Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Этил спирті дәріханалардағы сатылым көшбасшысы: қазақстандықтар күніне қанша дәрі сатып алады

admin by admin
29 августа, 2025
Этил спирті дәріханалардағы сатылым көшбасшысы: қазақстандықтар күніне қанша дәрі сатып алады

Tañba бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторы дәрі-дәрмекті цифрлық таңбалау жүйесінің статистикасын ұсынды. Жүйе іске қосылғаннан бері Қазақстанда 513 миллион дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланып, оның ішінде 104 миллионнан астамы дәріханаларда сатылған.

Байланысты

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

Дәрілік заттарды міндетті таңбалау 2024 жылғы 1 шілдеде енгізілді. Сол уақыттан бері дәріхана сөрелері күн сайын таңбаланған препараттармен толықтырылуда, олардың үлесі бүгінде 65%-дан асты. Бірыңғай оператор жүйесінің деректері бойынша, қазақстандықтар дәріханалардан күніне жарты миллионнан астам таңбаланған дәрі-дәрмек сатып алады. Мысалы, 2025 жылғы 26 тамыздағы жағдай бойынша елімізде 788 мың қаптама дәрі-дәрмек сатылған. Жалпы тамыз айында күндік сатылым динамикасы 480 мыңнан 788 мыңға дейінгі аралықта болған.

Өңірлер бойынша ең көп сатылым Алматыда тіркелді – 21 миллионнан астам қаптама, Қарағанды облысында – 12 миллион, үшінші орында Шымкент – 11 миллионнан астам қаптама.

2025 жылдың тамызының соңындағы жағдай бойынша дәріханалардағы сатылым көшбасшысы ацетилсалицил қышқылы – 4,29 миллион қаптама. Этил спиртін (4 млн) және дәстүрлі фаворит парацетамолды (3,64 млн) басып озған. Дегенмен, этил спирті әртүрлі нысандарда ТОП-10-ға екі бірдей позициямен кірді: 2-орында 4 млн қаптамамен және 8-орында «Этил спирті-DF» түрінде 1,45 млн қаптама. Жалпы алғанда, этил спирті 5,45 миллион қаптама көлемімен абсолютті көшбасшы.

Сонымен қатар таңбалау жүйесі мемлекеттік бюджет есебінен бөлінетін дәрі-дәрмектің толық бақылауын қамтамасыз етеді. Таңбалау енгізілгеннен бері қазақстандықтарға: амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету аясында 18,7 миллион қаптама, стационарлық ем аясында 34,3 миллион қаптама таңбаланған дәрі берілген.

«Таңбалау жүйесі мемлекеттік бюджет қаражатына сатып алынатын дәрілерді беруді толықтай ашық етеді. Мемлекеттік органдар нақты уақыт режимінде қай дәрі, қандай көлемде жеткізілгенін, қазір қайда тұрғанын және кім арқылы қамтамасыз етілгенін көре алады», – деді дәрі-дәрмекті таңбалау жобасының жетекшісі Анар Карибаева.

Айта кетейік, бүгінгі таңда тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде дәрі-дәрмек айналымының 10 мыңнан астам қатысушысы тіркелген. Олардың ішінде: 19 отандық өндіруші, шамамен 140 шетелдік өндіруші, 300-ден астам импорттаушы/дистрибьютор, 3 900-ден астам медициналық ұйым, 4 630 дәріхана және 1 814 ӘМСҚ жеткізушісі бар.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Қазақстанда барлық дәрі-дәрмекке міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданылады. Жүйе әрбір қаптамаға қойылатын бірегей Data Matrix кодтарының арқасында дәрінің өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатылғанға дейінгі толық өмірлік циклін бақылауға мүмкіндік береді. Таңбалау контрафакт пен заңсыз айналымға қарсы күрестің негізгі құралына айналып, сондай-ақ фармбақылаудың тиімділігін арттыруға және дәрілердің сапасын қадағалауға септігін тигізді.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

200 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін: 2025 жылғы Қазақстанның құрылыс саласындағы жалақы мөлшері

Келесі жаңалық

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Категориясыз

Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына

13 июля, 2026
Сарапшылар Қазақстандағы жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Категориясыз

Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты

11 июля, 2026
«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде
Категориясыз

«Қазақмыс» «Жомарт» кенішінде тау жыныстары массивін цифрлық мониторингтеу жүйесін енгізуде

10 июля, 2026
Теңге Қазақстанның ұлттық валютасы ретінде конституциялық мәртебеге ие болды
Категориясыз

Қазақстанда халықтың ақшалай табысының көрсеткіштері артып келеді

9 июля, 2026
Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр
Категориясыз

Аптаптың бағасы: жаз басталғанда климаттық техника нарығы қалай өзгеріп жатыр

9 июля, 2026
Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі
Категориясыз

Технологиялар әуе көлігі саласына жылына 10 миллиард жолаушыны тасымалдауға дайындалуға қалай көмектеседі

9 июля, 2026
Келесі жаңалық
Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: Әділетті Қазақстанның негізі – «Заң мен тәртіп» қағидасы

Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі

Эльвира Азимова Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз сөйледі

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

2022 ж. Қазақстанда балалар жасаған ұрлық саны 2,1% өсті

2022 ж. Қазақстанда балалар жасаған ұрлық саны 2,1% өсті

26 октября, 2022
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Қазақстан медальдар кестесінде көш бастады

10 сентября, 2024
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 2 адам қайтыс болды

Кейінгі тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталды?

12 августа, 2021

Топ жаңалықтар

  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • 85 мектеп, жүздеген педагог және жаңа мүмкіндіктер: Ustaz Ulytau жобасының бес жылдық қорытындысы

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс Қарағайлы байыту фабрикасын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жүйелі түрде нығайтуда

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Бухгалтерлік баланс, пайда мен залал туралы есеп «Сентрас Иншуранс «СК» АҚ 01.07.2026 жыл жағдайына
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының III кезектен тыс съезіне қатысты
  • Жаңа адамдар Әділет партиясының Жаңа мәдениет және ұлттың қалыптасуы стратегиялық сессиясына қатысты

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.