---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2025/08/28/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-k%d3%99siporyndar%d2%93a-arnal%d2%93an-eek-subsidiyalary-mehanizm-iske-%d2%9bosyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЕЭК СУБСИДИЯЛАРЫ: МЕХАНИЗМ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

![ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДАРҒА АРНАЛҒАН ЕЭК СУБСИДИЯЛАРЫ: МЕХАНИЗМ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2025/08/kao_2025-08-25_5.jpeg)

**«Қазақстанның Автокөлік Одағы» Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясындағы бірлескен жобаларды қаржыландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізді. Шара Алматы мен Астанада өтіп, оған мемлекеттік органдардың, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК), «Атамекен» ҰКП-ның, ҚР Мәжіліс депутаттарының, салалық қауымдастықтардың, халықаралық сарапшылардың және 200-ден астам қазақстандық компанияның өкілдері қатысты.**

Кездесудің басты тақырыбы – ЕЭК енгізген жаңа механизм. Бұл жүйе бойынша ЕАЭО елдерінің кәсіпорындары бірлескен жобаларды іске асыру үшін алған несие мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін ЕЭК бюджеті субсидиялайды. Қатысудың негізгі шарты – өнеркәсіптік кооперация: жобаға кемінде үш мүше елдің компаниялары қатысуы қажет. Бағдарламаға қатыса алатын салалардың тізімі [ЕЭК сайтында жарияланған](https://eec.eaeunion.org/upload/files/dep_prom/%D0%9F%D1%80%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D0%BD%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%BC%D0%B5%D1%85%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D0%B7%D0%BC%D0%B0_04.07.2025.pdf). Қатысушыларға алғашқы мақұлданған жобалардың мысалдары көрсетілді, олардың нәтижелері қазірдің өзінде көріне бастады.

ЕЭК-тің Өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешені жөніндегі министрі **Гоар Барсегян** бұл құралдың тиімділігін атап өтті:

*«Маңыздысы – механизм қағаз жүзінде емес, іс жүзінде жұмыс істеп тұр. Ол кәсіпорындарға жеңілдетілген қаржыландыру алуға және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді. Бүгінде қолдау алған алғашқы жобалар іске қосыла бастады».*

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі **Олжас Сапарбеков** те пікір білдірді:

*«Қаржыландыру тетігі пилоттық жобалар арқылы сынақтан өтті және енді көптеген компанияға қолжетімді. Енді басты мақсат – қазақстандық кәсіпорындар осы мүмкіндікті кеңінен пайдалануы. Механизм бизнес қойған міндеттерге қарай жетілдіріледі. Ең бастысы – жаңа өндірістерді іске қосу кәсіпорындарға қолжетімді болуы қажет. Бұл құрал осыған көмектесуі тиіс».*

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» президенті **Анар Макашева** дөңгелек үстелдің негізгі мақсатына тоқталды:

*«Қазір біздің басты міндетіміз – осы механизмнің қалай жұмыс істейтінін кәсіпорындарға түсіндіру. Қазақстаннан ұсынылған жобалар әзірге аз, көбіне ақпараттың жетіспеуінен. ЕЭК тарапынан жасалған толық түсіндірудің арқасында отандық компаниялар кооперациялық жобаларға белсендірек қатысады деп сенеміз».*

Талқылау барысында айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлерді ЕЭК өкілдері назарға алып, қарастыратын болды.

**Анықтама:**

*«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) – «Казахстанский Автомобильный Союз» заңды тұлғалар бірлестігі – 2023 жылдың 21 шілдесінде Астанада құрылған коммерциялық емес құрылым.** *

*ҚАО құрамына Қазақстандық автомобиль өндірушілер қауымдастығы; Қазақстанның автомобиль бөлшектерін өндірушілер қауымдастығы; Қазақстан импорттаушылар қауымдастығы;* *Бизнесті және кәсіпкерлікті дамыту қауымдастығы; Қоғамдық көліктер қауымдастығы;* *«**QazAutoStandard**»**автокөлік сарапшылары мен аудиторлар қауымдастығы;* *Қазақстан автодилерлер қауымдастығы**кірді.*

* *

---

Жарияланды: 2025-08-28T08:25:58+06:00

Жаңартылды: 2025-08-28T08:25:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2025/08/28/%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9b-k%d3%99siporyndar%d2%93a-arnal%d2%93an-eek-subsidiyalary-mehanizm-iske-%d2%9bosyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.