Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Altyn Bank пен Жолаушылар тасымалы саяхатшыларға 25% дейін пайда беретін карта шығарды

admin by admin
28 августа, 2025
Altyn Bank пен Жолаушылар тасымалы саяхатшыларға 25% дейін пайда беретін карта шығарды

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесіп, теміржол қызметін жиі қолданатын жолаушылар үшін Altyn Express деп аталатын жаңа цифрлық төлем картасын іске қосты.  

Байланысты

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Аталмыш карта иелері «Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық стандартты және қала маңындағы бағыттарға қатынайтын пойыздарына, соның ішінде «Тальго» пойыздарының билеттеріне де 20% жеңілдік ала алады. Сондай-ақ, бүкіл елдердегі пойыздар, автобустар, метро және таксилердің жолақысын төлеген кезде 5% cashback беріледі.

Бұл үшін бар болғаны банктың Altyn-i мобильді қолданбасын жүктеп,  қосымшаға тіркеліп, «Карталар» бөлімінен Altyn Express картасын таңдау қажет немесе картаны ҚТЖ сайтынан да онлайн ашуға болады. Карта келесі жұмыс күні жылдық қызметі үшін 10 999 теңге төлегеннен кейін бірден іске қосылады. Комиссияны төлеу үшін картаға қажетті соманы салу керек, жүйе бұл ақшаны автомат түрде бірден төлем ретінде алады. Кейін «Жолаушылар тасымалы» АҚ клиентке арнайы нөмір береді. Клиент сол нөмір арқылы жеңілдігі бар билеттерді сатып ала алады. Бұл нөмір Altyn-i мобильді қосымшасында көрініп тұрады.

Altyn Express картасының негізгі артықшылықтары:

  • Карта иесіне теміржол билеттері үшін 20% жеңілдік беріледі (пойыздардың тізімі Банктың сайтында жазылған).
  • Пойыз, метро, автобус, такси сияқты транспорт арқылы қатынап, жолақысын карта арқылы төлесе, соманың 5%-ы кешбэк ретінде қайтарылады (терминал арқылы немесе онлайн төлем кезінде).
  • Картадан кез келген банкомат арқылы айына 1 миллион теңгеге дейін қолма-қол ақшаны комиссиясыз шешіп алуға болады.
  • Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay арқылы төлем жасауға мүмкіндік бар.

«Біз жолаушыларға жай ғана банк картасын емес, ақшасы мен уақытын үнемдейтін, қосымша мүмкіндіктер беретін құрал ұсынғымыз келді. Тұтынушы тек қаржылай қызмет емес, брендтен нақты пайда күтетін заманда Altyn Express картасы жолға жиі шығатын клиенттердің сапарын тиімді етеді. Әсіресе, бұл мобильділік артқан кезде және сұраныс көп маусымда ыңғайлы», – деді «Altyn Bank» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Динара Арслан.

Жеңілдікті қалай пайдалану керек?

  • Билет сатып алар кезде жеңілдік нөміріңізді көрсетіңіз.
  • Билетті Altyn-i мобильді қосымшасы арқылы алсаңыз, жеңілдік автоматты түрде қолданылады.
  • Билетті bilet.railways.kz сайтынан немесе ҚТЖ билеттері (Android) қосымшасынан алсаңыз, «карта нөмірі» деген жерге жеңілдік нөмірін жазу қажет.

«Ұлттық тасымалдаушы — «Жолаушылар тасымалы» АҚ арқылы жыл сайын 13,5 миллион жолаушы қатынайды, ал біздің жолаушылар үшін баға әлі шешуші фактор болып саналады. Altyn Bank-пен бірлескен ынтымақтың арқасында біз қызмет сапамызды түсірмей, жолаушыларға қаржысын үнемдеуге мүмкіндік бере аламыз», — деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Ануар Ахметжанов.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Анықтама

«Altyn Bank» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) – корпоративтік және жекелеген клиенттерге арналған өнімдер мен қызметтердің толық спектрі бар әмбебап коммерциялық банк. Банк жеке тұлғаларға Altyn-i цифрлық банкингі арқылы қызмет көрсетеді. Ал активтер мөлшері бойынша 12-орында. Сонымен қатар қазақстандық коммерциялық банктер арасында ең жоғары рейтингтерге ие (Fitch – «BBB», Moody ‘ s – «Ваа3»). Оның: Алматы, Астана, Атырау, Шымкент, Ақтау, Астанадағы халықаралық қаржылық орталығымен қоса алғанда алты филиалы бар.

ҚР АРРФР лицензиясы № 1.1.114, № 3.3.254/46 23.10.2024 ж.

“Жолаушылар тасымалы” АҚ — Қазақстан аумағы мен одан тыс жерлерде теміржол арқылы жолаушылар тасымалын қамтамасыз ететін ұлттық оператор. Компания жыл сайын 13,5 миллионнан астам адамға қызмет көрсетеді. Бүгінде компанияның жылжымалы құрам паркі – 2 212 бірлік. Оның ішінде “Тальго” вагондары, жолаушыларға арналған кәдімгі стандарт вагондар мен электр пойыздары бар. 2022 жылдан бастап компания паркті жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Соның аясында вагондардың 50%-дан астамы жаңартылды. 2030 жылға дейін тағы 1 243 жаңа вагон сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде Швейцарияның Stadler компаниясының инновациялық өнімдері мен отандық ЗИКСТО зауытының вагондары бар. Компанияның стратегиялық басымдықтарының бірі – цифрлық трансформация. Қазіргі таңда билеттердің 80%-дан астамы онлайн рәсімделеді. Ерекше сұранысқа ие сервистердің бірі – «Күту парағы». Биылдың өзінде бұл қызметті 182 мыңнан астам жолаушы пайдаланған.

 

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Астанада Solve For Tomorrow 2025 жыл сайынғы стартап байқауының финалы өтті

Келесі жаңалық

Қызылордада әлеуметтік шығындардың тиімділігі талқыланды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
Мәдениет

Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады

8 июня, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

«Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді

8 июня, 2026
Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды
Категориясыз

Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

8 июня, 2026
«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті
Категориясыз

«Қазақмыс» Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын дамытуға қолдау көрсетті

8 июня, 2026
Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы
Категориясыз

Болашақ мегаполис — Alatau City қалай салынып жатыр: Жаңа адамдардың Qala жобасы

7 июня, 2026
Кассациялық сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді қайта жұмысқа қалпына келтірді
Категориясыз

Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

6 июня, 2026
Келесі жаңалық
Қызылордада әлеуметтік шығындардың тиімділігі талқыланды

Қызылордада әлеуметтік шығындардың тиімділігі талқыланды

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Төреғали Төрәлі 10 млн теңге төлеп, бостандыққа шықты

Төреғали Төрәлі 10 млн теңге төлеп, бостандыққа шықты

3 октября, 2022
Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ермек Сағымбаевты қабылдады

20 января, 2023
Жамбылда 101 жастағы әже «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

Жамбылда 101 жастағы әже «Таза Қазақстан» акциясына үлес қосты

29 апреля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Freedom Finance ҚазТАГ-ты кешіруге дайын, бірақ тек заңға сәйкес кінәсін мойындаған жағдайда ғана.

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Qazaqstan International Balloon Festival 30 000-нан астам қонақты жинады
  • «Әділет» партиясы Астанада екінші съезін өткізеді
  • Қазақ тазысы Болоньядағы World Dog Show 2026 көрмесінде салтанатты түрде ұсынылды

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.