Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Категориясыз

Қызылордада әлеуметтік шығындардың тиімділігі талқыланды

admin by admin
28 августа, 2025
Қызылордада әлеуметтік шығындардың тиімділігі талқыланды

Қызылорда облысында «Әлеуметтік салаға бағытталған бюджет қаражатын тиімді пайдалану» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өтті. Іс-шараға 300-ден астам орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, облыс әкімдерінің орынбасарлары, өңірлік басқармалар басшылары, аудан әкімдері, мәслихат депутаттары, сондай-ақ әлеуметтік саясат пен қаржы саласындағы сарапшылар қатысты.

Байланысты

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

Іс-шараның мақсаты – білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, туризм және спорт салаларында мемлекеттік қаражатты ұтымды әрі нәтижелі пайдалану тетіктерін талқылау, сондай-ақ жергілікті жерлерде цифрлық шешімдерді енгізу.

Пленарлық отырысты Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев ашты. Ол оптимизацияның басты мақсаты – әлеуметтік көмектің атаулылығын және әділдігін қамтамасыз ету екенін атап өтті.

«Мемлекет әлеуметтік салаға айрықша назар аударуды жалғастыруда: республикалық бюджеттің 40%-дан астамы дәстүрлі түрде азаматтарды қолдауға бағытталады. Маңыздысы – мемлекеттік қолдау шынымен мұқтаж жандарға жетуі тиіс», – деді вице-премьер.

Іс-шара барысында Жоғары аудиторлық палата мен салалық министрліктер анықтаған әлеуметтік төлемдерді мақсатсыз пайдалану фактілері қаралды. Мысалдар ретінде:

  • заңды негізі жоқ азаматтардың жәрдемақы алуы;
  • жұмыссыздық және декреттік төлемдерді тағайындау кезіндегі алаяқтық жағдайлары;
  • Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатын стоматологиялық қызметтерге мақсатсыз пайдалану;
  • мектептегі тамақтандыру мен атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда жағдайы бар отбасыларға жеңілдіктер беру.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 429 мың жұмыссыз азамат тіркелген. Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуге Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында 127 млрд теңге қарастырылған. Алайда бұл көмекті іс жүзінде мұқтаж емес адамдар да алған жағдайлар анықталған.

Бюджет қаражатын өңірлік деңгейде пайдалану тәжірибесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірқатар төлемдер мен жеңілдіктер жергілікті мәслихаттардың шешімімен бекітілетіні және кей жағдайларда жергілікті бюджет шығыстарының едәуір артуына әкелетіні айтылды. Осыған байланысты әкімдіктерге әлеуметтік төлемдерді қайта қарау, қаражатты аз қамтылған отбасыларды атаулы қолдауға бағыттау және үнемделген қаражатты өңірдің әлеуметтік қажеттіліктерін шешуге жұмсау ұсынылды.

«Конституция кепілдік берген барлық әлеуметтік төлемдер азаматтарға толық көлемде және қысқартусыз төленеді. Оптимизация тек қана теріс пайдалану жағдайларын жоюға және әлеуметтік көмектің атаулылығын арттыруға бағытталған. Үнемделген қаражат шын мәнінде мұқтаж азаматтарға қолдауды күшейтуге мүмкіндік береді», – деді Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев.

Вице-премьер әлеуметтік шығыстарды оңтайландыру бағытында Қызылорда облысы үлкен жұмыс жүргізгенін атап өтті. Өңірде жекеменшік балабақшалар мен мектептерді қаржыландыруға, «Артспорт» бағдарламасына, гранттарға және басқа да бағыттарға бөлінген қаражатқа кешенді талдау жасалды. Нәтижесінде, тиімсіз шығыстар анықталып, шамамен 100 млрд теңге үнемделді. Үнемделген қаражат өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту мен аз қамтылған отбасыларды қолдау сияқты басым міндеттерге бағытталды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бұл тәжірибені елдің басқа өңірлерінде де қолдануға болатынын айтты. Семинарға қатысушылар Қызылорда облысының үздік тәжірибелерін жергілікті бюджет ерекшеліктері мен халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін ескере отырып бейімдеуге дайын екенін білдірді.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова орталық мемлекеттік органдардың әлеуметтік шығыстарын оңтайландырудағы нақты шаралар мен тәжірибесімен бөлісті.

«Әлеуметтік сала әрқашан мемлекет үшін негізгі басымдықтардың бірі болды және солай қала береді. Соңғы жылдары әлеуметтік шығыстар көлемі едәуір артты, әрі қарай да олардың өсу қарқынын сақтау жоспарлануда. Алайда тек қаржыландыруды сақтау жеткіліксіз, әрбір мемлекеттік қолдау шарасының тиімділігін арттыру маңызды. Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қорғау жүйесін әділеттірек әрі тиімдірек ету. 2024 жылы әлеуметтік салаға 6,1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінді, бұл қаражат барынша нәтижелі жұмыс істеп, шынымен қиын жағдайдағы отбасыларға көмек боп жетуі тиіс», – деді Светлана Жақыпова.

Семинар қорытындысында қатысушыларға халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, әсіресе конституциялық тұрғыдан кепілдік берілген әлеуметтік төлемдердің өзгермейтіні және бюджет қаражатының әділ бөлінуі туралы ақпаратты жеткізу тапсырылды.

Өз кезегінде Үкімет әлеуметтік шығыстардың атаулылығын және ашықтығын арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады. Қызылордада өткен республикалық семинарда айтылған барлық ұсыныстар мен ұсынымдар ұлттық бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу кезінде ескеріліп, орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұмысына енгізілетін болады. Басты міндет – әрбір бюджет теңгесін халық мүддесіне тиімді пайдалану.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

Altyn Bank пен Жолаушылар тасымалы саяхатшыларға 25% дейін пайда беретін карта шығарды

Келесі жаңалық

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
Категориясыз

Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр

18 мая, 2026
STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!
Категориясыз

STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

18 мая, 2026
Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр
Категориясыз

Қазақстандықтар елдің даму бағытын жоғары деңгейде оң бағалауын сақтап отыр

18 мая, 2026
Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады
Категориясыз

Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті Алматыда әлемнің жетекші сарапшыларын жинады

15 мая, 2026
АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ
Категориясыз

АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГТАРЫ РОБОТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕНІҢ КӨМЕГІМЕН ОТАЛАР ЖАСАДЫ

15 мая, 2026
Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды
Категориясыз

Alatau City Garant Түркияның жер сілкінісінен зардап шеккен аймағында мектеп салуды сақтандырды

15 мая, 2026
Келесі жаңалық
Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

Маңғыстаулық дәрігерлер мен студенттер Түркияда тегін тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады

Маңғыстаулық дәрігерлер мен студенттер Түркияда тегін тағылымдамадан өтіп, біліктілігін арттырады

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысты

Алматыда автобус бен тепловоз соқтығысты

27 апреля, 2021
4 жалған фирманы басқарған Павлодар тұрғыны сотталды

4 жалған фирманы басқарған Павлодар тұрғыны сотталды

1 декабря, 2021
Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қандай шара қолданылды

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қандай шара қолданылды

19 апреля, 2024

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.