---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/28/ma%d2%a3%d2%93ystauly%d2%9b-d%d3%99rigerler-men-studentter-t%d2%afrkiyada-tegin-ta%d2%93ylymdamadan-%d3%a9tip-biliktiligin-arttyrady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Маңғыстаулық дәрігерлер мен студенттер Түркияда тегін тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады

![Маңғыстаулық дәрігерлер мен студенттер Түркияда тегін тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/gluster_2025_3_3_08a5edf5e40d78734a73fab427f9938e_1280x720.jpg)

**28 ақпан күні өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың тапсырмасына сәйкес Стамбұл қаласына барған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев бірқатар келісімге қол жеткізді.**

Атап айтсақ, 100 маңғыстаулық студент Түркияның Анталия және Мармарис қалаларында туризм саласы бойынша тегін тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар, 50-ге жуық дәрігер Medicana Health Group клиникасында кәсіби біліктілігін жетілдіреді.

Маңғыстау облыстық Білім басқармасы мен Түркияның «Курорттық Аймақ» туристік қызмет саудасы АҚ арасында жасалған меморандум аймақтағы туризм және сервис саласына білікті мамандар даярлауды көздейді. Осы келісім аясында маусым айынан бастап Мармарис қаласындағы Woxx Hotels Group 50 студентті оқытып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Тағы 50 студент Анталияда кәсіби білімін жетілдіреді. Барлық тағылымдамашылар тегін тамақпен қамтамасыз етіліп, оларға айлық төленеді.

Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары Medicana Health Group басқарма мүшесі Берк Бозкуртпен келіссөздер жүргізіп, әріптестік орнату туралы келісімге келді. Бұл келісім аясында 20 онколог және облыстың әр медициналық ұйымынан 30-ға жуық дәрігер түрлі медициналық бағыттар бойынша тәжірибе жинақтайды.

Medicana Health Group – Түркияның жетекші медициналық ұйымдарының бірі. Құрамына 14 аурухана, 11 медициналық орталық және 500-ден астам емхана кіреді. Жыл сайын 10 миллионнан астам науқасқа қызмет көрсететін бұл топ жоғары технологиялық емдеу әдістерін ұсынатын медициналық туризм саласының көшбасшысы ретінде танымал.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

---

Жарияланды: 2025-08-28T14:40:33+06:00

Жаңартылды: 2025-08-28T14:40:33+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/28/ma%d2%a3%d2%93ystauly%d2%9b-d%d3%99rigerler-men-studentter-t%d2%afrkiyada-tegin-ta%d2%93ylymdamadan-%d3%a9tip-biliktiligin-arttyrady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.