылмыс ашылып, 10 млн-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесілді.

«Біздің жұмысымыздың негізі – «заң мен тәртіп» қағидасы. Алдын алу шараларының арқасында қылмыстар саны 13%-ға төмендеді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға аз. Кісі өлтіру, қарақшылық әрекеті, тонау, бұзақылық, ұрлық және мал ұрлығы азайды. Бұрын сотталғандар қоғамдық орындарда және қару қолдану арқылы жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар саны кеміді, қылмыстың ашылу көрсеткіші жақсарды», — деп атап өтті ішкі істер министрі Ержан Сәденов.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Цифрландыру және бейнебақылау

Цифрлы технологияларды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. Бейнебақылау желісі бүкіл ел бойынша кеңейіп келеді: 19 мыңнан астам камера бет-әлпетті тануға, қараусыз қалған заттарды түсіруге және тіпті көлік ағындарын талдауға қабілетті жасанды интеллектімен жабдықталған. Бұл жүйелерді Жедел басқару орталықтарымен біріктіру орын алған оқиғаларға нақты уақыт режимінде әркет етуге мүмкіндік береді.

Полиция қызметкерлері заманауи планшеттер мен смарт-жетондармен жабдықталуда. Бұл олардың жылдам әрекет етуіне және қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Азаматтарға қолайлы болуы үшін «102» мобилді қосымшасы іске қосылды, сондай-ақ eGovMobile мен екінші деңгейлі банктердің қосымшаларында «Заң және тәртіп» қызметі пайда болды. Енді кез келген азамат құқықбұзушылық жайлы «бір батырма» арқылы хабарлап, қоғам мен құқық қорғау органдары арасындағы байланысты жеңілдете алады.

«Алаяқтардың 2,2 млрд теңгені алып қоюына тосқауыл қойылды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтық және қаржылық сауаттылығы да артып келеді», — деді Ержан Сәденов.¶

Әйелдер мен балаларды қорғау

Үкіметтің басым бағыттарының бірі – азаматтардың ең осал санаттары – әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ішкі істер министрлігінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылды.

Ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру қылмыстық сипатқа ие болды. Биылғы жылдың 7 айында отбасылық зорлық-зомбылық деректері бойынша 8 мыңнан астам қылмыстық іс тіркелді.

Жаңа құқықтық тетіктердің арқасында соттар 56 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды, ал 19 мыңнан астам құқықбұзушы әкімшілік қамауға алынды. Мыңдаған әйел мен балаға дағдарыс орталықтарында көмек көрсетілді. Бұл мемлекет тарапынан азаматтардың құқығын қорғау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетеді.

Қаржылық алаяқтықпен күрес

Цифрландыру жағдайында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны күрт өсіп келеді. Азаматтарды қорғау үшін Ішкі істер министрлігі жүйелі шараларды жүзеге асыруда: ерте әрекет ету жүйелері енгізілуде, күмәнді қоңыраулар мен транзакциялар бұғатталады. Тек соңғы айларда ғана 2,6 млрд теңгеден астам қаржы ұрлығының алды алынды.

Жедел қызметтер алаяқтар пайдаланған 88 мыңнан астам SIM-картаны тәркіледі, сондай-ақ 67 млн-нан астам жалған халықаралық қоңыраудың жолы кесілді. Бұдан бөлек, Министрлік алдын алу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Атап айтқанда, мектеп оқушыларына, студенттерге және зейнеткерлерге арналған семинарларда қауіпті алаяқтық іс-қимылдарды тани білу және қаржыны қорғау жолдары үйретіледі.

Есірткі қылмысына және экстремизмге қарсы іс-қимыл

Бүгінде есірткі қылмысы күрделі мәселе күйінде қалып отыр. 2024 жылдан бері вейптердің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді, есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қатаңдатылды. Биылғы 7 айда есірткіге қатысты 4,6 мыңнан астам қылмыс анықталып, 13 ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды, 11 тоннадан астам есірткі мен 23 тонна химиялық зат тәркіленді.

Экстремизммен күрес те назардан тыс қалмайды. 2025 жылы экстремистік сипаттағы 44 қылмыстық құқық бұзушылық анықталып, оның 23-” іс сотқа жіберілді.

Жол-көлік қауіпсіздігі

Ерекше бағыт – жолдағы апаттарды азайту. Жаңа заң бойынша орташа жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілік күшейтілді, мопедтерді тіркеу міндетелді. Сонымен қатар айыппұлдарды ескертулермен алмастыра отырып, ұсақ бұзушылықтар үшін жазаларды жеңілдету қарастырылды.

Биылғы 7 айда жолдарға 25 мыңнан астам тексеру жүргізілді, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін сан мың ақаулар анықталды. Соған сай дрондардан бастап автоматты тіркеу камераларына дейінгі бақылаудың жаңа әдістер қолданыла бастады. Мұның бәрі бүгінде нәтиже беріп, республикалық трассаларда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандар саны 12%-ға төмендеді.

«Жолдарда 8,5 млн жол-қозғалысы ережесін бұзу фактісінің жолы кесілді. Оның ішінде 14 мыңнан астам мас күйде көлік жүргізу фактілері бар. Бұл шаралар ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді. Бүгінде цифрлық шешімдер қарқынды түрде енгізілуде. Мәселен, құқық бұзушылықты тіркеу камералары, мобилді «жасырын» патрульдік жүйелер, дрондар, қауіпті жүргізушілерді анықтауға арналған «Қорғау» жүйесі. Автожолдарда орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізілді, бұл осы аймақтардағы апаттық жағдайларды азайтты. Жол инфрақұрылымына бақылау күшейтілді», — деді Ержан Сәденов

Заңнаманы жетілдіру

Әділет министрлігі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етудегі құқықтық базаны қалыптастыруда шешуші рөлге ие. Соңғы жылдары ведомство заңнаманың маңызын арттыру, құқықтық рәсімдерді оңайлату және азаматтар үшін сот төрелігін қолжетімді ете түсу бойынша көп жұмыс жүргізуде. Соның ішінде ең бір маңызды бағыт қылмыстық және әкімшілік құқықты, оның ішінде жеке құқықтарды қорғау және қайталама қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған жаңа нормаларды жетілдіру туралы болды.

«Біздің әділет саласында, сот жүйесінде және жалпылама алғанда жүргізіп жатқан реформаларымыз бірінші кезекте заңнаманың сапасын арттыруға, соның ішінде, ең алдымен заң бәріне бірдей деген қағидаға негізделген, ал онда орнатылған тәртіп талаптары заңды әділ қолданылу салдары ретінде танылуы тиіс», — деп атап өтті әділет министрі Ерлан Сәрсембаев.

Сот төрелігінің қол жетімділігі және құқықтық білім

Әділет министрлігінің басымдықтарының бірі – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ведомство онлайн-қызметтерді қарқынды дамытып, электрондық форматта мемлекеттік қызметтер спектрін кеңейтуде. Азаматтарға цифрлық платформалар арқылы соттар мен мемлекеттік органдарға жүгінуге мүмкіндік беріледі, бұл бюрократиялық жүктемені азайтады және уақытты үнемдейді.

Халық арасында ағартушылық жұмыс жүргізу маңызды міндет болып қала береді. Құқықтық мәдениетті нығайтуға бағытталған акциялар мен білім беру науқандары үнемі өткізіліп тұрады, бұл қоғамда заң мен мемлекеттік институттарға деген құрметті қалыптастырады.

«Егер бұрын заңсыз әрекеттерді дәлелдеу және барлық инстанциялардан өту қажет болса, енді атқарушылық іс-қимылдардың ашықтығы мен цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері есебінен белгіленген рәсімдердің бұзылуы бірден анықталатын болады. Ал азаматтар заңсыз әрекетке тікелей жүйенің ішінде «бір батырма» арқылы шағымдана алады», — деді Ерлан Сәрсембаев.

Адам құқықтары саласындағы реформалар

Әділет министрлігі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға көп көңіл бөледі. Кемсітушілікке қарсы іс-қимылға, халықтың осал топтарын қорғауға және әділ сот төрелігінің кепілдіктерін нығайтуға бағытталған жаңа тетіктер әзірленіп, енгізілуде. Бұл саладағы қазақстандық бастамалар халықаралық деңгейде қолдау табуда, бұл елдің құқықтық мемлекет ретіндегі беделін нығайтады.

«Осылайша, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын басшылыққа ала отырып, атқарушылық іс жүргізу тараптарының әрқайсысы сот төрелігін жүзеге асыру кезінде болжамды, заңды жағдайға және дауларды шешудің өзге де тәсілдеріне сенімді болған кезде әділ заңдардың қабылдануы ғана емес, олардың сапалы орындалуы да қамтамасыз етілетін болады», — деп атап өтті Ерлан Сәрсембаев.

ІІМ мен Әділет министрлігі қабылдаған шаралар мемлекеттің «Заң және тәртіп» біртұтас және тиімді жүйесін құруға ұмтылатынын көрсетеді. Бұл жүйе заманауи технологияларға, заңнаманы жетілдіруге, қоғамның белсенді қатысуына және құқық бұзушылардың қатаң жауапкершілігіне сүйенеді.

Мемлекеттің міндеті – сын-қатерлерге жауап беріп қана қоймай, құқықтық тәртіп өмір сүру нормасына айналатын жағдайларды қалыптастыру. Бүгінгі таңда Қазақстан азаматтардың сенімін нығайта отырып және елдің болашақ дамуы үшін берік іргетас қалап, осы бағытта сенімді түрде қадам басуда.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Этил спирті дәріханалардағы сатылым көшбасшысы: қазақстандықтар күніне қанша дәрі сатып алады

Келесі жаңалық

Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
Басты

Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды

21 января, 2026
Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
Категориясыз

Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді

21 января, 2026
Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды
Категориясыз

Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

20 января, 2026
Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді
Категориясыз

Алматыда алғаш рет қозғалыс бұзылыстары бар жасөспірімнің миын терең ынталандыру жүргізілді

20 января, 2026
Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды
Категориясыз

Huawei мен Beeline Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

19 января, 2026
Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы
Категориясыз

Рейстердің орындалуына әсер ететін факторлар туралы

19 января, 2026
Келесі жаңалық
Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі

Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

Қытайлық БАҚ Тоқаев пен Си Цзиньпиннің кездесуі туралы: сенім, символизм мен жаңа келісімдер

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

Атырауда 22 жастағы жігіт оқ жарақатымен ауруханаға түсті

29 ноября, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Стэнфорд университетінің профессоры Фрэнсис Фукуямамен кездесу өткізді

11 марта, 2021
Алматы облысында локдаун енгізіледі

Өткен тәулікте коронавируспен 2459 науқас тіркелді

16 мая, 2021

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • AOО онкологы — бауыр обырының қауіптері мен алдын алу туралы талқылайды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Jack port Off Sites — Avoiding Jerks With Sex Webcam Girls

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Media «Сёгун» сериалының қазақ тіліндегі алғашқы ресми дубляжын ұсынды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бейбіт Исабаев Кербұлақ ауданының жаңадан сайланған әкімін жергілікті активке таныстырды
  • Талғат Жанысбай Ұлттық құрылтайдың өткен отырысында Тоқаевтың сөйлеген сөзіне пікір білдірді
  • Тазабек Астанада «Қайрат» – «Брюгге» матчында жанкүйерлерді таңғалдырды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.